Территориясы, тайпалыќ ќђрамы


Қыпшақтардың көрші елдермен байланысы және дүниежүзілік дамудағы орны туралы зерттеулер



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#86239
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kypshak

1.2. Қыпшақтардың көрші елдермен байланысы және дүниежүзілік дамудағы орны туралы зерттеулер

ХІ-ХІІІ ғасырларда Ұлы даланы мекендеген қыпшақтар көшпенді халықтар дүниесіне жатады және олардың тарихта алатын орны да ерекше. Үлкен қашықтарға көшіп жүріп Азия,Еуропа, Африка елдеріндегі отырықшы халықтармен араласып, қыпшақтар сан рет бүтіндей континенттердің саяси және өздері де дүниежүзілік өркениет тарихына өзіндік үлесін қосты.


Қыпшақтар ортағасырлық кезеңде Үнді, Мысыр, Қытай, Византия, Венгрия, Грузия, Болгария, Хорезм сияқты мемлекеттердің тарихи тағдырының өзгеруінде негізгі рөл атқарылды. Олардың осындай әртүрлі өзіндік өркениеті бар мемлекеттерге миграциялауына неше түрлі себептер болды. Нәтижесінде жоғары дамыған өркениетті мемлекеттерде қыпшақтар ассимиляцияға ұшырағанымен, олар ізсіз жоғалып кетті деуге болмайды. Қыпшақтар тек бүгінгі күнде өмір сүріп отырған түркі халықтардың этногенезіне әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар венгрлер, грузиндер, болгарлар, орыстар, украиндықтар,моңғолдар,қытайларлар, үндістер,және арабтар сияқты халықтардың құрамына да енген[12, 367 б.].
ХІ ғасырдың басында Жетісу жерінен басқа Қазақстанның кең-байтақ даласы қыпшақтардың саяси бақылауында болғандығы белгілі. Сондықтан да, қыпшақтар билік тізгінін өз қолдарына алғаннан кейін, мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілердің отырықшы халықпен байланыс жасауы қажет еді. Отырықшы аудандар мал шаруашылығының өніміне, ал көшпелілер отырықшылардың түрлі заттары мен бұйымдарына мұқтаж еді. Бұл әрине табиғи-тарихи құбылыс. Сонымен қатар әр мемлекет дамуы үшін көрші елдермен түрлі бағыттағы қатынасқа түседі. Ол әринен, саяси, сауда-экономикалық, рухани-мәдени және т.б. Сол себепті қыпшақтар оңтүстігінде Орта Азия және батысындағы Орыс елімен байланыс орнатуға ерекше қызығушылық білдіреді. Бірақ та, қыпшақтар бұл мақсатына жету үшін, өздеріне кедергі болып тұрған, Батыс Қазақстан, Сырдың төменгі ағысы, Еділдің төменгі ағысын иемденген оғыз мемлекетімен осы жерлерді иемдену үшін бұл жоспардың сәті түсті әрине, Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басында оғыз мемлекеті тоқырау мен құлдырау үстінде еді. Сөйтіп, солтүстік пен шығысынан оғыздарды қыпшақтар ығыстырып, бұл тарихи процесті тездетті[16, 97 б.].
Қыпшақтар күшейгеннен кейін ол өзінің сыртқы саясатында негізгі бағдарын хорезмшахтар мемлекетіне бағыттады дедік. Бұл Хорезмшахтар мен қыпшақтардың арасында сауда экономикалық, саяси, некелік-туыстық, діни-рухани байланыстардың пайда болуына әкелді, оны көптеген деректер айқындайды. С.М.Ақынжановтың айтуынша: «Қыпшақтар мен Хорезм арасындағы қарым-қатынас мәселесі дала мен қала арасындағы ажырамас бөлігі. Көптеген жазба деректер ежелгі көшпелілерді-цивилизацияны құртушылар сияқты көрсетеді,»-дейді [6, 222 б.]. Демек, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселесі тек олардың түрлеріне ғана емес, сонымен қатар отырықшы, көшпелі өркениеттердің ара-қатынасын дұрыс түсінуге де көмектеседі.
Қыпшақ хандары мен Хорезмшах Кутб-ад-Дин Мұхамед арасында үнемі қақтығыстар болды. Деректердің мәліметіне қарағанда Кутб-ад-Дин Мұхаммед 30 жыл билеп, тек қыпшақтардан қорғану саясатын ұстанған екен.С.Ақынжановтың бағалауынша: Хорезмшах әулетінің мұндай белсенді емес саясаты Хорезмнің әлсіздігін емес, ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ ғасырдың басында Қазақстан даласындағы қыпшақ бірлестігінің мықтылығынан болды. Күшті қыпшақ тайпасынан хорезмдіктер тек қорғанудан басқа амал болмады,»-дейді ғалым [6, 85 б.]
А.Ш.Қадырбаев өз еңбегінде қыпшақтардың көрші елдермен қарым-қатынас тарихын әр елге жеке-жеке тоқталып баяндайды. Екінші тараушасында қыпшақтардың Византиямен қарым-қатынасы туралы жазады. Византия тарихында қыпшақтарға дейін басқа да көшпенді- түркі халықтары елеулі рөл атқарған.ҮІ ғасырдың басында Византия империясында аздаған түркі халықтары пайда болып ҮІІ-ІХ ғасырларда византиялық императорларда хазарлар қызмет етті, сол себепті түркі тайпалары туралы мәліметтер византиялық деректерде Ү-ҮІ ғасырдан жазыла бастады[11, 112 б.].
Қыпшақтар мен византиялықтар арасындағы қарым-қатынастың қандай дәрежеде дамығандығын баяндай келе, автор «көшпенділер-түріктер және Византия арасындағы қарым-қатынас тарихы өте қызықты тақырып, әрі болашақта жан-жақты зерттеуді қажет етеді, біз бұл жерде тек оның контурын айқындауға талпыныс жасадық»-деп осы тақырыптың айқындалуын болашақ ғалымдарға тапсырады да келесі тараушасында қыпшақтар мен қаңлылардың Керей және Найман ұлыстарымен, Ұйғыр княздыгімен, Цзинь империясымен қарым-қатынасына тоқталады.
Қыпшақтар мен қаңлылар моңғол тілдес меркіттер ұлысымен қарым-қатынаста болды. Бірнеше рет меркіттер Шыңғыс ханмен жауласты, 1218 жылы қыпшақтар мен қаңлылар елінде Шыңғыс-ханмен қуғындалған меркіттер пайда болды. Автор осы оқиғаны баяндау барысында Рашид-ад-Диннің мәліметтерін, парсы тарихшысы Джувейнидің мәліметтерімен және осы екі деректі қытайдың дерегі «Юань-шимен»салыстыра отырып жазады. «Меркіттердің қыпшақтар еліне қашып келгені туралы факті қыпшақ тайпаларының өздерінен шығыстағы елдермен қарым-қатынас орнатқандығының бір дәлелі болып табылады»-деп жазады [11,106 б.].
Көріп отырғанымыздай, қыпшақ тарихын зерттеудегі әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелер қатарына қимақ-қыпшақ тайпасының этникалық шығу тегі, этнотерриториясы, этно-саяси одағы, көрші елдермен байланысы тарихы төңірегіндегі күрделі мәселелер жатады және терең зерттеулерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет