Кедейлер Күзетші Көмек берушілер Белгілі бір маусымдық мерзімге жалданған жалшылар не деп аталған? Айлықтар



бет1/3
Дата12.03.2023
өлшемі27,11 Kb.
#172014
  1   2   3
Байланысты:
Баяхметова Аружан 14 апта


14 апта бойынша тест жұмысы
1.Жатақтар дегеніміз кім?

  1. Байлар

  2. Малшылар

  3. Кедейлер

  4. Күзетші

  5. Көмек берушілер

2.Белгілі бір маусымдық мерзімге жалданған жалшылар не деп аталған?

  1. Айлықтар

  2. Жатақтар

  3. Кедейлер

  4. Жылдық

  5. Орақшы

3.Жалшылыққа сүйегі қатпаған қандай балаларда жалданған?

  1. Жас

  2. Жеткіншек

  3. Ақылды

  4. Жұмыскер

  5. Кәмелетке толмаған

4.Көпшілік ауыл шаруашылық жұмысына жалданған адамдарды кімдер деп атады?

  1. Малмен жұмыс іститіндер

  2. Құлдар

  3. Көмек берушілер

  4. Жалшылар

  5. Жұмыскерлер

5.Жетісу өлкесінде «сұлтандар, билер мен саудагерлердің әрқайсысында мал басы қанша мыңнан кем болмаған?

  1. 2000нан

  2. 1000нан

  3. 5000нан

  4. 1500нан

  5. 2250нан

14 апта бойынша тәжірибелік жұмыс



  1. Төлеңгіт - сөзінің этиммологиясы.

Төлеңгіт: Мамадайыр, Құсшы, Қалмақ, Дейіт, Табын, Жемет, Қара ешкі, Уанас, Жалаң,Таз, Жөлке, Оңажыт, Боран, Телеу деп жіктеледі. «Төлеңгіт «Түгел тарихта» Шыңғыс ханның дәргейіне келтірілген қонысы шалғай тайпалардың қатарында айтылады. Татар даласының терістік сыртында, орманды алқапта тұрады, сондықтан да «ағаш-елі» атанатын қауымға жатады. Бұлардың тіршілік кебі ортақ – негізінен аңшылық болғанымен, тұқым-тегі де, тұрмыс-салты да әрқилы деп жазған Рәшид-әд-Дин. Ал төлеңгіттің түрік нәсілді екенін атап көрсеткен.
Төлеңгіт (теленгут, теленгит) – түрік әлемінің шығыс атырабында қалыптасқан ежелгі рулардың бірі. Түп негізі (толонко, доланьге) ғұн жұртының бір әулеті саналатын, қытай деректерінде гаогүй аталған Теле тайпа бірлестігінен бастау алады. Жарақты әскері бір түмен, яғни бүкіл төлеңгіт – 10 мың шаңырақ, 50 мың жан шамасында болған. Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрік қағанаты кезінде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрі жауынгер, негізгі рулардың қатарында, Толы өзенінің аңғарында жасапты. Алып мемлекет екіге бөлінгенде Көк Түрік – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенінің бойында қоныстанған екен. Көк Түрік ұлысы ыдырағаннан соңғы қырқыс, бұлғақ замандарда саны азайып, қуаты да кеміп, Байкөл маңы, Саянның сыртына қарай ығысқаны байқалады. Бұл кезде әуелгі қуатты қауымның кейбір бұтақ, бөлшектері Ұлы Дала шегінде қалған басқа бір іргелі тайпалардың құрамына кіргенін көреміз. Мәселен, Рәшид-әд-Диннің көрсетуінше, он ата жалайырдың үлкен бір тармағы төлеңгіт аталады» Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады.

  1. Ортағасырлық төлеңгіттер институты: қалыптасуы мен даму эволюциясы.

Дәстүрлі қазақ қоғамында қоғамның билік басындағы ақсүйек өкілдері хан-сұлтандар мен дала шонжарларына тәуелді және жартылай тәуелді бірнеше әлеуметтік топ өкілдерінің болғандығы белгілі. Олар қазақ қоғамындағы төлеңгіт, жатақ, жалшы және сол сияқты т.б. әлеуметтік топтар болатын.
Солардың бірі қазақ жұртындағы төлеңгіт институтын мақаламызға арқау етпекпіз. Қазақ қоғамындағы төлеңгіт институтының тарих сахынасына шығуы, оның қоғамдық өмірдің, әлеуметтік жүйесінің құрамдас бөлігіне айналуы қай кезден бастау алды, оның негізгі қызметі қандай және т.б. мәселелердің беті ғылымда әлі толық ашылып, өз шешімін таба қойған жоқ десе болғандай. Қазақ қоғамындағы төлеңгіт институтының пайда болуы мен қалыптасуы тарихына әр кездерде Қазақ тарихын зерттеумен айналысқан белгілі ғалымдар қалам тартты. Олардың қатарына Ф.Зобниннің, Е. Бекмахановтың, М.Вяткиннің, В.Шахматовтың, М. Масеевичтің, С. Зимановтың т. б. еңбектерін жатқызуға болады.
Қазақ қоғамында халықтың қандай тобы төлеңгіттерге айналғандығы және төлеңгіттердің қоғамда атқаратын қызметтерін ашып көрсету бұл институттың қоғамдық жүйедегі орны мен рөлін тануға мүмкіндік береді.
Көшпелі қоғамның әлеуметтік жүйесі және әлеуметтік қатынастарымен біршама таныс болған Г.Е. Марков өз еңбегінде бұл тақырыпқа байланысты: «қазақ қоғамында шағын төлеңгіттер тобының әлеуметтік жағдайын анықтап алу қиынға соғады, себебі көптеген деректер олар жөнінде көп жағдайда тек үзінді мәліметтерден тұрады» [1, 154 б.], – деп атап өткен болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет