Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Шығарманың идеясы : баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы.
Шығарманың тақырыбы:адамгершілік мәселесі
Композициялық талдау: 1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
3. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
4. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт
5. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария
Кейіпкерлері: Ерғабыл қарт -ауыл тұрғыны, көп сөйлемейтін, қарапайым жан
Сапабек (ұлы)- қала тұрғыны, географ, оқыған, өзімшіл, көп сөйлегіш
Тома(келіні) - Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс (немересі)- Сапабек пен Томаның баласы,қазақша білмейді,ешкімге өзінді ұстатқызбайды,аяқ қолы шидей. Аспандияр (әнші жігіт)
Төлен Әбдіков «Оң қол»
Шығарманың идеясы :Алманың өзінің жалғыз сезінуі, бір тұлғаның бойындағы біріне-бір жат жау екі сананың өмір сүруі
Шығарманың тақырыбы: адамзат мәселесі
Композициялық талдау: 1. Әңгіменің басталуы –Психиатриялық аурухананың пейзажы
2. Байланысуы – Ауруханадағы 17 жасар Алманың тағдыры
3. Шиеленісуі – Алма мен дәрігердің тіл табысуы, Алманың дәрігерге ашулыу
4. Шарықтау шегі – Алманың қолы өзіне бағынбауы, дәрігердің ампутация туралы ойлары
5. Шешімі – Алманың өлімі, дәрігердің өзінің оң қолына үйрейлене қарауы
Кейіпкерлері:
Алма- 17 жасар қыз, бұйралау кекілі бар, өзінің дертінен қатты қорқады.
Аурухана дәрігері- психиатриялық аурухананың дәрігері, Алманы түсініп, дос бола алған адам
Алманың анасы – қызы үшін қорыққан ана
Милиционер- қалқанқұлақ милиционер, портфелі бар