Төлеңгіттер – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ақсүйек-төрелерге (хандар мен сұлтандар) қызмет етуші адамдардың әлеуметтік қауымы. Негізінен жаугершілік замандарда сырт елдерге жорық жасау барысында қолға түсіп, билеушілердің жеке иелігіне берілген соғыс тұтқындарынан тұрды. Сондықтан олар үш жүздің ешқайсысына кірмейді, тек төрелерге ғана қызмет ететін әлеуметтік топ болып есептелген. Олар хандар мен сұлтандардың барлық шаруашылық жұмыстарын атқаруға міндетті болды. Төлеңгіттердің енді бір бөлігі – сұлтанның немесе хан ордасында билеушілердің жеке басын қорғайтын әскери жасақ, бейбіт уақытта олардың тапсырмаларын орындаушы, зекет, соғым жинаушы, сот биліктерін орындатушы шабармандар міндетін де атқарған. Мысалы, Абылай ханмен бірге 1000-нан астам төлеңгіт отбасы көшіп-қонып жүрген [2, 471 б.].
Төлеңгіт сөзінің шығу төркінінің тарихы хақында тарих ғылымында әлі де болса бір жүйеге келіп қалыптасқан пікір жоқ.
«Төлеңгіт» деген сөз қазақ сөзі емес, ол Алтай қалмақтарының «теленгет» деген сөзінен алынған деп дәлелдейді кейбір зерттеушілер.
Төлеңгіт сөзінің этимологиясы туралы осы мәселені алғашқылардың бірі болып зерттеген Ф.К. Зобниннің еңбегінде: «Тюленгутъ (теленгутъ, тулюнгуть - по некоторымь авторамь) слово не киргизское, оно заимствовано киргизами отъ алтайскихъ калмыковъ - теленгетовъ (теленгуты, теленгиты), вь языкь которыхъ и теперъ сохранилосъ это слово, какъ обознашеніе своей народности» делінген [3, 27 б.].
Ал қолда бар деректер төлеңгіттіктің пайда болуының екі жолы туралы сөз етуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, төлеңгіттер бұрынғы қүлдардың ұрпақтарынан қүралған. Өкінішке қарай, қүлдың төлеңгітке айналу барысын айқындау қиын. Қазақтардың әдеттегі қүқығына сәйкес, «қүлдар өз қожайындарының қалауы бойынша ақы төлеп бостандық алуы мүмкін, бүл үшін қожайын талап еткен сомада ақша немесе бәлен мал, қандай да болсын дүние мүлік беруі керек». Сонымен бірге басында бостандығы бар қазақтың күңмен некелесуінен туған балаларға бостандық беріледі.
Сөйтіп, қазақтардың әдеттегі қүқығына сәйкес, қүлдардың бір бөлігі бостандық ала алатын болды. Қоғамның толық мүшесі болған бүл қүлдар төлеңгіт бола алатын еді.