ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
|
ПОӘК
«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)»
пәнінен оқытушыға арналған
|
_____2013 жылғы
№ 2 басылым
|
УМКД 042-16.1.37/01-2013
|
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
«Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ
2013
Кіріспе
1ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы Семей қаласындағыШәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., филол.ғ.к. Сабырбаева Р.Қ.
____________ «___» _________20__ ж.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________Ақтанова А.С.
2.2 Филология факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.
Хаттама №___ «___» ___________20__ж.
ОӘК төрағасы________________
4 «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің
Мазмұны
1 Қолданыс аясы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Жалпы ережелер
4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль)
5 СӨЖ тақырыптары
6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы
7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
8 Әдебиеттер
ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-60)» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-60)» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының типтік оқу жоспары;
- СТУ 042-РГКП-СГУ-5-2012 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: ІІ дүниежүзілік соғыс, оның әдебиеттегі гуманизм, көркем шығармадағы геройлық бейнелердің соғыс тақырыбы аясында сомдалуы; халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбек тақырыбы; соғыстан соңғы жылдардағы қаулы-қарарлар, олардың әдебиетке тигізген кесірі;40-60 жылдардағы әдеби дамудың көркемдік қырлары, т.б.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
Қазақ әдебитінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың орта тұсындағы (1941-1960) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.
3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
-ХХ ғасырдың орта тұсында жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығын назарда ұстаған жөн.
Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, 1941-60 жылдардағы әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, әдеби көкемдік тұрғыда талдату арқылы, студенттерді әдеби туындыны саралай білуге баулу.
3.4 Оқытудың нәтижесі:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің патриоттық мәнін сезінеді;
әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың 1941-60 жылдар әдебиетіндегі қолданылу ерекшелігін оқып, біледі;
ХХ ғасыр әдебиетінің ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыстан соңғы кезеңдегі дамуымен танысады;
Көркем әдебиеттегі геройлық образдардың соғыс тақырыбы аясында сомдалуының әдеби ерекшеліктерін оқып, игереді;
әдебиеттегі тарихи проза, поэма түрлерінің көркемдік өсу жолын меңгереді;
Осы кезең әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқып, біледі.
3.5 Курстың пререквизиттері:
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.
3.6 Курстың постреквизиті:
1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиеті
Қазіргі қазақ әдебиеті.
3.7 Оқу жоспарынан көшірме:
1 Кесте
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ
|
Бар
(сағ)
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
ІІІ
|
5
|
3
|
30
|
15
|
|
45
|
45
|
135
|
экзамен
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
2 Кесте
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Дәріс сабақтары
|
Модуль 1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет
|
Тақырып 1. ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыс кезіндегі әдебиет
ІІ дүниежүзілік соғыстың басталуы. Майданға шақыратын патриоттық өлеңдер. Публицистика, әңгіме, очерктер. Соғыс кезіндегі қазақ халық ақындарының өлеңдері.
ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл творчествосының алатын орны. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялық, көркемдік мәні.
Соғыс кезінде қазақ поэзиясында үгіттік куаты мол, жалынды өлеңдердің тууы. Т.Жароков «Жұлдыздай жанған Москва», «Ленин қаласы», Ә.Тәжібаев «Ленинград», Д.Әбілев «Торабында көп жолдың», Ғ.Орманов «Ел арманы», Ә.Сәрсенбаев «Туыс», т.б.
Отан қорғаушылардың патриоттық бейнесінің көрінуі және оны сомдауға бағытталған ізденістер. Поэзияда лирикалық кейіпкердің рухани әлемін бейнелеу әдіс-тәсілдерінің орныға бастауы.
Поэмалар. Нүрпейіс Байғанин «Ер туралы жыр» (1942), Қалқа Жапсарбаев «Сеңгірбаев Мұсабек» (1942-1943), Әбдіғали Сариев «Капитан Гастелло», Д.Әбілев «Майданбек» (1943), Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943) т.б. поэмалардағы соғыс және адам, Отан және ерлік тақырыптарының суреттелуі.
Қазақстан жауынгерлерінің ерлігін суреттеуге арналған өзге ұлт ақындарының шығармалары. Н.Тихонов, С.Маршак, С.Михалков, Н.Асеев, В.Инбер, С.Кирсанов, т.б. өлең-поэмалары. И.Эренбург, А.Довженко, А.Кривицкийлердің мақала-очерктері. «Волокаламск тас жолы» повесі (А.Бек).
|
1
|
Тақырып 2. Соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет (1946-1956)
Қазақстан шаруашылығы мен мәдениетіндегі үлкен бетбұрыстар. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы осы өзгерістер көрінісі. С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Сланов, Ғ.Орманов, Б.Соқпақбаев, Ә.Нұршайықов, т.б.осы кездердегі көркем және публицистикалық туындылары.
Қазақ поэзиясының дамуы. С.Мұқанов, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ж.Саин, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Д.Әбілевтердің өлең жинақтары мен таңдамалыларының жарық көруі.
Осы жылдары әдебиетке бір топ талантты ақындардың қосылуы. Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев, С. Сейітов, І.Мәмбетов, А.Шамкенов, т.б.
Қазақ прозасының даму сипаты. С.Мұқановтың «Сырдария» романы (1947), Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесі (1948), «Қарағанды» романы (1952), олардың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесінің жарық көруі. Ж.Тілеков, С.Шаймерденов, З.Қабдолов, Б. Соқпақбаев, К.Оразалин, Ә.Нұрпейісов, т.б. жас қаламгерлердің әңгіме, очерк, повесть, романдары.
|
1
|
Тақырып 3. Тарихи тақырыпқа жазылған эпикалық шығармалар.
Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романының қазақ прозасының келелі табысы ретінде бағалануы. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» атты мемуарлық шығармасы. Прозалық шығармалардың сюжеті мен композициялық құрылысындағы ізденістер, характер жасаудағы табыстар, көркемдік-шеберлік игеру жолындағы жетістіктер. Тарихи драма үлгілері. Ғ.Мүсірепов «Аманкелді», М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин», С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» атты шығармалардының көркемдік жүйесі.
|
1
|
Тақырып 4. Жамбыл Жабаев (1846-1945)
Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы. Ақынның алғашқы кездегі өлең-жырлары. Алғашқы ақындық айтыс, сөз қағысулары («Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға», «Бөлек қызбен», «Айкүміспен қағысулары», т.б.), қоғамдық, әлеуметтік өмір шындықтары туралы шығармалары («Кедей күйі», «Жылқышы», «Қуғын», «Мәнке туралы», «Зілді бұйрық», т.б.).
Жамбылдың Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтыстары. Жамбылдың айтыстағы өнері. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі. «Заман ағымы» поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.
Ұлы отан соғысымен байланысты туған шығармалары («Отан әмірі», «Қамал бұзған қаһарман», «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», т.б.)
Ақынның «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал» атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні.
«Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Ақынның халық аузындағы аңызға байланысты мотивтерді алып, оларға қоғамдық мән бере жырлауы. Дастанның көркемдігі, ондағы мифтік элементтер.
«Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы ерлік, ел қорғау мәселесі, теңдікті аңсау. Сұраншының ерлігін жастарға үлгі тұту.поэманың образдық жүйесі. Ж. Жабаев творчествосын зеттерудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері.
Халық поэзиясының даму ерекшеліктері, жанрлық құрамы мен поэтикалық жүйесі.
|
1
|
Тақырып 5. Иса Байзақов (1900-1946)
Шығармашылық өмірбаяны. Байзақов – импровизатор ақын. Ақынның алғашқы шығармалары. Поэмалары. «Құралай сұлу» (1925), «Қойшының ертегісі» (1925). Бұл 2 поэмаға тән ортақ белгілер мен дара ерекешеліктер. Халық өмірі мен жастардың әлеуметтік теңсіздік, оған қарсы күрес шындығының суреттелу жолдары.
«Алтай аясында» (1933-1934) поэмасы. Шығармадағы оқиғаның желісі. Ақынның образ жасау шеберлігі. Балағаз, Жоламан, Қаутін, Қырмызы, Құсан, Кәпік, Көбік бейнелері.
«Он бір күн, он бір түн» (1938), «Кавказ» (1939) поэмалары.
«Ақбөпе» (1940) поэмасы: тақырыбы, сюжеті.
Әмірхан, Тәуке, Ақбөпе образдарының даму, өсу жолы. Ақбөпе образының ақын творчествосындағы үлкен жетістік екендігі.
Ақын поэмаларының тіл байлығы. Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, олардың поэтикалық жүйесіндегі фольклор мотивтерінің қызметі.
|
1
|
Тақырып 6. Мұхтар Әуезов (1897-1961)
М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Жазушының шығармашылық өмірбаяны.
Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы.
Әңгімелері «Қорғансыздық күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», «Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары.
Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас түлек», «Ақ қайың», «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ қобыланды», «Түнгі сарын», т.б. Олардың тақырыптық, идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.
1930 жылдардан бастап түрлі жанрдағы шығармасында Абай образын жасауға бет бұруы. «Абай» пьесасы, «Абай жырлары» кинофильмнің сценарийі, «Абай» операсының либереттосы.
Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы (1940).
Проза жанрдағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі – «Қараш-қараш оқиғасы» (1927). Шығармадағы қазақ кедейлерінің өмірі. Повестің тарихи негізі. Бақтығұлдың шытырман тағдыры, бастан кешкен сан-қилы уақиғалары. Шығарманың халықтығы, ұлттық сипаты. Повестің тілі, суреттілігі, сюжеті мен композициясы. «Қилы заман» (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы, жанры. Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Ресейдің отаршылық саясатының қаталдығы мен сұрқиялылығы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы.
«Абай жолы» - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму зандылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесінде суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері. Әйелдер бейнесі: Зере, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шұбар, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары.
Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізгін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Образ жасаудағы ойдан шығару, оның өмір шындығына қатынасы, психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық-лирикалық, эпикалық). Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жинақтығы «Абай жолы» атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы.
М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану проблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары. Қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдалуы.
Аудармалары: Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Отеллосы», «Асауға тұсауы», Н.Погодиннің «Ақсүйектері», К.Тереневтің «Любовь Яроваясы», А.Кронның «Флот офицері», А.Тургеневтің «Дворян ұясы», т.б. Жазушы творчествосының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдік дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.
|
1
|
Модуль 2. Соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет
|
|
Тақырып 7. Сәбит Мұқанов (1900-1973)
Шығармашылық өмірі, өлеңдері. Поэмалары.
«Сұлушаш» (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, Қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік Армия», «Поэзия маршалы», т.б. Олардағы ақындық ізденіс іздері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына еңгізген жаңалығы.
Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау» (1938), «Ботагөз». Романның қазақ әдебиетінде реализм әдісі негізінде көрінген шығарма екендігі. Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, олардағы жинақтау мен даралаудағы суреттік нысана.
«Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың жанрлық сипаты, ондағы халық өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.
«Сырдария» романы (1948-1951) тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.
«Мөлдір махаббат» (1959) романы. Шығарма тақырыбың тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері. Және олардың протатиптері.
Драмалық шығармалары. «Күрес күндерінде» (1938), «Сәкен Сейфулин» (1964), «Қашқар қызы» (1978), «Шоқан Уәлиханов» (1953).
«Аққан жұлдыз» (1967, 1970) романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Ол ойдың толық жүзеге аспауы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.
Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері. «Өсу жолдарымыз», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
|
1
|
Тақырып 8. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)
Жазушының шығармашылық өмірбаяны. 20-жылдардың аяғындағы әңгімелері («Тулаған толқында», «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Үздіксіз өсу», «Бір адым ілгері, екі адым кейін», т.б.), олардың тақырыбы.
Жазушының ана туралы әңгімелері.Адамның анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ананың анасы» (1934), «Ананың арашасы» (1935), «Ана жыры». «Ашынған ана» новелласындағы ауылдағы озбыр болыстардың өктемдігі, бас бостандығы үшін күреске көтерілген қазақ әйелі – Қапия образы. «Ананың арашасы». Мұндағы азамат соғысының көріністері, романтиканың реализммен ұштасуы. Нағима. Оның ерлік әрекеттері. «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелері. Ақлиманың адамгершілік қасиеті. Наталья образы. «Ананың анасы» әңгімесі. Жазушы творчествосында ана тақырыбының алатын орны.
Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты», «Аманкелді», т.б. Драматургия саласындағы алғашқы сәтті еңбегі – «Қыз Жібек» (1934) атты музыкалық драмасы, оның кейінірек операға айналуы. Пьесада махаббат бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі.
«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) повесі. «Ұлпан» (1974) романы. ІІ дүниежүзілік соғыс тақырыбына арнап жазған «Қазақ батыры» (1945) повесі. Автордың оны «Қазақ солдаты» (1950) романына айналдыруы. Олардың айырмашылығы, өзгешілігі. Романдағы халықтар достығының, патриоттық сезімнің суреттелуі. Жауынгер өмірінің суреттері. Басты образдар. Қайырғали Сарталиев, Петр Ушаков, Владимир Толстов, Самед Абдуллаев, т.б.Романның көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары. Романдағы пейзаж, оның көркемдік қызметі.
«Оянған өлке» (1953), «Жат қолында» (1984) романдары.
Қазақстанда алғаш өндіріс орындары ашылып, қазақ кедейлерінің өндіріс жұмысшыларына айналуы. Халық өмірі, әлеуметтік тартыс көріністері. Шығарманың эпопеялық сипаты. Орыс, қазақ жұмысшыларының тұрмысы. Қарағанды шахталарындағы, Успен, Ақбұйрат мыс заводындағы жұмысшылардың өмірі, капиталистердің өзара тартысы. «Оянған өлкенің» саяси-әлеуметтік табиғаты. «Жат қолынданың» әлеуметтік-психологиялық сипаты. Өлкенің ояна бастауы. Сол кездегі қазақ ауылының өмірі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-салтының суреттелуі, ерекшеліктері. Басты образдары: Бұланай, Байжан, Байшегір, Жабай, Сейіт, Назкеш, Быковтар, Шило, т.б. Екінші топтың адамдары: Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаков, Сикорьский, т.б. Кенжеғара образының ерекшелігі, даму логикасы. Роман-дилогияның көркемдік ерекшелігі, қазақтың әдеби тілінің, көркем ойының соңғы табыстарын орынды пайдалануы. Әр оқиғаны, табиғат суреттері мен адамның ой толғаныстарын, қарым-қатынастарын суреттеудегі шеберлігі, тілі. Ғ.Мүсрепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.
|
1
|
Тақырып 9. Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы
Тақырып 10 Ғали Орманов (1907-1978)
Ғали Орманов өмірі мен шығармашылығының басты кезеңдерінен мәлімет. Ақынның творчестволық сапары қысқа лирикалық өлеңдер жазудан басталған. Жаңарған ауыл, өзгерген дала, туған жер, адамдардың ойы мен арманы, олардың жаңа қарым-қатынастары Ғали шығармаларының негізгі тақырыбы болды.
1927-1928 жылдары жазылған «Қора», «Дихамбай», «Мойын Серік» сияқты өлеңдерінде жаңарған өмірде, кедей шаруалардың жер бөлісіп, ұйымдасып, серіктесіп еңбек етуін суреттеді. Ғали атын жұршылыққа молынан танытқан «Шеңбер» атты өлеңі. Қысқа сюжетке құрылып, көркем жазылған «Алғашқы адым», «Жолда», «Кітап», т.б. өлеңдері, олардағы лиризм.
1930 жылдардан бастап эпикалық жанрда да еңбектенді. Жаңарған ауылдың өткендегі ауыр халі мен бүгінгі тұрмысын көрсету ниетімен «Шәуілдір» атты ұзақ поэма жазды. Оның кемшіліктері өмір құбылыстарын таңдап, талғауы мен жинақтауындағы шығармашылық белсенділіктің жетіспеушілігі еді. Челюскиншілердің ерлік сапарына арналып жазылған «Алынған қамал» поэмасы. Бірсыпыра өлеңдерінде ерлікті, батырлықты мадақтап, майдан уақытындағы тылдағы еңбекті көрсетсе («Батыр ініме», «Мәлік», «Жар жалауы», т.б.), ал «Ана әңгімесі» деген ұзақ өлеңінде ақын жас баланың ақыл-ойына сыйымды етіп ертегі мен әңгіме үлгісінде неміс фашистерінің басқыншылық әрекетін әшкереледі.
Соғыстан кейін еңбек тақырыбын жырлауы («Днепр оттары», «Қорада», «Батпақ дала дастаны», «Егін-толқын»). Халықтар достығы мен бейбітшілік тақырыбына көптеген өлеңдерін арнауы («Доллар тағдыры», «Достық жыры», «Асқанға тосқан», т.б.).
Ғ.Ормановтың очерк, әңгімелері («Қаратаудың Қамбары»), «Жол», «Механик ойы», «Жүрек», «Алыстағы ауылда», т.б. Аудармалар: Л.Толстойдың «Анна Каренина», М.Бубенцовтың «Аққайың» романдарын, Н.В.Гогольдың «Нева проспектісі» повесі.
|
1
|
Тақырып 11. Тайыр Жароков (1908-1965)
Т.Жароковтың шығармалық өмірбаяны.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Күлімдейді күміс күн де», «Алтын дән», (1927), «Аэроплан» (1928), «Қордай» (1930), «Каспий» (1930).
Ақынның эпикалық көлемді шығармалары. Бұл жолдағы кейбір сәтсіздіктері. «Коммунизм таңында» (1930), «Нефтьстан» (1932), «Мұз тұтқыны» (1935), «Нарын» (1937- 1940), «Тасқын» (1937), «Жапанды орман жаңғыртты» (1949) поэмаларының идеялық мазмұны. «Қырда туған құрыш» (1954), «Құмдағы дауыл» (1958), «Тасқынға тосқын» (1965) поэмалары.
Т. Жароковтың шығармашылығындағы үлкен орыны бар кезең 1941-1945 жылғы ІІ дүниежүзілік соғыс. Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ ақындарының алдыңғы сапында поэзия алдында тұрған ірі мәселелерді шешу жолында аянбай еңбектенуі.
Қазақ поэзиясының 30-40 жылдарында ақын шығармашылығының орны ерекше. Қаламгер ел өміріндегі саяси әлеуметтік мәні бар ірі уақиғаларға поэма, дастандар арнап, өлеңдер жазып отырған. Әдеби сында жиі көтерілген жаңа ырғақ, пішін табу жолындағы ізденістерде де Т.Жароковтың үлесі мол.
Т.Жароков шығармашылығында «Тасқын», «Тасқынға тосқын» поэмалары айрықша орын алды. Саяси және көркем идеялардың ақын шығармашылығындағы шарпысуының нақты көрінісі іспеттес.
Т.Жароков көптеген эпикалық дастандар жазған қаламгер. «Орда уақиғалары», «Балабас», «Мұз мұхит аңызы», «Нарын», «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырдан туған құрыш», «Құмдағы дауыл».
Қаламгер поэмаларында халық пен жеке адам кеңестік уақыт өлшемдерінде сабақтастықта бейнеленеді. Ақынның адам тағдырына гөрі, халық тағдырына ден қоя жырлайтыны бар. Ақын шығармашылығында «Кавказ жырлары» деп аталатын шоғыр өлеңдердің орны, поэтикасы бөлек.
Пушкин, Лермантов, Некрасов, Маяковский, Ш.Руставелли, Т.Шевченко, С.Грибоедов, М.Аллигер, Н.Хикмет, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударуы. Ақындық шығармашылығына қорытынды.
|
1
|
Тақырып 12. Хамза Есенжанов (1908-1974)
Көрнекті қазақ жазушысы Хамза Есенжановтың өмірі және шығармашылық жолы. Шығармашылық іске көңіл қоя араласып, алғашқы әңгімелері жарық көргеннен кейін, көп кешікпей 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Он жеті жылдай қамауда болғаннан кейін де, біраз уақыт қуғында (жер аударуды) өткізеді. Саяси жүйе қытымырлығы мен туған жерден алыста жолсыз жаза көрген ақылды, білімді адам көкірегін кернеген ойлар мен сезімдер, қаламгердің рухани әлемінде қатпар-қатпар қыртысты қабаттардай қордаланады. Тұңғиық сырға айналады. Х.Есенжанов көңілінде жатталып, көкейінде тұрған сыр осылар болатын. Қаламгер шығармаларында соны жазды.
«Ақ Жайық» эпопеясы мен «Көп жыл өткен соң» романдар циклы, «Ағайынды Жүнісовтер» романы қаламгердің халқы алдындағы парызы, ерлігі. Романда Батыс Қазақстанның (1917 жылдан басталатын сансыз дүрбелеңдерге ерте араласқан қарулы шайқастар мен майдандар төріне айналған елдің) қилы тарихы мен тағдыры, тас-талқан болған адамдар тірлігінің алуан-алуан бейнесі бар. Шығарма өзегіндегі авторлық идея да өзгеріске ұшырады. Әсіресе, «Жүнісовтер трагедиясы» романында колхозға біріктіру науқаны мен соның салқыны, аштық жылдарының суреттері шынайы бейнеленеді. Романның оқырманға жетуінің (1970 жылы «Жұлдызда» журналдық нұсқасы жарық көрген) ұзаққа созылуы, толық нұсқасының 1987 жылы жарық көруі сондықтан. Х.Есенжановтың романдары уақыт пен кеңістік өлшемдеріндегі ұлан- ғайыр көркем образдарға негізделетін, айтары мол, астары бар, сырлы әлемдер. Эпикалық өлшемдегі уақиғаларды үндестіру, суреттеу барысындағы қаламгердің қазақ романистикасына қосқан үлесі де аз емес.
Х. Есенжанов шығармашылық қызметінің ірі саласы аударма. Тургенев пен Шолохов романдарының қазақша сөйлеуінде қалагер үлесі зор.
|
1
|
Тақырып 13. Қасым Аманжолов (1911-1955)
Шығармашылық өмірбаяны. Шығармашылығының алғашқы кезеңінде Қ.Аманжолов саяси-әлеуметтік тақырыптарға, ел өмірінде өтіп жатқан ірі уақиғаларға, халық тұрмысындағы жаналықтар мен өзгерістерге арнап көптеген өлеңдер жазған.
Ақын өмірінің Орал кезеңінің (Оралда тұрған жылдары) – шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден, лирикалық кейіпкердің ішкі әлемі мен сезім сырларын, ойларын бейунелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.
Тұнғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері «Өмір сыры» (1938).
Соғыстан кейінгі жылдардағы өлеңдері. 1955-1956 жылдары ақынның 3-томдық «Шығармаларының толық жинағының» шығарылуы. Шығармаларының 4-томдық жинағы (1977-1980).
Қасым Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға сол қыз», «Қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз», т.б.
Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-1944), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).
Қ.Аманжоловтың ақындық әлемі. Оның шығармашылығындағы соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім суреттері. Шығармаларындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік. Геройлық және трагедиялық пафос. Ой мен сезім. Мазмұн тереңдігі мен түр жарастығы.
Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
|
1
|
Тәжірибелік (семинар) сабақтар
|
|
Тақырып 1. ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыс кезіндегі әдебиет (1941-1945)
ІІ дүниежүзілік соғыс, оның басталуы мен аяқталуы, қысқаша тарихы.
Соғыс және оның әдебиет тектерінің шағын түрлерінде суреттелуі.
Әдебиеттегі патриотизм, ерлік, Отан қорғау тақырыбының үгіттік, дидактикалық сипаттары.
Поэзиядағы Отан қорғаушы патриоттардың лирикалық, эпикалық образдарының әдеби- көркем бейнелерінің тууы.
Соғыс кезіндегі халық поэзиясы.
Соғыс кезіндегі эпикалық поэмалар.
Қазақстан жауынгерлерінің ерлігін суреттеген өзге ұлт қаламгерлерінің шығармаларына шолу.
Соғыс тақырыбының әдебиет тектерінің барлық түрлерінде әдеби- көркемдік тұрғыда кең көлемде суреттеле бастауы.
Әдебиеттегі соғыс және адам әлемінің романтикалық, дәстүрлі фолькорлық және реалистік әдіс-тәсілдер аясында бейнеленуі.
Соғыс кезіндегі әдеби туындылар мен олардың авторларының соғыс кезіндегі шығармашылық өмір жолдарына шолу.
|
1
|
Тақырып 2. Соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет (1946-1956)
Соғыстан соңғы жылдар әдебиетіндегі халық шаруашылығын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы, еңбек адамы,т.б. тақырыптардың тууы.
Осы кезендегі саяси-идеологиялық қаулы-қарарлар, олардың әдебиеттің көркемдік дамуына тигізген кері әсері.
Соғыс, тыл еңбеккерлерінің өмірі, соғыс зардабының адам жанына салған жарасы сынды тақырыптардың кең тынысты эпикалық туындыларға арқау бола бастауы.
Майдангер қаламгерлер шығармашылығы.
Әдебиеттің жаңа дарынды қаламгерлермен толығуы, олардың шығармашылықтарына шолу.
Осы кезеңдегі поэзия, проза, драматургия, әдеби сынға шолу.
|
1
|
Тақырып 3. Тарихи тақырыпқа жазылған эпикалық шығармалар
1942-1970 жылдарда жазылған тарихи тақырыптағы эпикалық шығармаларға шолу.
«Абай» (1942) романы, «Абай жолы» роман-эпопеясы, оның тарихи мәні.
С.Мұқановтың «Өмір мектебі» мемуары.
Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы.
Тарихи драматургия, олардың тақырып аясы, идея тереңдігі, жанрлық, стильдік қырлары.
|
1
|
Тақырып 4. Ж.Жабаевтың (1846-1945) өмірі мен шығармашылығы
Лирикасы
2. Поэмалары.
Айтыстары.
|
1
|
Тақырып 5. Иса Байзақов (1900-1946)
Ақынның шығармашылық ғұмырбаяны.
Фольклорлық дәстүр және ақын поэмалары.
«Құралай сұлу», «Алтай аясында», «Он бір күн, он бір түн», «Ақбөпе» поэмаларындағы компазициялық құрылым, образдар жүйесі.
Ақын поэмаларындаҚаламгердің ғұмырбаяны.
|
1
|
Тақырып 6. Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Қаламгердің ғұмырбаяны.
1917-1930 жылдардағы туындылары, олардың көркемдік кестесі.
Кеңес тақырыбы, социалистік реализм және М.Әуезовтің 1932 жылдан соңғы шығармалары.
М.Әуезовтің публицистика және әдеби сын саласындағы еңбектері.
Әдебиеттану ғылымы және М.Әуезовтың ғылыми зерттеу еңбектері.
«Абай жолы»- тарихи эпопея. Шығармадағы ел тарихы, образдар жүйесі, тіл байлығы, көркемдік- эстетикалық нәрі, т.б.
М.Әуезовтің аудармалары.
М.Әуезовтің драматургиясы.
М.Әуезов туындыларындағы соғыс тақырыбының суреттелуі («Намыс гвардиясы», «Қынаптан қылыш»,т.б.)
М.Әуезов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы алар орны, тарихи-әдеби мән- маңызы.
|
2
|
Тақырып 7. Сәбит Мұқанов (1900-1973)
Қаламгердің шығармашылық өмір жолы.
Өлеңдері мен «Сұлушаш» поэмасы.
«Ботагөз» романы, ондағы заман суреттері, образдар жүйесі, көркемдік тіл кестесі.
Эпикалық туындылары.
Қаламгердің драматургиясы.
Әдебиеттану саласындағы зерттеу еңбектері («Жарқын жұлдыздар», т.б.) мен оқулықтары.
Әдебиет тарихында алар орны.
|
1
|
Тақырып 8. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)
Жазушының қаламгерлік ғұмырбаяны.
Әңгімелері мен новеллалары.
Ана тақырыбы- жазушы шығармаларында.
«Кездеспей кеткен бір бейне» повесі мен «Ұлпан», «Қазақ солдаты» романдары.
«Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Аманкелді» драмалары.
Әдеби сын, публицистикалық еңбектері.
|
2
|
Тақырып 9. Ғабиден Мұстафин (1902-1985)
Қаламгердің шығармашылық өмір жолы.
Әңгімелері, олардың тақырыптары мен идеясы.
«Миллионер», «Қарағанды» романдары, олардың тақырыптары мен идеясы.
«Дауылдан кейін» романындағы тарихи дәуір бейнесі.
«Көз көрген» мемуарлық трилогиясы.
«Ой әуендері» жинағындағы өнер табиғаты туралы әдеби- эстетикалық толғаныстары.
|
1
|
Тақырып 10. Ғали Орманов өмірі мен шығармашылығы (1907-1978)
Өмірдеректері.
Сыршыл лирикасы.
Поэзиясындағы соғыс тақырыбы.
|
1
|
Тақырып 11. Тайыр Жароков өмірі мен шығармашылығы (1908-1965)
1.Тайыр Жароков өмірі мен шығармашылығы
2. Ақын поэмаларының идеясы мен сюжеттері
3. Ақын поэмаларындағы тілдік, көркемдік қолданыстар
4.Ақынның сұрапыл соғыс жылдарында жазылған өлеңдері
|
1
|
Тақырып 12. Хамза Есенжанов өмірі мен шығармашылығы (1908-1974)
Өмір деректері.
«Ақ Жайық» романындағы кезең шындығы.
Прозасындағы заман және адам мәселесі.
|
1
|
Тақырып 13. Қасым Аманжолов (1911-1955)
Ақынның шығармашылық ғұмыр жолы.
Заман тынысы және оның Қ.Аманжолов туындыларындағы суреттелу ерекшелігі.
Заман және адамның ішкі әлемін суреттеудегі ақын шеберлігі.
Ақын шығармашылығындағы соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім, ерлік, елдік, махаббат, ғашықтық тақырыптарының көркемдік тіл айшықтары.
Ақын жырларындағы ой мен сезім, мазмұны мен түр жарастығы, көркемдік тіл кестесінің лексикалық байлығы, әдеби көркемдеу құралдарын қолданудағы ақын шеберлігі.
Қ.Аманжоловтың аудармалары.
Шығармаларындағы ұлттық нақыш, поэтикалық дәстүр жалғастығы және ақындық тың айшықтар, яки ақын поэтикасындағы дәстүр мен жаңашылдық.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.
Қ.Аманжолов поэтикасының қазақ әдебиеті тарихы мен теориясындағы алар орны.
|
1
|
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Тарихи тақырыпқа жазылған эпикалық шығармалар. Бұл тақырып
бойынша тарихи- әдеби сараптама жазылады.
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасындағы фольклорлық дәстүр
мен көркемдік тіл байлығы.
М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін мақал-
мәтелдерді теріп жазып алып, олардың мәтіндегі қызметін түсіндіріп жаз (кемінде 30- мақал-мәтел).
С. Мұқановтың «Жарқын жұлдыздар» монографиясының Шоқан
Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған тарауындағы тарихи, ғылыми терминдерге ғылыми сараптама жазу (кемінде 20 ғылыми термин).
Баубек Бұлқышев, Абдолла Жұмағалиев. Бұл тақырып бойынша
Б.Бұлқышевтің студент таңдауымен алынған бір мақала- очеркіне идеялық, композициялық талдау жасалады және А.Жұмағалиевтің бір өлеңін жатқа айту талап етіледі.
Жұмағали Сани, Зейін Шашкин. Ақын мен жазушының
туындыларына қысқаша әдеби шолу жазылады.
Ғабдол Сланов, Мәлік Ғабдуллин. Бұл тақырып бойынша да өзара
сұрақ-жауап, пікірталас жүргізіледі.
Ғали Орманов, Әбу Сәрсенбаев. Бұл тақырып бойынша да өзара
сұрақ-жауап, пікірталас жүргізіледі.
Жамбыл Жабаев. Бұл тақырып бойынша идеялық-көркемдік
пікірсайыс өткізіледі.
Иса Байзақов. Бұл тақырып бойынша әдеби, тілдік, тарихи, көркемдік
талдау рефарат жазылады.
Мұхтар Әуезов. Бұл тақырып бойынша тестілік бақылау жүргізіледі.
Сәбит Мұқанов. Бұл тақырып бойынша тестілік бақылау жүргізіледі.
Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының кейіпкерлері
студенттерге алдын ала бөлініп беріледі, пьесадан үзінді қойылымдар даярланады.
Ғабиден Мұстафиннің романдары бойынша әдеби-теориялық талдау
жазылады.
Тайыр Жароковтың «Тасқын», «Тасқынға тосқын» поэмаларына
әдеби- тілдік сараптама жазылады.
Хамза Есенжанов. Бұл тақырып бойынша жазушының «Ақ Жайық»,
«Ағайынды Жүнісовтер» романдарына тарихи-әдеби талдау жазылады.
Қасым Аманжолов. Бұл тақырып бойынша әдеби-көркемдік сараптама
жазылады.
6. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте
Тақырыбы
|
Көрнекі құралдар, плакаттар, лабораториялық стендтер
|
Өз бетімен дайындалу сұрақтары
|
Бақылау түрі
|
Дәріс сабақ
|
Семинар сабақ
|
Лабораториялық сабақ
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыс кезіндегі әдебиет (1941-1945)
|
ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыс кезіндегі әдебиет (1941-1945)
|
|
Кітап көрмесі, портрет, бейнетаспа
|
Зерттеу еңбектермен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
Соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет (1946-1956)
|
Соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет (1946-1956)
|
|
Бейнетаспа, альбом, портреттер, суреттер
|
Көркем шығармалармен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
Тарихи тақырыпқа жазылған эпикалық шығармалар
|
Тарихи тақырыпқа жазылған эпикалық шығармалар
|
|
Альбомдар, кестелер, суреттер
|
Көркем шығармалармен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
Жамбыл Жабаев шығармашылығы
|
Жамбыл Жабаев шығармашылығы
|
|
Баспасөз материалдар, кітаптар, қималар
|
Лирикалық шығармалармен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
Иса Байзақов шығармашылығы
|
Иса Байзақов шығармашылығы
|
|
Кітаптар, кесте, бейнетаспалар
|
Дастандары мен айтыс-өлеңдерін оқу
|
Жазбаша, ауызша
|
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
|
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
|
|
Альбомдар, суреттер, сызба нұсқа, үлестірмелі карточка
|
«Абай жолыр» эпопеясыноқу.
|
Жазбаша, ауызша
|
Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы
|
Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы
|
|
бақылау тапсырмалары
|
Көркем шығармалар оқу
|
Жазбаша
|
Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы
|
Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы
|
|
Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар
|
Туындыларындағы ана образының галереясы
|
Жазбаша, ауызша
|
Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы
|
Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы
|
|
үлестірме каточка, сызба нұсқа, кестелер, теориялық зерттеулер
|
Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
Ғали Орманов өмірі мен шығармашылығы
|
Ғали Орманов өмірі мен шығармашылығы
|
|
Альбомдар, суреттер, баспасөз материалдары
|
Поэмаларын оқу
|
Жазбаша, ауызша
|
Тайыр Жароков өмірі мен шығармашылығы
|
Тайыр Жароков өмірі мен шығармашылығы
|
|
Зерттеу еңбектері, сызба нұсқа, үлестірме каточка
|
Поэмаларын оқу
|
Жазбаша, ауызша
|
Хамза Есенжанов өмірі мен шығармашылығы
|
Хамза Есенжанов өмірі мен шығармашылығы
|
|
Суреттер, дыбыс таспалар, кесте
|
«Ақ Жайық» романын оқып, әдеби талдау жасау
|
Жазбаша, ауызша
|
Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
|
Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
|
|
Бейнетаспалар, сызба нұсқа, үлестірмелі карочка
|
Поэзиялық шығ. оқу, жаттау
|
Жазбаша, ауызша
|
7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Базарбаев М. Таңдамалы. Т.2. Көрікті ойдан - көркем сөз. Нұра-Астана,
2009.- 351 б.
|
15
|
|
100%
|
Қазіргі қазақ әдебиеті: оқулық / Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет, Р.Тұрысбек, - Алматы: Дәуір, 2012.- 215 б.
|
20
|
|
100%
|
Міркемелұлы, С.
Қанаты қырқылған қырандар: Әдеби естеліктер / С. Міркемелұлы.- Алматы:
Білім, 2008.- 335б.
|
5
|
|
100%
|
Сарбалаұлы, Б.
Жиырма бес: 1-ші том: Әдеби эссе, сын мақалалар / Б. Сарбалаұлы.- Алматы: АнАрыс, 2008.- 276 б.
|
5
|
|
100%
|
Кәкішев, Т. Шығармалары. 1-т. Саңлақтар / Т. Кәкішев.- Алматы: Анатілі, 2007.- 335 б.
|
5
|
|
100%
|
ӘуезовМ. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 41-том. Мақалалар, зерттеулер 1952-1961 Алматы: Жібекжолы, 2009.- 287б.
|
2
|
|
100%
|
Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таңы.- Алматы: Арыс, 2009.- 499 б.
|
3
|
|
100%
|
Елеукенов Ш. Әдебиет - тәуелсіздік қаруы: бүгінгі сөз өнері: өрісі мен өресі. - Алматы: Баспалар Үйі, 2009.- 468 б.
|
3
|
|
100%
|
Бейісқұлов Т. Бес томдық жинағы.Т.1./ Т. Бейісқұлов.- Алматы: 2008.- 510 б.
|
5
|
|
100%
|
Ахметов З. Таңдамалы. Т.1 / З. Ахметов; Құраст. Оразбек М., Закиұлы М.- Алматы: Ана тілі, 2008.- 279б.
|
3
|
2
|
100%
|
8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Ахметов, З. Таңдамалы. Т.1 / З. Ахметов; Құраст. Оразбек М., Закиұлы М.-
Алматы: Ана тілі, 2008.- 279б.-
8.1.2 Әуезов, М. Шығармаларыныңелутомдықтолықжинағы. 41-том.
Мақалалар, зерттеулер 1952-1961 / М. Әуезов; М.О. Әуезоватынд. Әдебиет
және өнер ин-ты.- Алматы: Жібекжолы, 2009.- 287б.
8.1.3 Базарбаев М. Таңдамалы. Т.2. Көрікті ойдан - көркем сөз. Нұра-Астана,
2009.- 351 б.
8.1.4 Бейісқұлов, Т. Бес томдық жинағы.Т.1./ Т. Бейісқұлов.- Алматы: 2008.- 510
б.
8.1.5 Елеукенов Ш. Әдебиет - тәуелсіздік қаруы: бүгінгі сөз өнері: өрісі мен
өресі. -Алматы: Баспалар Үйі, 2009.- 468 б.
8.1 .6 Кәкішев, Т. Шығармалары. 1-т. Саңлақтар / Т. Кәкішев.- Алматы: Анатілі,
2007.- 335 б.
8.1. 7 Қазіргі қазақ әдебиеті: оқулық / Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет,
Р.Тұрысбек, - Алматы: Дәуір, 2012.- 215 б.
8.1.8 Міркемелұлы С. Қанаты қырқылған қырандар: Әдеби естеліктер.-
Алматы: Білім, 2008.- 335б.
8.1.9 Сарбалаұлы Б. Жиырма бес: 1-ші том: Әдеби эссе, сын мақалалар
Алматы: АнАрыс, 2008.- 276 б.- (Наркескен).
8.1.10 Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таңы.- Алматы: Арыс, 2009.- 499 б. 8.2 Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Әуезов М. Абай жолы. 1-4ші кітап: роман- эпопея / М. Әуезов.- Алматы:
Жазушы, 2009.- 375 б.- (Қазақстан 100 романы).
8.2.2 Жұмабек С. Таңдамалы шығармалары: 1-ші том. - Алматы: АнАрыс,
2008.- 287 б.
8.2.3 Мәмет С. Абай бол, қазақ: Сыр-сұхбат және публицистикалық ой-
толғамдар.- Алматы: Қайнар, 2008.- 231 б
8.2.4 Махат Д. Тіл мен діл тағдыры: тарихы деректер, уақыт бедері және ақиқат.
-Астана: Ана тілі - Ата тарих, 2007.- 192б.
8.2.5 Сыдықов Т. Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі. Зерттеулер, портреттер. -
Алматы: Арда, 2009.- 479б.
Достарыңызбен бөлісу: |