Дәріс 1 Тыңайтқыштар және оларды пайдалану пәніне кіріспе



бет4/4
Дата08.06.2018
өлшемі179,68 Kb.
#42055
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары:

1 Микротыңайтқыштар, комплексті тыңайтқыштар.

2 Маңызы, түрлері.


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиет:
1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.

1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е

1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.

1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.

1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС
Дәріс 14-15

Органикалық тыңайтқыштар.Тыңайтқыштарды қолдану жүйелері.

Жоспар:


1 Органикалық тыңайтқыштардың маңызы.

2 Органикалық тыңайтқыштың түрлері.

Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнім алу үшін аса маңызға ие.Органикалық тыңайтқыштарға сабан,көн,құссанғырғы,өнеркәсіпқалдықтары,жасылтыңайтқыштар,бактериалды тыңайтқыштар жатады.Көң көбіне жартылай қызған кезде кез-келген ауыл шаруашылық дақылдарына,әсіресе вегетациялық өсу дәуірі ұзақ болатын және алынатын өнімі тыңайтқышқа тікелей байланысты дақылдарға беріледі.Қышқылды күлгін топырақтарда егілетін көп жылдық шөптерге көңді қолдану әкпен және фосфорлы –калийлі тыңайтқыштармен ұштастырылады,ал отамалы және дәнді дақылдарға жерді көктемде,күзде сүдігерге жыртар алдында беріледі,

Көңнің сапасы мен басты көрсеткіштерінің бірі көміртектің азотқа (C:N) қатынасы мен жалпы азот қоры болып саналады.Көң құрамындағы жалпы азоттың қоры абсолюттік құрғақ массаға есептегнде 2 проценттік көміртегінің азотқа қатынасы 20:1 –ден аспаса кез-келген дақылдарға қолдануға болады.



Сабан.Сабан құрамында орта есеппен 0,5 процент азот,0,25-Р2О5 және 0,8 процент калий бар.Көптеген шаруашылықтар мал азықтарын дайндау жоспарларын орындаған жағдайларда,шаруашылықтарда жиналған сабандар пайдаланылмай қалады.Мұндай жағдайларда оларды малға төсеніш және орылып болған егіс алқаптарына тыңайтқыштар ретінде қолданады.Ол үшін тыңайтқыш арасында сабанды (азотты,фосфорлы және сұйық тыңайтқыштар мен бірге)майдалап,топырақ бетінде бірдей тепе-теңдікте шашып тастайды.Мұның өзі топырақтағы ылғал қорын сақтауға,олардың ағып кетпеуіне физика-химиялық қасиеттерін жақсартып,су және жел эрозиясынан қорғап,құрылымын едәуір дәрежелерде жақсартуға ықпал етеді.Соныман сабанды азотты,фосфорлы тыңайтқыштар мен бірге жерді жыртар алдында енгізу көптеген алқаптарда көңнің жетіспеуіне байланысты топырақ құрылымын,құнарлығын сақтауда шешуші рөл атқарады .Сабанды әуелі қыршуышпен 5-7 м тереңдікке сіңіреді де одан әрі терең етіп жыртып тастайды.

Құс саңғырығы.Қазіргі Қазақстанның құс фабрикаларында 400 мың тонна құс саңғырығы жинақталады да,оның құрамында қоректік заттар қоры 2-2,5 мың тонна көңге бара-бар болып саналады.Бір жылда100 тауықтан 6-8 ц, үйректен 8-10 және қаздан 10- 12 ц саңғырық алынады.Олардың құрамында қоректік заттар қоры құстардың жемделуіне,түрлеріне қарай өзгеріп отырады.Құс санғырағы жаңадан дайндалған кезде азоттың формаларының ұшуы байқалмайды.Алайда сақталу мерзімі ұзарған сайын олардың жоғалуы да ұлғая бастайды.Зәр қышқылы көмір қышқылды амонийге,одан әрі көмір қышқылы амиакқа ыдырап кетеді.Сақталған көңдегі азоттың жоғалуы 1,5-2 ай ішінде 38-60 процент аралығында ауытқып тұрады.Олардың оңдап жоғалмалы болдырмау немесе біршама кеміту үшін барлық массаның ішінде 7-10 пройент ұнтақталған суперфосфат немесе 25-50 процент құрғатылған,шіріген көн араластырады.Құстың саңғырығы мен шым тезекті арнаулы қазылған бетондалған шұңқырларға салып, олардың әрбір тоннасына 50 кг фосфогибс араластырғанда құрамындағы азоттың жоғалуы 10 есе төмендеп,жағымсыз истері болмаған.Сол сияқты бастапқы санғырық құрамында ағаш үлгілерін қосқанда, азоттың жоғалу ы онша көп байқалмайды.



Бақылау сұрақтары:

1 Органикалық тыңайтқыштардың маңызы.

2 Органикалық тыңайтқыштың түрлері.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиет:

1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.

1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е

1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.

1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.

1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС




Зертханалық сабақ

Топырақты анализге әзірлеу. 1-4

Анализ үшін құрғақ топырақтан 10-30 грамнан (саз топырақтан 10-15 г, құмайт топырақтан 20-30 г ) екі өлшемдік алып, бірінен жеке бөлшектерді, екіншісінен жұмыс кезіндегі шығынды анықтайды. Карбонатсыз топырақтағы Ca , Mg иондарын кетіру үшін өлшемдіктің әр қайсысы жеке-жеке фарфор табақшаға салып, үстіне 0,05 н. Тұз қышқыл ерітіндісін қосып, бір сағат бойы шыны таяқшамен араластырып, сүзгіден өткізеді. Сүзіндінің бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Кейін сүзіндіде Са иондары байқалмайынша 0,05 н. Тұз қышқылы ерітіндісімен шаяды. Са иондары шайылғаннан кейін тұз қыщқылының артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Карбонаты топырақтардың өлшемдігінің әрқайсысына 200 мл 0,2 н тұз қышқылын қосып карбонатты бұзу қажет. Ол үшін қышқылдың 1/3 бөлігін өлшемдікке қосып, бір сағат ішінде 5-6 рет қозғап араластырып, тұндырады. Кейін тұнбаны сүзгіге ауыстырады. Сүзгіштегі тұрбаның бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Өлшемдікті екіншісіне тұз қышқылының екінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып сүзгіге ауыстырады, бұдан кейін тағы да қышқылдың үшінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып, сүзгіге ауыстырады. Кейін сүзіндіні Са иондары байқалмағанға дейін 0,05 н. тұз қышқыл ерітіндісімен шаяды. Ал өлшемдіктегі қышқылдың артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Одан әрі сүшгіштегі өлшемдіктің бірін салмағы өлшенген кептіргіш ыдысқа салып, 105 градус температурада (тұрақты салмаққа келгенше) ысытады. Өлшемдікті тұз қышқылымен өңдегенде, онда еріген заттың мөлшерін өлшемдіктің бастапқы салмағын тұз қышқылымен өңдегеннен кейінгі салмағын шегеріп табады.

Құрғақ топырақты өңдегендегі щығынның проценттік шамасын мына формула бойынша табады.

а- граммен алынған анализ кезіндегі щығын;

с- анализге алынған топырақ өлшемділігі

К- құрғақ топыраққа алынған түзету коэффциенті.

Құрғатылмаған сүзгідегі екінші топырақ өлшемдігін жуғыш көмегімен көлемі 750 миллиметрлік колбаға түсіріп, денгейін 250 миллиметрлік белгіге жеткенше үстіне дистилденген су жане 0,5-6 мл, 1 н. күйдіргіш натр ерітіндісін (мысалы, қара топырыққа 5-6 мл, қоныр топыраққа 2 мл, қызыл топыраққа 2 мл, сор, сортаң топыраққа – 2,5 мл ) қосады. Әзірленген суспензияны шыны түтік орнатылған резинка тығынмен жауып, бір сағат бойы қайнатады.

Тақырып: Азотты анықтау әдістері. 5-8
Колориметриялық әдіспен топырақтағы нитратты, Аммиакты және жалпы азотты анықтау.
Нитратты азотты анықтау. Топырақтағы нитратты азотты дистилденген сумен бөліп Грандвал-Ляж әдісі бойынша сілтілік ортада дисульфофенол қышқылын қосқанда сары түске боялатын фенолдың нитро қослыстарының түзілуіне негізделге

Жұмысты орындау. Жаңа алынған 20г топырықты 250-500мл колбаға салып, үстіне 100мл дистилденген су қосып, 2-3 минут араластырып, қатпарлы сүзгіден өткізеді.Өте таза сүзіндінің 50 миллилитрін фарфор табақшаға құйып суалтады. Құрғақ қалдық салқындағаннан кейін табақшаға 10-15 мл дистилденген су қосып, тағы да әбден араластырады. Кейін алынған ерітіндіге 20 проценттік күйдіргіш натр ертіндісін жойылмайтын сары түс пайда болғанша шыны таяқшамен араластыра отырып қосады. Одан әрі үлгі және зертелетін ерітіндіні 100 мл таза колбаға ауыстырып, үстіне белгісіне келгенше дистилденген су қосып колориметрлейді.
Есте сақтайтын нәрсе зерттелетін ерітіндінің түсі үлгі ерітіндінің бірінің түсіне сай болуы керек.
100 г құрғақ топырақтағы нитратты азоттың миллиграм мөлшерін мына формула бойынша есептейді.

Мұндағы
а-үлгі ерітіндінің титрі,


б-зерттелетін ерітіндімен салыстырылған үлгі ерітіндінің көлемі (мл)
к-колориметрдегі үлгі ерітіндінің шкала бойындағы биіктігі (мм)
л-колориметрдегі зерттелетін ерітіндінің шкала бойындағы биіктігі (мм)
н-алынған құрғақ топырақтың салмағы
0.226-HNO3 есептеуге түзету коэффицтенті.
100-100г құрғақ топырақты талдауға арналған түзету.

Тақырып: Аммиакты азотты анықтау. 9-15
Топырықта аммиакты азот (ауыспалы) иондары суда ерігіш тұздар түрінде кездеседі. Оны топырақтан 1 н.хлорлы калий ерітіндісімен бөліп колориметриялық әдіспен анықтайды. Ол әдіс Н+ иондарының Несслер реактивінде сары түске боялуына негізделген.

Ерітіндіден иондарын анықтауға иондары зиянды болғандықтан ерітіндіге сегенет тұзын ( ) қосады.


Жұмысты орындау. Жаңа алынған 20г құрғақ топырақты 250-500 мл колбаға салып, үстіне200 мл 1 н. хлорлы калий ерітіндісін құйып, 5 минуттай аралыстырып келесі күнге қалдырады. Кейін ерітіндіні араластырып хлорлы калий ерітіндісімен жуылған қатпарлы сүзгіден өткізеді. Алынған сүзіндінің 40 миллилитрге 50 миллилитрлік колбаға құйып, үстіне 2 мл сегенет тұзын және 2 мл Несслер реактивін қосып араластырады да ерітіндінің көлемін 50 миллилитрге жеткенше дистилденген су қосып араластырады. Сонымен қатар азот қышқыл аммоний тұзынан әзірленген үлгі еретіндіден колбаға 5,10,15,20 миллилитрін құйып, үстіне 40 мл дистилденген су қосып көлемін 50 мл дистилденген су 2 мл сегенет тұзын қосып араластырады, кейін үстіне дистилденген су қосып араластырады, кейін үстіне дистилденген су қосып көлемін 50 мл жеткізеді. Соңында зерттелетін ерітінді мен үлгі ерітінділерді бірге колориметрлейді. Колориметрлеу кезінде зерттелетін ерітіндінің түсі үлгі ерітінділердің түсі үлгі ерітінділердің бірінің түсіне сай болуы керек.
100г құрғақ топырықтағы аммиакты азоттың миллиграм мөлшерін мына формула бойынша табады.

Мұндағы
а-үлгі ерітіндінің титрі,


б-зерттелетін ерітіндімен салыстырылған үлгі ерітіндінің көлемі (мл)
к-колориметрдегі шкаласындағы үлгі ерітіндінің биіктігі (мл)
л-колориметр шкаласындағы зерттелетін ерітіндінің биіктігі (мл)
н-зерттеуге алынған топырақтың салмағы
0.776-азотты есептеуге арналған түзету коэффицтенті.
100-100г құрғақ топырақты талдауға арналған түзету.

Тақырыбы. Фосфорды анықтау әдістері. 16-30


Мақсаты. Әдіспен топырақтағы фосфорды анықтау.
Карбонатты топырақтардағы өсімдіктерге қажетті фосфорды әлсіз қышқылдармен бөліп алу мүмкін емес. Өйткені карбонаттар пайдаланған қышқылдарды нейтралдайды. Сондықтан бір проценттік көмір қышқыл калий не аммоний ерітіндісі қолданылады. Бұл тұз фосфорды темірдің. Алюминийдің фосфаттары және фосфордың органикалық қосылыстары түрінде ерітіндіге бөледі. Кейін фосфордың мөлшерін колориметр көмегімен анықтайды. Осы әдістің тиімділігін жан-жақты зерттеп дәлелдеген Б.П. Мачагин.
Жұмысты орындау. Көзі 1 мм електен өткізілген құрғақ топырақтан 5 г өлшеп алып, оны көлемі 200 мл колбаға салып үстіне бір проценттік 100 мл көмір қышқыл аммоний ерітіндісін қосады. Ерітіндіні 5 минуттай араластырып 20-25 сағаттай тұндырады. Кейін тағы да 5 минуттай араластырып, қатпарлы-сүзгіден өткізіп колориметрлейді. Ол үшін көлемі 50 мл колбаға мөлдір сүзіндіні ауыстарып үстіне 2 мл молибден реактивін және белгісіне жақындағанша дистилденген су қосады. Осы жұмыспен қатар үлгі ерітінді әзірлейді. Үлгі ерітіндінің 2-3 тамшы бета-динитрофенол және ерітінді солғын сары түске боялғанша бір проценттік күкірт қышқылын қосады. Кейін ерітіндіге 2 мл молибден реактивін қосып. Үстіне колбаның белгісіне жақындағанша дистилденген су қосады. Соңында зерттелетін және үлгі ерітінділерге 0,5 мл хлорлы қалайы ерітіндісін қосып, үстіне белгісіне жеткенше дистилденген су құйып, араластырып аузын тығындайды. Егер сығындыда фосфатар жеткілікті болса ерітінділерді салыстырады
100г топырақтағы P2O5 мөлшерін мына формула бойынша есептейді.

Мұндағы
а-1 мл үлгі ерітіндідегі P2O5 мөлшері (мг)


б-колориметрлеу үшін 50 мл колбаға алынған үлгі ерітіндінің көлемі (мл)
К-колориметрдегі алынған үлгі ерітіндінің деңгейі (мм)
л-колоримердегі зертелетін ерітіндінің деңгейі (мм)
н-анализге алынған ерітінді көлеміне сай келетін абсолютті құрғақ топырақтың салмағы (г).

3 Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі

1.Тыңайтқыш – топырақ құнарлылығы мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың жылдам әсер ететін құралы.

2.Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері.

3.Қоректік заттарды сіңірудің сыртқы орта жағдайларымен байланысы.

4.Тыңайтқыш және ауылшаруашылығының дақылдары өнімінің сапасы.

5.Күздік бидайды тыңайту жүйесі

6.Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қант қызылшасы өнімі мен сапасыны әсері.

7.Егіншіліктегі биологиялық азот.

8.Бұршақ тұқымдас дақылдарды тыңайту ережелері.



9.Тыңайтқышты қолданудың экономикалық тиімділігі.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет