Территориясы, тайпалыќ ќђрамы


Зерттеудің хронологиялық шеңбері



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#86239
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kypshak

Зерттеудің хронологиялық шеңбері: ХІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды. Яғни, қыпшақтардың саяси үстемдікке келуінен, оның дамуы және Қазақ халқының қалыптасу кезеңіне дейінгі дәуірге дейін. Ал, тарихнамалық тұрғыдан алғанда хронологиялық шеңбері ХХ ғасыр және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, төрт тармақтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І ҚЫПШАҚТАР ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


1.1. Қыпшақтардың тарихы туралы зерттеулер.
Бірде бір қазақ ғалымын «Дешті-Қыпшақ» және «қыпшақтар» түсініктері қызықтырмай қоймайды. Қыпшактар қазіргі күнде өмір сүріп отырған халықтардың, атап айтқанда: қырғыз, өзбек ,қарақалпақ, башқұрттардың, татарлардың, қазақтардың және т.б. Орталық Еуразия халықтарының этногенезінде терең із қалдырды. Дешті-Қыпшақ Алтайдан Дунайға дейінгі кең территорияға қанатын жайды, сол себепті осы аралықтағы ұлан-ғайыр өлкені мекен еткен елдің бәрі де қыпшақ тілінде сөйлеген.
Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың тарихын айқындау үшін және қазақ халқының ортағасырлық тарихын тереңдете зерттеуде тарихшы және археолог Сержан Мұсатайұлы Ақынжановтың «Кипчаки в истории средневекового Казахстана», «Қазақ халқының құрылуы» атты монографиялары құнды зерттеу болып табылады [6].
Қыпшақтардың ерте этникалық тарихын зерттеу барысында С.Ақынжанов ІХ-ХІІІ ғасырлардағы араб және парсы деректеріне, сондай-ақ ХІІ-ХҮІІІ ғасырлардың тарихи шығармаларына, ХІ-ХІІІ ғасырлардың шығыс европалық және Алдыңғы Азия деректеріне талдау жасаған. «Көбінесе араб және парсы тілдеріндегі әдебиеттер жазба деректерге сүйене жазылған шығармалар түрінде болып келеді. Сол себепті де олардың беретін мәліметтері компилятивті екендігін естен шығармау керек. Алайда бұл тарихи-географиялық әдебиеттер қимақ-қыпшақ тайпаларын зерттеуде маңызды деректер болып табылады»- дей отырып, зерттеуші ғалым Ибн-Хордадбек, Ибн-Фадлан, Ибн-Факих т.б. ортағасырлық авторлардың қыпшақтар жайлы берген мәліметтеріне талдау жасаған [6, 78 б.]. «Қыпшақтар тарихына арналған әдебиеттерде, әсіресе олардың (қыпшақтардың) этногенетикалық тамырын қарастыратын бөлімдерінде әуел бастан дәстүрлі болып қалыптасқан пікір, ол- тек ІХ-ХІ ғ.ғ-ғы араб-парсы тарихи-географиялық шығармаларында ғана кездесетін қимақтармен қыпшақтарды бір ұғым ретінде қарастыруы. Қимақтар мен қыпшақтар бір этникалық топты құрайтындығы және оның ішінде қыпшақтар олардың батыс бөлігі болып табылатынын Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын көптеген ғалымдар жазып жүр. Қимақ-қыпшақ этнонимдері бір ұғымды білдіреді дей отырып, олар өз зеоттеулерінде, екі ұғымды бірінің орнына бірін пайдаланады. Сол себепті де қыпшақтар тарихын зерттеу барысында қимақ этнонимін қыпшақ терминінің баламасы ретінде кездестіруге болады»- деп жазады ғалым [6, 112 б.]. Алайда, Ақынжанов қыпшақтанудағы қалыптасқан «қимақтар мен қыпшақтар бір этнос болып табылады» деген тұжырымға байланысты : «қимақтар келімсектер, олар Солтүстік-Шығыс моңғолиядан қоныс аударған, ол жерде олар кумоси және уранкаи деген атпен белгілі болған. Алғашында қимақтар түркі тайпаларына жатпаған, алайда б.з. І және ІІ мыңжылдықтарда осы ауданда мекен еткен түркі тілдес қыпшақ және йемектердің әсерімен түркіленіп кеткен»- деп өзіндік тұжырымын ұсынады [6, 142 б.]. С.Ақынжановтың жоғарыда аталған зерттеу жұмысынан кейінірек жарық көрген Б.Е. Көмековтың «государство кимаков ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам» атты монографиясы Ақынжановтың тұжырымын теріске шығарған зерттеу болып табылады. Ғалымның қыпшақ тайпасына деген көзқарасы алғашқы тараудан-ақ байқалады. Ол қытай тарихшысы Сыма Цянның (б.з.д. ІІ-І ғ.ғ.) жазбасындағы «цюйше, динлин, гэгун» деген халықтардың ішіндегі цюйшелерді А.Н. Бернштамның қыпшақ (кыйчак) екенін дәлелдегенін айта отырып, олардың мекен еткен жерлері- Солтүстік- Батыс Моңғолия деп көрсетеді [3, 44 б.]. Бұл туралы: «Первое по времени упоминание об одном из кимакских племен- кыпчаках- принадлежит создателю китайской историографии Сыма Цяну»[3, 10 б.] дей келе, дәл осы тарауда Ибн-Хордадбектің «Китаб ал-масалик уа-л-мамалик»( «Книга путей и государств») дерегіне сипаттама бере отырып, онда ҮІІІ ғасырдағы түрік тайпаларына қыпшақтар да кіретінін көрсетеді. Сондай-ақ қыпшақтар қимақтардан бұрын айтылған деп жазады.
Сонымен қыпшақтардың этникалық шығу тарихына байланысты осы екі әртүрлі көзқарас қыпшақтанудағы даулы мәселеге айналғандығын көреміз.Алайда Б. Көмеков, Б. Бақытты және Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын басқа да тарихшылар арасында екінші тұжырым басымырақ болып келеді. Біз оған әлі де тоқталамыз, ал енді С.Ақынжановтың қыпшақтардың этникалық тарихына байланысты көзқарастарына қайтып келетін болсақ, ғалым өз зерттеу жұмыстарында көршілес жатқан орыс халқының бірден-бір маңызды дерегі- жылнамалардың орнын ерекше атап кеткендігін айтуымыз керек [7].
«Ежелгі тарихи байланыстарды ашуда көне Русь жазба документтерінің маңызы тек қазақ тарихы үшін емес, Отанымыздың барлық халықтары үшін баға жетпес зор қазына болып табылады »-дей келе, Ақынжанов жылнамалардың маңызын келесідей мысалдармен растауға тырысады: «Қазақ халқының халық болып құралуының ұйытқысы болған және ұлттық іргені қалауда шешуші рөл атқарған ұлыстың бірі-қыпшақ тайпалар одағының шығуын, дамуын анықтауда орыс жылнамалары мен аңыз жырлары, қазақтың өз аңыз жырларымен бірдей және біріне бірі саймасай келіп, бірін бірі қостауда- орыс жылнамалары жазба тарих арқылы келіп жеткендіктен- бірден бір осы тұстың тарихи дерегі болып табылады». Ақынжанов орыс жылнамаларындағы қыпшақтардың этно-территориялық тарихына байланысты мәліметтерді пайдалана отырып, олардың маңызын ерекше орынға қояды [6, 72 б.]. Және бүгінгі күнде қалыптасқан «қыпшақтар мен қимақтар бір этникалық ұғымды білдіреді» деген пікірді теріске шығара отырып, осы жылнамалардағы мәліметтер арқылы дәлелдеуге тырысады:«Қыпшақ тайпалық одақтары туралы Россияның Пекиндегі діни миссиясының ғылыми қызметкерлері Архимендрит Паллади басшылығымен зор еңбек жасады. Көне оқу үйлерін ақтарып қыпшақтар туралы деректерді жинап: «Труды Членов Российской духовной миссии в Пекине» деген еңбек жариялады. Бұл еңбектің ашқан жаңалығы: Ойғыр ханы «Мойын Чурдың құрметіне қойылған ескерткіштерде «2 тюрк ордасын Тюрк-Қыпшақ деп атап, -қыпшақтың ол кезде Тюрк Ордасымен бірге Алтай тауында тұрғанын анықтады [8, 110 б.]. Себебі ІХ-Х ғасырларда Оңтүстік Орыс жазаңынаншыққан қыпшақ тайпасы, ерте кезде /Тюрк тұсында/ қыпшақ атымен таулық Алтайда Чже-Лян-Чуан /Жыланды тауы/ деген жерде тұрғанын анықтаған. Жыланды қыпшағының жұрнағы Шығыс Сібір Россияға қосылғанға дейін сол жерде /Жыланды тауында/ қыпшақ атымен тіршілік жасап келгені Фишердің үш томдық «Сібір тарихы» еңбегінен мәлім. Оның үстіне Совет тұсында археологиялық зерттеу жүргізген ғалымдар, ол екеуінің, мәдениет мұраларының жұрнағы бір келкі екенін анықтады »-деп жазады.
Б.э.д. 201 жылы жазылған қытай дерегінен А.Н. Бернштам қыпшақ ұлыстық одағының есімі туралы да, тұрмысы туралы да мәліметтер тапты. Ши-Цзы еңбегінде қыпшақты –«қыпшақ» деп, оны қытай иероглифінше-Цзюеше деп жазылғанын анықтады.Бұл көне шығыс зерттеу әдебиетінде қытай деректеріне алынған тұңғыш мәлімет еді. Осы мәліметті А.Н Бернштам Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат ат-түрік» еңбегімен салыстырып қарады. А.Н. Бернштамның «қыпшақ» этнониміне байланысты айтылған бұл пікірін көптеген зерттеушілер қолдады (Б.Е. Көмеков, К.Ш. Шаниязов, Д.Г. Савинов, т.б.) Сонымен қатар, Н.А. Аристов ұсынған басқа да пікір бар, ол бойынша «кюйше» этнонимі күшік (кучук) руын білдіреді. Дәл осы пікірді Ю.А. Зуев те қолдады.
В.В.Бартольдтың айтуынша «қимақтардың тарихи мәні - олардың ортасынан қыпшақтардың шығуында болып табылады» [2, 130 б.]. Ал, Л.П.Потапов қыпшақтарды қимақтардың батыс тармағын құрағандығын баса айтады.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қыпшақтануда қалыптасқан қыпшақтардың этникалық шығу тарихына байланысты өзіндік тұжырымын ұсынған ғалым Б.Е. Көмековтың зерттеулерінің орны ерекше. Атап айтсақ, «Государства кимаков ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам » (А.,1972 ), «Арабские и персидские источники по истории кипчаков, куманов и кимеков ҮІІІ- начало ХІІІ в.в. по арабским источникам» (Спб.,1994). Атынан көріп отырғанымыздай, ғалым еңбектеріндегі тұжырымдарын араб-парсы деректеріне сүйене отырып жасаған. Атап айтсақ, Әл-Хорезми, Ибн-Хордадбек, Ат-Табари, Ибн-Хаукал, Ибн-Халдун, Гардизи, Ан-Нувейри, тағы басқа ортағасырлық авторлардың жазбалары.
Ғалымның «Государства кимаков ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам» атты бес тараудан тұратын кітаптың алғашқы тарауында араб деректеріне талдау жасалады. Кейінгі төрт тарауда қимақтардың Этникалық тарихы, орналасуы, шаруашылығы, қалалары мен мәдениеті, жалпы Қимақ мемлекеті туралы мәселелерге тоқталады. Автордың қыпшақ тайпасына деген көзқарасы алғашқы тараудан-ақ байқалады. Ол қытай тарихшысы Сыма Цянның (б.з.д. ІІ-І ғ.ғ.) жазбасындағы «цюйше, динлин, гэгун» деген халықтардың ішіндегі цюйшелерді А.Н. Бернштамның қыпшақ (кыйсак) екенін дәлелдегенін айта отырып, олардың мекен еткен жерлерін – Солтүстік-Батыс Моңғолия деп көрсетеді. Бұл туралы: «Первое по времени упоминание об одном из кимакских племен- кыпчаках- пренадлежит создателю китайской историографии Сыма Цяну» дей келе, дәл осы тарауда Ибн-Хордадбектің «Китаб ал-масалик уа-л-мамалик»( «Книга путей и государств») дерегіне сипаттама бере отырып, онда ҮІІІ ғасырдағы түрік тайпаларына қыпшақтар да кіретінін көрсетеді. Сондай-ақ қыпшақтар қимақтардан бұрын айтылған деп жазады [7].
Қыпшақтардың қимақтардан бұрын айтылуы олардың ірі тайпаға жататынын көрсетсе керек. Яғни қыпшақтар мен қимақтар этникалық шығу тегі жағынан бір-бірімен байланысты болған. Бұл тұжырым Б. Көмековтың зерттеу еңбегіндегі екінші тарауда айтылады.
Зерттеуші «Қимақ» этнонимінің түп негізін араб деректеріне және шетел ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, түріктің «кум», «кумах»(құм) сөздерімен байланыстырады.
Сондай-ақ ғалым араб географы Гардизидің «Зайн ал-ахбар» жазбасындағы қимақтардың генеалогиялық аңызын қимақтардың шығуы жөніндегі жалғыз дерек ретінде санай отырып, қимақ тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: ими, имак, татар, байандур, қыпшақ, ланиказ, аджлад тұрған дейді. Және аталған тайпаларға сипаттама береді. Соның ішінде Қыпшақтарға тоқталғанда, алғаш рет қыпшақ атауы мұсылман деректерінде Ибн-Хордадбектің «Худуд ал-алам» жазбасында қимақтардан жеке, өмір суруі жағынан жабайылау халық ретінде айтылып, қыпшақ хандарын қимақтардан тағайындаған делінеді. Ал Махмұд Қашқари болса қыпшақтар мен йемектер бір тілде сөйлеген, бірақ қыпшақтар өздерін йемектерге ұқсатпай, оларды тек өздерінің «бір бұтағы», яғни шығуы жағынан байланысты деп санаған дей келе, өз тұжырымын айтады: «Осылайша, ежелгі деректердің бәрі қыпшақтарды ҮІІІ-ХІ ғасырлардағы қимақ тайпалық одағымен (кейін мемлекетімен) саяси байланысты деп санағанымен, бұл байланыстардың әлсіздігін, этникалық территория-ларының ерекшелігін, сондай-ақ экономикалық және тұрмыстық сипатының да бір-біріне ұқсамайтынын атап көрсетеді. Қыпшақ бірлестігінің тайпалық құрамы (9 тайпа) неғұрлым күрделі әрі өз алдына зерттеуге тұрарлықтай» [7, 99 б.]. Б.Көмеков өз тұжырымында қыпшақ тайпасының ірілігін баса көрсетеді. Қыпшақтардың қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, ноғай, Еділ жағалауы татарларының этникалық қалыптасуына ұйытқы болғанын атап айтады.
Қыпшақтанушы ғалым И.Маркварттың қимақ-қыпшақтардың шығу тегі моңғолдардан тарайды деген тұжырымын Махмұд Қашқаридың «Түрік сөздігіне» сүйене отырып теріске шығарады, сөйтіп ерте ортағасырлық татарлардың тілінің түрік тіліне жататынын дәлелдейді. Сөйте тұра Б.Көмеков қыпшақ тайпасын ІХ ғасырдың соңына қарай пайда болған қимақ мемлекетіне кірген 12 қимақ тайпасының ішінде көрсетеді.
1999 жылы ҚазМҰУ Хабаршысына Н.Нұрғалиеваның «Монғол дәуіріне дейінгі қыпшақтардың мемлекеттілігі жайында» атты мақаласы жарияланды, мақаланың негізгі мазмұны ХІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан территориясында мекен еткен қыпшақ тайпаларының мемлекеттілігі мәселесі жайында. Автор мақаласында кеңестік кезең дегі жарық көрген еңбектерді негізге ала отырап тұжырымдайды. «ХІІІ ғасыр қарсаңында қыпшақ қоғамында биліктің мұрагерлік жолмен таралатын ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуына алғышарттар пайда болады», деп жазады Н.Нұрғалиева [9, 10 б.]. Алайда, билікті мұраланудағы жергілікті немесе қыпшақтық дәстүр дегеніміз – биліктің әкеден бауырға, немере-бауырға өтуі екендігі бізге белгілі. Бұны кей уақытта ғалымдар «еншілік-таспиқтық жүйе» деп те атайды және оны деректердегі тарихи фактілер де дәлелдейді. Т.С.Жұмағамбетов өз еңбегінде қыпшақтардың әкеден балаға билік мұрасының үш жағдайын, ал ағадан ініге берілудің сегіз рет болғанын айтады. Т.С.Жұмағамбетовтің бұл пікірімен көп ғалымдар да келіседі: мысалы, белгілі ғалым С.М.Ақынжанов көшпелілердегі ерте феодалдық мемлекеттік құрылымға тән белгіге – хандық билікті ұлына емес, аға-ініге немесе немере туысқа беруі жатқан деген жолдары дәлел болып табылады. [10, 63б.]
2004 жылы Б.Е.Көмековтың «Қыпшақтар» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақаласында автор қыпшақтардың саяси тарихына да тоқталған. Алғашында қыпшақтар көршілес қимақ мемлекетінің құрамына кіріп, саяси жағынан кимек қағанына бағынышты болды, әрі түркі тілдес құман, оғыз, башқұрт, пешенег, қарлұқ, қаңлы тайпаларымен тығыз байланыс орнатты деп жазады автор. [7, 44 б.]. Бұл қыпшақтардың әлі үстемдікті өз қолына алмаған кезі еді. Кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдіктің қыпшақ хандарының қолына көшкен уақытты ғалым ХІ ғасырдың басы деп көрсетеді. Әрине Б.Е.Көмеков өзінің бұл тұжырымын бірнеше деректердегі мәліметтермен дәлелдейді. ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий маңынан оғыз жабғұларының ығыстыруына себеп болған саяси факторды Б.Көмеков, ең алдымен ХІ ғасырдың басында Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында белең алған сыртқы оқиғаларға байланысты болды деп түсіндіреді. Ал қыпшақтардағы билікті мұралану мәселесіне байланысты ғалым: «Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан»-деп көрсетеді [7, 78 б.]. Б.Е.Көмековтың бұл пікірі В.В.Бартольдта да жазылған [2, 111 б.]. Ал бұл пікірге қарама-қарсы пікір, ол-қыпшақтарда биліктің баласына емес, інісіне немесе немере інісіне берілуі (Федоров-Давыдов пен Т.С.Жумағамбетов жазылған) [10,88 б.].
Қыпшақ мемлекетінің тарихи аренадан кеткені рас, алайда қыпшақ тайпасының этносаяси дамуы моңғол жаулаушылығымен толық үзіліп қалған жоқ, тек біраз тежелді де, моңғол жаулаушылығынан кейінгі дәуірде түркі халықтардың этногенезінде ең ірі компонент болып табылатын қыпшақтар, қазіргі күнде өмір сүріп отырған көптеген түркі тілдес халықтардың халық ретінде тарих сахнасына шығуына бастау болды. Оны біз ХІҮ ғасырдан бастап жергілікті этникалық, саяси дамуынан анық көре аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет