Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ басында)



Дата13.03.2023
өлшемі386,51 Kb.
#172145
түріҚұрамы
Байланысты:
Омаров Әсет Тарих 4 апта Қыпшақ хандығы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Тақырыбы: Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғасырдың басы)
Орындаған: Омаров Әсет Талғатұлы
Тобы: ДШС-11
Астана 2023

Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ басында)

Жоспар

1. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы 2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы 3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы 4. Қыпшақтардың шаруашылығы

1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық қауымдастығы

  • Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.) 
  • Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді.

1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық қауымдастығы

1.Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдары.

  • Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады.
  • Бірінші кезең қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін.
  • Екінші кезең VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті.
  • Үшінші кезеңі XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді.

2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы

  • Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті.

Қыпшақ қоғамдық құрылысы

Хан Ханның туыстары тархандар

басқақтар бектер байлар ру-тайпа көсемдері

Құлды “яланкуг” деп атаған


Қыпшақтардың бөгде аттары: Орыс деректерінде: «Половцы» (далалықтар) Венгр деректерінде: «Кундар» «командар»
  • ХІ ғ. бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңтүстік далалы аудандарына шығу қажет болды. Алайда бұл жерлерге шығу оңай емес еді. Өйткені арада оғыздар мемлекетінің билігі жүріп тұрған.
  • Х ғ. аяғы — ХІ ғ. басында Оғыз хандығының жағдайы нашарлай бастайды. Бұл жағдайды Қыпшақ хандығы дер кезінде пайдаланып, оғыздарға солтүстік және солттүстік-шығыстан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдарияның орта ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді.

3.Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.

3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы

  • Қыпшақтар Хорезм елімен қатынасты жақсартуға тырысады.
  • Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды.
  • Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.

Әскери басқару жүйесі екіге бөлінген

  • Оң қанаттың күші және беделі басым
  • орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы

  • Сол қанаттың орталығы Сырдария өзені бойындағы Сығанақ қаласы

Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай ұстап отыру үшін жасалған еді.

4. Қыпшақтардың шаруашылығы

  • Мал шаруашылығы (төрт түлік)
  • Тұрмыстық кәсіп (қолөнер, зергерлік)
  • Аң аулау шаруашылығы
  • Егін шаруашылығы

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет