ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік унивеситеті
Тарих, Экономика және Құқық факультеті
Қазақстан тарихы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
«Дешті Қыпшақ»
Хайрушева Карина
5В011400
Курсы 2 , топ И(о)-16к
Оқу түрі: күндізгі
Жетекшісі: Картова Зауре Кенесовна
Петропавл, 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1
І. Қыпшақтар тарихының зерттелуі 5
1.1. Қыпшақтардың тарихы туралы зерттеулер 6
1.2. Көрші елдермен байланысы және дүниежүзілік дамудағы орны туралы зерттеулер 7
ІІ. Қыпшақтар:саяси-экономикалық дамуы 2
2.1. Қыпшақтардың этникалық құрамы мен саяси тарихы 3
2.2. Қыпшақ қоғамының экономикалық-әлеуметтік дамуы 4
ҚОРЫТЫНДЫ 8
Пайдаланылған әдебиеттер 9
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Олардың гуманитарлық саладағы бірі – халықтың өзін-өзі рухани жаңартуы. Халықтың өзінің жаңа рухани жолын, рухани қуаты мен мүмкіндіктерін сезінуі, түпкі мақсат-мүддесінің бір екенін түсінудің мәні өте зор. Ұлттың өзін-өзі тануын өз халқы туралы, оның сол қоғамдағы ұлттық қатынастар жүйесіндегі орнын, әлемдік өркениетке қосқан тарихи үлесін тану деп түсінеміз.
ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтардың Еділден батысқа қарай бағыттағы қозғалысы басталды, ал ол болса өз кезегінде, қыпшақтардың Шығыс Еуропа тайпаларымен; Русь, Византия және басқа елдермен қарым-қатынасқа түсуіне әкелді. Олар Балқан түбегінен Қытайға дейінгі, Египет пен Үнді жерінен, орыс жерлері мен Сібірге дейінгі территориялардың кең ауқымды бөлігіндегі дүниежүзілік маңызға ие оқиғалардың бәріне, саяси-этникалық өзгерістерге ықпалын тигізді. Қыпшақтар әсері тиген елдердің жазба тарихында әртүрлі атаумен кездеседі, мысалы: орыс жерлерінде оларды – половецтер, Византия мен Венгрияда – командар, ал түркі тілдес тайпалар арасында – қыпшақтар деп аталады.
ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген қыпшақ тайпалары қазақ халқына антропологиялық келбет, қазақ тілінің негізі болып табылатын - әдеби қыпшақ тілін қалыптастырады. Сонымен қатар, қыпшақтардың үстемдік еткен кезеңі – қазақ халқының халық болып қалыптасуында маңызды этаптардың бірі болуымен қатар, сол кезеңдегі көптеген халықтардың этногенезінде терең із қалдырды. Қазіргі күнде өмір сүріп отырған көптеген түркі тілдес халықтардың, атап айтқанда: татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың, башқұрттардың, қарақалпақтардың, қазақтардың және тағы басқа түрік халықтарының халық ретінде тарих сахнасына шығуына бастау болды.
Сондықтан, ХІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген, қыпшақтардың тарихы мен тарихнамасын жан-жақты саралау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарында екені даусыз.
Тарихнамасы. Орыс тарихшыларының түрік тайпаларын зерттей бастауы ХҮІІІ ғ. соңына жатады. Бұл кезеңде В.Н.Татищев, М.И.Карамзин, С.М.Соловьев, В.Т.Василевский, Н.А.Аристов, П.В.Голубовскийлердің еңбектері баршылық. Бірақ та олар түркі халықтарының тарихын тікелей Киев Русінің тарихымен байланыстыра қарады. Тек М.Карамзин қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысын қарастырды [1].
Қазақстанның ортағасырларындағы қыпшақ тарихы лингвист, археолог, этнограф ғалымдардың сүбелі еңбектерінің арқасында қыпшақ тарихының кейбір мәселелері айқындала бастады деуге болады. Мәселен, А.Х.Марғұлан, А.Н.Кононов, Л.П.Потапов. Н.А.Баскаков, С.Г.Ағаджанов, Р.Г.Кузеев, Ю.А.Зуев және т.б.
Әсіресе, қыпшақ тарихына қатысты деректерді талдап, оларды алғаш рет ғылыми айналымға енгізген В.В.Бартольдтің қыпшақтануға қосқан үлесі зор. Ол қыпшақтарға байланысты бұрын қолданылмаған Гардизидің «Зайн ал-ахбар», «Худуд ал-алам» және т.б. деректерді аударып, ортағасырлық Қазақстан тарихына үлкен үлес қосты [2].
Қазақстанның ортағасырлық тарихы саласында В.В.Бартольдтың ісін тікелей жалғастырушылардың бірі, қең ауқымдағы зерттеуші, күрделі теориялық проблемалардың шешімін қарастырған А.Н.Бернштам болды. Оның археолог, этнограф және тарихшы ретіндегі еңбегі зор [3].
М.Тынышбаев өзінің «Қазақ халқының тарихы» деген еңбегінде қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеалогиясы қысқаша баяндалып, тарихи түсініктемелер жасалған. Қыпшақтарды ол орта жүзге кіргізіп, оның ІХ-ХҮ ғ. дүние тарихына қысқаша тоқталып өткен [4].
Қазақстанның тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан С.П.Толстовтың ғылыми еңбектері біз қарастырып отырған мәселеге құнды пікірлер мен тұжырымдар береді. Әсіресе, Хорезм экспедициясына қатысып оның археологиялық, этнографиялық еңбегі көрші Қазақстан үшін де маңызы жоғары. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта Азия халықтары мәдениетінің ертедегі және ерекше бастауларын анықтауға мүмкіндік береді [5].
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың алған орнын, олардың саяси әлеуметтік құрылымын, шаруашылығы мен наным-сенімдерін көптеген араб, парсы, түркі, орыс деректерінің негізінде кешенді зерттеген бірден бір ғалым Сержан Мұсатайұлы Ақынжанов. Оның зерттеу еңбегінің құндылығын көптеген ғалымдар жоғары бағалады. Ол түрлі деректерді, зерттеулерді пайдалана отырып, алғаш рет ХІІІ-ХІІІ ғ.ғ. Хорезмдегі хорезмшахтар мен қыпшақ хандарының қарым-қатынастарына тарихи талдау жасаған зерттеуші С.Ақынжанов өз еңбегін Кеңес өкіметі тұсында жазса да, ол қыпшақтардың Руске ықпалын жасырмады және қыпшақтарды қазақ халқының этногенезіндегі негізгі компоненттердің бір екендігін дәлелдеді. Ғалымның бұл еңбегінің құндылығы өте жоғары [6].
Мақсаты: қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы мен тарихнамасын жан-жақты қарастыра отырып, қыпшақ тайпасының Қазақстан тарихындағы рөлін ашып көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |