Территориясы, тайпалыќ ќђрамы


Қыпшақ қоғамының экономикалық-әлеуметтік дамуы



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#86239
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kypshak

2.2. Қыпшақ қоғамының экономикалық-әлеуметтік дамуы.

Қыпшақ атымен әлем тарихына әйгілі болған бұл бірлестік өз ішімен ғана емес сыртпен де, шығыста Қытай шекарасынан басталып, батыста Киев, Шығыс-Рим /Византия/ арқылы Орта теңіз жағалауларына дейінгі жол үстінде, оңтүстікте Иран, Ирак арқылы Нил дариясының құйылысына дейінгі- сауда жолының торабы қыпшақ жері арқылы қатынасқандықтан қыпшақ елі әлем аралық орталық болып , екі дүние /Еуропа мен Азия/ тұтқасын қолында ұстады. Ең асылы бұл екі дүниеде тапшы кездесетін мал шаруашылығына ие болумен – қыпшақ жұртының бір ауданда 10.000дай саналатын мал шаруашылығы болуымен дала /Дешті Қыпшақ/ даңқын халық аралық сатыға көтерді. Оның үстіне қыпшақ елі, көшпелі жасақты орда болуымен байланысты өте жауынгер жұрт еді, сондықтан қыпшақпен сауда айырбас қатынас жасайтын мәдениетті көршілері санасатын болды. Жер аты Дешті Қыпшақ атымен қандай данқты болса, халқы аты одан да зор данққа бөленді.


Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды [5, 49 б.].
Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олардың едәуір болігі кішкене құйрығы бар, бірақ көшуге өте бейімделген қой болды. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген, олар көктем алдындағы жем шөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы төзетін еді [7, 47 б.].
Көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік берген ерекше жылдамдығы мен төзімділігі, соғыста және қаумалап аң аулауда пайдаланылатындығы арқасында жылқы аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан қыпшақтар тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді. ,,Бұл даланың /Дешті Қыпшақтың/ ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына журеді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан,,-деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған [14, 77 б.].
Кейбір жазбаша ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың тамаша жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мағлұматтар бар. Орталық Қазақстандағы қыпшақ тайпалары мекендеген аумақтағы обалы қабірлерде жылқының екі тұқымы–басы кішкене, аяқтары ұзын әрі жіңішке, шоқтығы биік салт мінетін аттар байқалды, мұндай асыл тұқымдыларының сүйектері түркі тілдес бай шонжарлардың қабірінен кездесті. Сондай-ақ асыл тұқымды жылқымен қоса әдеттегі жылқылар: жатаған, басы үлкен, аяғы қысқа әрі мықты, өте төзімді, көшпелі тұрмыста тұрақты пайдаланатын жылқылар өсірілгені анықталды [15, 33 б.].
Қыпшақ жылқысы өте жоғары бағаланды, оларға шектес және алыс елдерде сұраным көп болды. Мысалы, Дешті Қыпшақтан Үндістанға апарылатын қарапайым жылқы күміс ақшамен жүз динарға сатылған, ал жақсы аттың құны 500 динар және одан да артық бағаланған [8, 56 б.].
Қыпшақтар қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтыққа көп жүрісті көтере алмайды. Мұның өзі қыпшақ тайпаларының белгілі бір топтарының тұрақтыы қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын көрсетеді. Ірі қара көбінде жегуге пайдаланылды. Ибн Баттута қыпшақтардың арбаға жылқы жегетінін атап өтеді, сонымен бірге „арбаның ауыр-жеңілдігіне қарай, оған өгіз бен түйе жегеді“ деп жазады [14, 112 б.].
Қыпшақтардың Батыс Қазақстан аудандарына ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен айналыса бастады. Құмды және шөпсіз жерлерге түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.
Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі- мал шаруашылығына көмекші ғана болған.
Аң аулаумен қатар қыпшақтардың, негізінен, ең кедей, өзен жағасында тұратындары балық аулауменен де айналысты. ,,Диуани лұғат ат-түрікте“ және араб-қыпшақ түсіндірме сөздіктерінде қыпшақтардың балық аулағандығы, еңбек құралдарының терминдері келтірілген [5, 23 б.].
Қазақстан даласындағы қыпшақ бірлестігі 12 аймаққа бөлінді. Оны кейінгі кезде шығыс қыпшақ бірлестігі деп атады. Мұның орталығы жазда Ұлытауда Сарысу сағаларында көшіп қонды, қыста хандық- байтақты Отырар , Сығанақ қаласында тұрды. Отырар қаласы Шығыс Қыпшақ бірлестігінің мәдениет- тіршілік ордасы болды. Шығыс Еуропадағы қыпшақ бірлестігі 6 аймаққаа бөлінді. Оны Батыс Қыпшақ бірлестігі деп атады. Мұның орталығы Еділде Саксин қаласында тұрды. Бұл екі-үш қалалар Орта теңіздің түстік жағалауындағы Александриямен, шығыс жағалауындағы Шам, Константинопольдардан кейінгі дүниежузілік мәдениет ордасы болды [6, 45 б.]. Отырар қаласында бүкіл Азияға атағы жайылған зор кітап қоймасы орналасқан. Отырар қаласынан әлденеше оқымысты ғалымдар шықты. Соның бірі Ал-Кимаки оссы қаладан дәріс алған. Бірақ оның есімі болмаса, Істеген іс-әрекеттері,ғылыми еңбектері туралы деректер бізге келіп жетпеген. Екінші зор ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби. Әбу Насыр Таяу Шығыс орталық қалаларының бірі Бағдат шаһарына барып қызмет еткен уақытында туған қаласының атымен өзін әл-Фараби деп атады. Ол осы есіммен бүкіл Шығысқа, одан ары Орта теңіз әлеміне мәлім болды. Ол өз заманының асқан ірі ғалымы, фәлсафашыл-ойшылы болуымен қатар өнер саласынан- музыкамен де шұғылданды [7, 23 б.].
Х-ХІІ ғасырларда қыпшақ жерінде қала мәдениетінің шоқтығы көтерілді. Көшпелі қыпшақ даласында; отырықшы егіншілікпен шұғылданған тіршілік едәуір сатыға көтерілуімен байланысты отырықшылық құрылыс – қала мәдениеті өсті. Қаланың ішінде бау-бақша, жеміс өсіру үшін қалаға құбырлармен су жеткізілді [5, 122 б.]. Қала сыртын бірнеше қорғандармен қоршаған. Қала қақпаларымен қала орталығы жер астынан қатынасатын жолдар да салған. Бұл сияқты мәдениетті қалалармен елдік-мекендер саны 100-ден асқан [7, 22 б.]. Осы қалалардың көпшілігі ескерткіштер санына қосылды, сондай-ақ мәдениеттің, өнердің, тілдің қалыптасуының айғағы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет