2-тақырып. Ежелгі әлемдегі есеп



Дата16.09.2022
өлшемі17,33 Kb.
#149651
Байланысты:
лекция 2 2
Философия. лекция.жаңа, Эконом1 (копия), лекция 8-9, Болатбаев Е (1), Цито, цито асель улдана2.ом-003

2-тақырып. Ежелгі әлемдегі есеп.


Есептің пайда болуы есеп регистрлерінің пайда боуымен байланысты. Алғашқы қауымдық құрылыста барлық есеп деректерін тайпа көсемдерінің есте сақтауларына тура келген. Тайпадағы адамдар саны көбейген жағдайда, тайпа бірнеше «үйге» - жанұяға бөлініп, тайпа көсемі әр «үй» - жанұяның есептік қызметін жүргізуді ең үлкен қарт мүшесіне табыстаған.
Матриарх дәуірінде әйел адам «бухгалтер», яғни есепші болған. Оның үй басқарушысы ретінде басты қызметі «еңбек және оны тұтыну мөлшерін» қадағалау болды. Америкалық үндістерде бұл қызмет былайша жүргізілген: әр үйде бірнеше ошақ басы болған, әдетте төрт бөлмеге бір ошақ басы. Ошақтар ең ортаңғы өткелде орналасып, оның басында үй-жайдағы тыныс-тіршілікті басқаратын бір әйел адам тұрған. Барлық ошақтарда тамақ әзір болған кезде басты үй басқарушы әйелді шақырған. Ол қазаннан әр жеке отбасына олардың тұтыну мөлшеріне қарай тамақты үлестірген. Қалған тамақ пен азық түлік күзет қызметшілері өткізілген. Үй басқарушы «есепші» әйел кейбір деректерді есте сақтай алмаған жағдайда қарыздарды тіркеу үшін жіпке «түйін» байлап немесе ағашқа кертік «//» ұрған. Кейін қарыздар қайтарылған кезде кертік «Х/» түзетілген, бұл көрші ұйдің бір бірлік қандайда бір құндылық немесе қызметі қалғанын білдірген. Тайпа көсемі мезгіл-мезгіл сайын әр үйдің сенім білдірген өкілетті мүшелерін, оның ішінде үй басқарушы әйелді де тексеріп, бақылау жүргізіп тұрған. Тексеру ескертусіз кездейсоқ жүргізілген, арнайы бақылаушылар тексеру жүргізетін үйдің еденіне бейіт басынан алынған топырақты шашқан, бұл үй қожайындарының өтірік айтуына жол бермейді деп санаған. Ең қызығы, бухгалтерлер мен тексеру жүргізетін бақылаушыларда «таңертең неғұрлым үстіңе көп киім кисең, соғұрлым сені сол күні көп жұмыс күтіп тұрады» деген түсінік болған.
Бірнеше мың жыл бұрын адамдар папирус жасауды үйренген. Осы кезден есеп бастау алған және шаруашылық өмірдің деректері папирус бұрамаларында (бос қағаздарда) тіркеле бастаған. Папирус бұрамаларының ұзындығы 4-5 м, биіктігі 18-24 см. болған. Жазулар қара және қызыл түсті тушьпен түсірілген. Мысалы, жылы қара түспен болса, айы мен күні қызыл түспен; немесе ағымдағы сомалар қара түспен, ал есептік кезең соңына жиыны қызыл түспен жазылған. Сондай-ақ, кесте түріндегі есеп регистр нысаны пайдаланылған. Египет жазғыштары кесте бағандарында әртүрлі құндылықтардың атауларын көрсетсе, ал кесте жолдарында олардың сандық қозғалысын көрсеткен.
Негізгі есеп жүргізу тәсілі ретінде түгендеу (инвентаризация) жүргізілген. І және ІІ династия (әулет) (3400-2980 жж. біздің дәуірге дейін) әр екі жыл сайын айналыс және қозғалмайтын мүлікке түгендеу жүргізіп отырған. Ең алдымен оның мақсаты күміс, нан және т.б. алу және беру есебінің нақтылығын тексеру болды. Шаруашылық әрекеттердің деректері үш тұлғаның қатысуымен: біріншісі - папируске берілуге тиіс болған құндылықтың санын, екіншісі - қасына құндылықтың нақты берілген санын, ал үшіншісі – сандарды салыстырып, олардың ауытқуын анықтап, жазып отырған. Қоймадан құндылықтар тек өкілетті тұлғаның құжатта «беруге жатады» деген бұрыштамасы болған жағдайда ғана босатылған. «Қойма меңгерушісі» босатылған құндылықтарды жазып, растайтын құжаттарды тіркеген. «Қоймашылар» күн соңында есеп жасауға тиісті болған: онда құндылықтардың қозғалысы «жабдықтаушылар» және алушылар бойынша жеке-жеке көрсетілген, ал бұл екі топтың ішінде - құндылықтардың жеке атаулары бойынша топтастырылған. Есеп қорытындысы бойынша жиыны көрсетілген. Егер есеп бірнеше беттен түратын болса, онда әр беттің соңында жиыны жазылып, ең соңында жалпы жиыны берілген. Сонымен қатар күнделікті қойма бойынша есеп мәліметтері (сводка) беріліп отырған.
Егер Египет «бос қағаздарда есеп жүргізудің» отаны болса, ал Вавилония «карточкада есеп жургізудің» отаны болып табылады. «Карточкаларды» жұмсақ және ылғал саздан тілімше (пластина) түрінде жасаған, немесе оны таблетка деп аталатын көлемі 2 см. ден 30х40 см болатын алып плиталар болған. Саздың ылғал бетінде қамыс сабағымен шаруашылық өмірдің деректері туралы жазбалар жасалған, сосын бұл құжат күнге кептірілген (ерзе заманда), немесе күйдірілген (кейінгі уақытта). Саздың ерекшеліктері жазулардың өшіріліп кетуіне әкелген, жазбаша түзету енгізу деген болмаған. Жарамайтын құжатты сындырып жойған. Кейінірек келе, құжатты екі дана етіп жазу басталған. Құжаттар саз құмыраларға немесе себеттерге (корзина) салынып, қақпағы жабылып, жіппен (арқанмен) буылған. Арқан ұшына сақталатын құжаттардың аты, орындаушы жауаптының аты-жөні және уақыт (есеп) аралығы көрсетілген саз түірілген.
Егерде Египетте табылған құжаттар хронологиялық жазбалар жүйелік (систематическая) жазбалардан ерте пайда болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік берсе, Вавилония құжаттары керісінше. Бір жағынан, ғибадатханалардың бірінің журналында хронологиялық жазбалардың нұсқасы анық болса, екінші жағынан – материалдық есепте жүйелі жазбаны табамыз: әр құндылықтың атауы бойынша ашылған таблеткалардағы (карточкалардағы) есеп. Таблетканың бір бетінде қабылданған құндылықтардың саны, мөлшері, көлемі тіркелсе, артқы бетінде қорытынды жиыны жазылған.
Материалдық құндылықтардың есебі былайша іске асырылған: кіріс және шығыс құжаттары бөлек топтастырылып, бұл топтар ішіндегі мәліметтер әр құндылықтың атауы бойынша жеке-жеке есепке алынып, олардың айналымдары есептеліп, бастапқы қалдыққа кірісін қосу, шығысын шегеру жолымен соңғы нәтиже сомасы анықталған және ол құндылықтың нақты бар мөлшерімен салыстырылған. Барлық есептік мәліметтер таблеткаларда тіркеліп, олардың ауытқу себептері анықталып, кінәлі адамдар есебінен жетіспеушіліктер өндіріліп отырған. Вавилонияда синтетикалық (жинақтаушы) және аналитикалық (жіктеуші) есеп түрлері ажыратылған, яғни «Астық дәнділер» деп аталған синтетикалық ведомоске «Бидай», «Күріш» және т.б. аналитикалық шоттардың сәйкес келген.
Вавилония есеп туралы заңдылық – Хаммураби Заңдары (1790-1752 жж. біздің дәуірге дейін) пайда болған алғашқы ел. Бұл заңдар бойынша саудагер көпестерге - өз бетінше есеп жүргізу, ал ғибадатханаларға – мемлекеттік есепшілік жүргізу тағайындалған.
Грекияда папирус қымбатқа түскендіктен, есепті гипспен ағартылған тақтайшаларда жүргізу басымырақ болған. Мұнда алған монета түріндегі ақшалар пайда болды. Сондай-ақ, мүлікке байланысты материалдық жауапкершілік түсінігі қалыптасты, гректер ұрлық жасау мен тонауға қатаң шаралар қолданған. Материалдық жауапты тұлға етіп тек дәулетті адамдарды тағайындаған, себебі егер жетіспеушілік туындаса, одан 10 есе артық өндіріп алып отырған. Гректерде ескертусіз кенеттен түгендеу жүргізу деген болмаған, керісінше түгендеу жүргізу туралы бастама (инициатива) жауапты тұлғадан болған. Ол есеп беріп болған соң, есебінің дәйектілігін дәлелдеу үшін түгендеу жүргізілген. Ағымдағы есеп хронологиялық жазу түрінде жүргізілген. Ал хронологиялық регистр бойынша есеп беру үшін рекапитуляция жасалған.
Римде есептік жазулар алғашқыда балауыз жағылған ағаш тақтайшаларда, жез тақтада, былғарыда жазылса, кейіннен папирус және пергамент (ертеде қағаз орнына пайдаланылған бұзау терісі немесе дымқылдықты, майды өткізбейтін жылтыр қағаз) қолданылған. Бірақ мұнда есептің негізгі жетістіктері оның техникалық әдістерінде емес, оның есептік регистрлер жүйесінде болды. Мұнда есеп кітаптарын жүргізумен қатар, есеп регистрлерінің байланысқан жүйесі дамыды. Бірінші кітап Adversaria болды, ол шаруашылық өмірдің дерктерін күнделікті жазуға арналды. Бұл кітапты кейін «Мемориал» деп атайды. Бұл Цицерон есептегендей, жай алғашқы (черновой) жазу кітабы болса, кейін таза (беловой) жазуға арналған толық заңды кодекстер пайда болды. Бұл кодекстер екіге бөлінді: бірінде – ақша қаражаттары мен ақшалай есеп айырысулар бойынша шоттар келтірілсе, екіншісінде – материалдық-заттай шоттар бойынша бидай, шарап және т.б. есебі жүргізілді. Екі кодекс бойынша да сальдо (қалдық) шығарылып отырған. Сальдо ұғымы сол кездегі бухгалтеряда пайда болған. Кодекстерде жазылған жазуларға қандай да бір түзетулер енгізуге тыйым салынған.
Римде мемлекет масштабында бюджеттік есеп белгілі дәрежеде дами бастады, жеке провинцияларда бревариум деп аталған кітап жүргізілген, онда сметалық көрсеткіштер және олардың орындалуы бейнеленіп отырды. Кейінгі әдебиеттерде бұл регистр баланс деген атау алды.
Римде мемлекеттік есеп, негізінен армияның қаржысына байланысты болғандықтан, оны квесторлармен (мемлекеттік басқарушы лауазымды тұлғалар) бақыланып, барлық ақша қозғалысына қатысты операцияр солардың қолында болды. Сонымен қатар, арнайы салық полициясы құрылды, оның қызметкерлері салық салынатын табыс пен мүлік жайлы деректерді алу үшін әйелдер мен балаларды да қинап, азаптауға дейін барған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет