1. Жалпы ережелер



бет1/5
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#18009
  1   2   3   4   5
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл салалық келісім (әрі қарай – Келісім) білім және ғылым саласындағы қызметкерлер мен жұмыс берушілер тараптары мүдделерінің келісімі және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу мақсатындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалды.

1.2. Бұл Келісімнің тараптары:

- мемлекеттік білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері;

- жұмыс берушілер – мемлекеттік білім беру ұйымдары.



Тараптардың өкілетті өкілдері:

Жұмыс берушілер тарапынан – Павлодар облысының білім беру басқармасы (мәтін бойынша әрі қарай – «Басқарма»);

Қызметкерлер тарапынан – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ (мәтін бойынша әрі қарай – «Кәсіподақ»).

1.3. Бұл Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттеріне, 20011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ережесіне, 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметкерлер мен жұмыс берушілер республикалық бірлестіктер арасындағы Бас келісімінің нормаларына негізделеді.

1.4. Басқарма мен Кәсіподақ (мәтін бойынша әрі қарай – «Тараптар») әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу келісіміне, осы Келісім міндеттерін уақытылы және толық көлемде орындау жөнінде өзара тығыз қарым-қатынасты дамыту туралы келесімге келді.

1.5. Кәсіподақ білім және ғылым қызметкерлерінің өкілетті өкілдігі екендігін, ұжымдық келіссөздер жүргізу, салалық ұйымдардағы ұжымдық шарттар мен барлық әлеуметтік серіктестіктер деңгейіндегі салалық келісімдерді жасау құқығын Басқарма мойындайды, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін, еңбегін қорғау және өкіл болу ісіндегі қызметін нығайтуға міндетті.

1.6. Білім және ғылым жүйесіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі негізгі қағидаттарын орнататын әлеуметтік серіктестіктің негізгі құжаты ретінде Тараптар осы Келісімнің мәртебесін мойындайды.

1.7. Осы келісімнің өрісі білім беру органдары, жұмыс берушілер және Кәсіподақ ұйымдарына таралады.

1.8. Осы Келісімнің негізгі ережелері Басқарма және Кәсіподақ құрылымына кіретін салалық, аудандық және қалалық келісімдеріне, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық шарттарына енгізілетін негіз болып табылады.

Осы Келісім мен еңбек заңнамаларымен белгіленген еңбек және ұжымдық шарттары қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауы тиіс.

1.9. Осы келісімнен туындайтын ережелер минималды болып есептеледі, олар қалалық және аудандық келісімдер мен салалық ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған жағдайда аталмыш ережелер қалыс қалмауы тиіс.

Келісім бойынша жұмыс берушілер ұйымдардағы жасалған (қабылданған) ұжымдық шарт негізіндегі қызметкерлерге деген жоғары міндеттемелер мен кепілдіктердің көлеміне шектеулік қоя алмайды.

1.10. Осы Келісімді жасау бойынша жүргізілетін ұжымдық келіссөздер немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, сонымен қатар оның жүзеге асу барысын қадағалау, жоспарланған мәселелер мен туындап жатқан даулы жағдайларды қарастыру үшін тең дәрежедегі әлеуметтік серіктестіктің қолданыстағы Салалық комиссиясы құрылады.

1.11. Осы Келісімнің орындалмауы жағдайында мүдделі тұлғалар осы Келісімге қол қойған салалық комиссия мүшелеріне немесе тікелей басшыларына жазбаша түрде хабар береді. Тараптар келіп түскен (ұсынылған) ақпаратты талқыға салып, тиісті шешім қабылдайды.

1.12. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге тараптардың құқықтары бар. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастама жасаған тарап Келісім жасаудың тәртібі негізінде келіссөз жүргізу туралы екінші тарапқа жазбаша ұсыныс жолдайды.

Келісімге енгізілетін тараптардың өзгерістері мен толықтырулары осы келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып саналатын жеке хаттамамен және қосымша келісіммен рәсімделеді.


2. Әлеуметтік серіктестіктің дамуы мен Келісім тараптарының әрекеттерін үйлестіру
2.1. Осы келісімнің тараптары өз мойындарына келесі міндеттемелерді алады:

2.1.1. Әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында аталмыш Келісімнің реттеу құралы болып табылатын еңбек қатынастары, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, қабылданған шешімдер мен нормативтік-құқықтық актілер жөніндегі мәселелер туралы уақытылы да толық ақпаратты екі тарап бір-біріне жолдау.

2.1.2. Салалық аймақтық келісімдердің және ұйымдардағы ұжымдық шарттардың тиімділігі мен пәрменділігін (ықпалдылығын) көтеруге, оны жасауға барынша ықпал ету.

2.1.3. Заңнамамен белгіленген жеке-дара және ұжымдық еңбек тартыстарын шешу тәртібін сақтау, қызметкерлер тарапынан төтенше шарамен шешу жолын, яғни ереуіл тудыруды алдын алу мақсатында пайда болатын дауларды шешуде, оларды болдырмау жағдайындағы барлық тиімді мүмкіндіктерді пайдалану.

Еңбек дауларын, ұжымдық еңбек дауларын, ереуілдерді алдын алу жөнінде бірлесіп шаралар өткізу.

2.2. Тиісті жағдайда Салалық комиссия шешімімен тең негізде:

- еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жөнінде Кеңес құру;

- ұжымдық еңбек дауларын алдын алу мен шешу мәселелері жөнінде Кеңес құру;

- келісімдерді, ұжымдық шарттарды қабылдау және жасау кезіндегі бақылаушылар тобын құру.



2.3. Басқарма:

2.3.1. Кәсіподақ өкілдерін еңбек қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің мемлекеттік салалық бағдарламалар, нормативтік құқықтық актілер бойынша жасалатын (қабылданатын) жобалар жөніндегі коллегиялық (алқалық) басқару органдарына, комиссияларына, және басқа да жұмыс органдарына (топтарына) қосады.

2.3.2. Кәсіподақпен кеңестер жүргізеді, Кәсіподақтың сұрауы бойынша қызметкерлер құрамы мен саны, еңбек төлемінің жүйесі, персоналдардың санаттары бойынша орташа жалақыларының көрсеткіші, еңбекті қорғау жағдайының көрсеткіші, қызметкерлер санын (штатын) жаппай қысқарту шараларын жүргізу мен жоспарлау, білім және ғылым саласындағы қаржылық қамтамасыз етудің мемлекеттік органдар тарапынан қабылданған шешімдері, әлеуметтік-еңбек мәселелері туралы қажетті ақпараттарды ұсынуы тиіс.

2.3.3. Кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары өкілдерінің білім беру ұйымдарының басқарушы органдары жұмыстарына қатысуға ықпал етеді (ғылыми, қамқорлық, бақылаушылық, педагогикалық кеңестер және т.б.).



2.4. Кәсіподақ:

2.4.1. Басқарманың сұрауы бойынша Кәсіподақ құрамы, саны, статистикалық мәліметі, Кәсіподақтың ұйымдары, еңбек заңнамалары мен еңбекті қорғау және қауіпсіздігінің орындалуы, саладағы әлеуметтік серіктестік туралы ақпаратты және басқа да мәліметтерді ұсынады.

2.4.2. Жұмыс берушілер өкілдерімен еңбек заңнамаларының негіздері, кәсіптік одақтар туралы заңнамалар, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестікті құқықтық реттеу мәселелері жөнінде белсенді оқу жұмыстарын жүргізеді.

2.4.3. Жасалған салалық аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттардың есебін (жүргізілуін) қамтамасыз етеді, талдау жасап, жалпылайды, алдыңғы қатарлы тәжірибесін салалық серіктестік саласында таратады (ендіреді).



3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары
3.1. Тараптар келесі міндеттемелерді мойындарына алады:

3.1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға (1-кезеңі) арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған шаралар жоспарын орындауға бағытталған әрекеттерді бірігіп белсенді орындау (атқару).

3.1.2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес педагогикалық қызметкерлерінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарын жалғастыру. Жергілікті билік органдарымен бірлесіп салалық қызметкерлерге әлеуметтік, экономикалық қолдау көрсетіп, білім беру жүйесін жоғарыбіліктендірілген мамандармен (кадрлармен) қамтамасыз ету.

3.2. Басқарма міндеттері:

3.2.1. Саланың басымды дамуы үшін облыстық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесін уақытылы шешу, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау, балалар мен жастарға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

3.2.2. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі Салалық комиссияға жылына бір рет саладағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде ақпараттарды ұсыну.

3.3. Кәсіподақ міндеттері:

3.3.1. Мемлекеттік бағдарламасының талап ететін міндеттерін шешуде еңбек дисциплинасын (тәртібін) нығайту, еңбек ұжымдарын шоғырландыру үшін кәсіподақ жұмысындағы барлық нысандарды (формаларды) пайдалану.

3.3.2. Педагогтың қоғамдағы жағымды имиджін қалыптастыру бойынша кәсіби конкурстар (байқаулар), акциялар (науқандар), БАҚ-пен бірлескен жобалар, форумдар, слеттер, дөңгелек үстелдер және тағы басқа шаралар жүргізу жұмыстарын даярлауға қатысу.

3.3.3. Кәсіподақ мүшелеріне тегін заң-құқықтық, кеңестік көмек көрсету, кәсіподақ ұйымдарының қызметтерін құқықтық қорғауда атсалысу.

3.3.4. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі Салалық комиссияға жылына бір рет саладағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде ақпараттарды ұсыну.



4. Еңбек шарты (келісімшарты)
4.1. Еңбек шартының мазмұны, оның жасалу тәртібі, өзгертілуі мен бұзылуы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, басқа заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерге, білім беру ұйымдарының жарғыларына (ережелеріне) сәйкес анықталады және қолданыстағы еңбек заңнамаларымен, сонымен қатар Бас келісіммен, тарифтік салалық, аймақтық, осы келісіммен салыстырғанда қызметкердің жағдайы төмендетілмейді.

4.2. Қызметкермен еңбек шарты жазбаша түрде, жұмыс беруші мен қызметкердің қолдары қойылған екі нұсқада жасалады. Еңбек шарты еңбек шарттарын есепке алатын кітапта (журналда) тіркеледі. Тараптардың қолдары қойылған, білім беру ұйымының мөрі соғылған еңбек шартының бір нұсқасы қызметкерге беріледі. Екінші нұсқаның қызметкер қолына берілгендігі туралы еңбек шарттарын тіркейтін кітапта (журналда) белгі болады.

Еңбек шарты жұмысқа шығуы туралы бұйрық шығаруға негіз болады.

4.3. Тұрақты сипаттағы жұмысқа қызметкерді қабылдауда жұмыс туралы еңбек шарты белгісіз мерзімге немесе кемі бір жылға қабылдануы мүмкін. Бұл ереже қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын жағдайда жасалатын еңбек шарты болып табылады.

Еңбек шартының бір жылдан кем мерзімге жасалуы белгілі бір жұмыстың уақытша атқарылуымен, яғни тиісті бір уақыт аралығындағы қызметкердің орнында жұмыс істеуімен байланысты болып келеді.

Егер бұған дейінгі қызметкермен еңбек шартының бір жылдан кем емес мерзімге жасалып, оның әрі қарай ұзартылуы жағдайында еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалды деп есептеледі.

Еңбек шартының аяқталу мерзімі келген жағдайда тараптардың (қызметкер мен жұмыс беруші) ешбіреуі бір жұмыс ауысым (бір жұмыс күні) ішінде еңбек қатынастарының тоқтатылуын (доғарылуын) талап етпесе, еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалды деп есептеледі.

Егер еңбек шартында жұмыс істеу мерзімі қаралмаған болса, еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалды деп есептеледі (ҚР ЕК 29-бабы).

Бір жылдан кем мерзімге жасалған еңбек шарты келесі белгілі мерзімге зейнет жасына толған азаматтық қызметкерлермен, сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшыларымен қайта жасалып, мерзімге созылуы мүмкін (ҚР ЕК 204, 249-баптары.)

4.4. ҚР Еңбек кодексінің 28-бабымен қарастырылған (белгіленген) еңбек шартының елеулі жағдайлары ескеріледі, оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, жұмыс уақытының тәртібі мен ұзақтығы, еңбекақысының мөлшері, жеңілдіктер, өтемақылар және т.б.

Еңбек шартының талаптары ҚР Еңбек кодексімен белгіленген тараптардың жазбаша түрде келісімдері бойынша ғана өзгертіле алады.

Еңбек жағдайының (талаптарының) өзгеруі туралы білім беру ұйымдарының басшылары қызметкерді және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін өзгеріс енгізілетіннен бір ай бұрын жазбаша түрде ескертулері тиіс.

4.5. Педагогикалық қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі (педагогикалық жұмысы) кәсіподақ комитетінің пікірін назарға ала отырып, оқу жоспарының сағатымен, оқу бағдарламасымен, кадрлардың қамтамасыз етілуімен, басқа да белгілі талаптармен белгіленеді.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында ескеріледі, сонымен қатар қызметкердің жазбаша келісімімен тараптардың өзгерістер енгізулері мүмкін.

Сыныптардың, топтардың және жаңа оқу жылында оқу жүктемелерінің анықтау мақсатында оқу жылы аяқталмас бұрын және қызметкерлердің жазғы демалыстарына шықпай тұрып алдын ала қызметкерлердің оқу жүктемелерінің көлемі белгіленеді.

Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына дейін оларды жаңа оқу жылына алдын ала оқу жүктемесі көлемімен жазбаша түрде таныстыруы тиіс. Жаңа оқу жылының басталуымен нақты оқу жүктемесі алдын ала белгіленген оқу жүктемесінің көлемімен білім беру ұйымындағы штаттық кестесінің өзгеруіне, тәлімгерлер (оқушылар) контингентінің толымдауына, оқу жоспарының өзгеруіне орай сәйкес келмеуі мүмкін.

4.6. Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесін белгілеу кезінде қызмет атқаратын ұйым негізгі жұмыс орны болып саналатын болса, онда олардың оқу жүктемесінің көлемі, сыныптардағы, топтардағы оқу жоспары мен көлемі толық сақталады. Әкімшіліктің бастамасымен (инициативасымен) бұл санаттағы педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемін оқу жылының басында да және келесі жаңа оқу жылына да азайту мүмкін емес, тек оқу жоспары мен бағдарламасының, сыныптардың азаюына байланысты ғана төмендеуі мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі оқу жоспарымен бекітілетін сағаттар санына байланысты бірінші және екінші жартыжылдықта әртүрлі болулары мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі заңнамамен айқындалған нормативтен жоғары не төмен болу жағдайы қызметкердің жазбаша келісімімен бекітіледі.

4.7. Негізгі жұмыс орнында қызмет атқаратын педагогикалық қызметкерлер оқу жүктемесінің көлемі 1 ставкадан кем емес болса, онда білім беру ұйымында қызмет ететін негізгі жұмыс орны болып саналатын педагогикалық қызметкерлерге, сонымен қатар басқа білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлеріне (оның ішінде білім беру басқармасы органдарының, оқу-әдістемелік кабинеттері, орталықтар қызметкерлері) қосымша жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

4.8. Үш жасқа дейінгі бала күтімі демалысында жүрген педагогикалық қызметкерлер үшін оқу жүктемесі жалпы негізде белгіленіп, олардың жүктемесі басқа қызметкерлерге беріледі.

4.9. Оқу жүктемесі демалыс күндеріне және мереке күндеріне жоспарланбайды.

4.10. Еңбек шартындағы еленетін немесе ұйым басшысының бұйрығымен оқу жылы ішінде педагогикалық қызметкерлердің бір жылдың ішіндегі оқу жүктемесімен салыстырғанда оның жоғары не төмен өзгеруі келесі жағдайда мүмкін:

а) екі тараптың өзара келісімі бойынша;

б) жұмыс берушінің бастамасымен келесі жағдайда:

- оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша сағат санының азаюында, сыныптардың, топтардың қысқаруында;

- жұмыста жоқ қызметкерді уақытша алмастыру үшін өндірістік қажеттілікке байланысты оқу жүктемесінің көлемін уақытша көтеру (қызметкердің келісімінсіз оқу жүктемесінің ұзақтығын ұлғайту күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы тиіс);

- қаңтарылу, жұмыстың бос тұруы кезінде, ұйымдағы (мекемедегі) жұмыстың қаңтарылуына (бос тұруына) байланысты қызметкерге өзінің мамандығы мен біліктілігіне сәйкес басқа жұмыс немесе басқа мекемеде жұмыс тапсырылған жағдайда бір айға дейін ғана мерзім беріледі (ауа райына байланысты сабақтардың болмауы, карантин және басқа да жағдайлар),

- бұрын осы оқу жүктемесін атқарған педагогикалық қызметкердің жұмыс орнындағы еңбек дауын қарастырып, оны тиісті органдардың шешімімен қайта қызметке алғанда;

- бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан шыққан мерзімде немесе аталмыш еңбек демалысының аяқталуына байланысты әйелдің (қызметкердің) жұмысқа шығуы жағдайында.

4.11. Қызметкердің еңбек функцияларының өзгеріссіз жалғастыруында (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазымы бойынша жұмыстар) тек жаңа оқу жылының басында ғана еңбек талаптарының ұйымдастырушылық немесе технологиялық өзгеруіне орай (сыныптар толымы, топтар немесе оқушылардың (тәлімгерлердің) санының өзгеруі, оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттары санының өзгеруі, эксперимент жүргізу, ұйымдастыру жұмыстарының ауысымы өзгеру, білім беру бағдарламаларының өзгеруі және т.б.) жұмыс берушінің бастамасымен (инициативасымен) педагогикалық қызметкерлердің жұмыс талабына өзгерістер енгізілуіне жол беріледі.

Оқу жылының ішінде еңбек шартының талаптарына елеулі өзгерістер тараптардың еріктеріне қатысты емес жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Еңбек шартына өзгерістер енгізілуі туралы жұмыс беруші қызметкерге жазбаша түрде бір ай бұрын хабардар етуі керек.

Қызметкер жұмыс берушінің ұсынған шарттар талабымен келіспеген жағдайда, онда жұмыс беруші аталмыш ұйымның ішіндегі қызметкердің мамандығына, денсаулығына жарамды басқа жұмысты жазбаша түрде ұсынуы керек, ондай жұмыс болмаған жағдайда мамандығы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оған төмен тұрған және төмен жалақылы вакантты қызметті ұсынады.

4.12. Еңбек шартын жасау барысында жұмыс беруші немесе оның өкілетті өкілі қызметкердің қолын қойғыза отырып, оны осы келісіммен, білім беру ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ішкі еңбек тәртібімен және ұйымның қолданыстағы басқа да еңбекке қатысты нормативтік құқықтық актілерімен таныстыруы керек.

4.13. Қызметкермен еңбек шарты тек Қазақстан Республикасының Еңек кодексімен белгіленген немесе ҚР басқа да заңдары негізінде ғана тоқтатылуы мүмкін. Кез-келген негіздегі жұмыс берушінің инициативасымен еңбек шартының бұзылуы барысында ҚР ЕК 54-бабына, сонымен қатар ҚР ЕК 59-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінен алдын ала дәлелденген ой-пікір алуы тиіс.

4.14. Қызметкерлердің дербес деректерін сақтайтын тәртіп туралы бұйрықтың болмауы жағдайында, білім беру ұйымдарының басшылары 2015 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде жоғарыда аталған бұйрықтың жариялануына (шығуына) қатысты өз мойындарына міндет алады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлердің дербес деректерін жинап, оларды өңдеу және қорғау (сақтау) жөнінде келесі міндеттерді мойындарына алады:

1) қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға дербес деректер туралы мәлімет бермеу;

2) қызметкерлердің дербес деректеріне рұқсатты тек арнайы өкілетті органдардың қызметкерлеріне ғана беру. Бұл орайда аталмыш арнайы өкілетті органдардың тұлғалары құзыреттік міндеттеріне орай қызметкер туралы нақты керек деректі ғана және алынған деректерді құпиялылықта ұстау керек.

3) ұйым ішінде қызметкердің жеке дербес деректерін тарату жұмыс берушінің жазбаша актісі негізінде қызметкердің танысуымен ғана жүргізілуі тиіс.
5. Қызметкерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
5.1. Тараптар келесі келісімдерге келді:

5.1.1. Білім беру ұйымдарына қажеттілік негізінде білім беру басқармасы қызметкерлерді (кадрларды) кәсіби дарялау, қайта даярлау қажеттілігін айқындайды.

5.1.2. Білім беру басқармасы Кәсіподақпен келісе отырып, қызметкерлердің кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру формаларын, қажетті кәсіптер мен мамандықтар тізімін, күнтізбелік жыл ішіндегі оқушылардың санын анықтайды.

5.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

5.2.1. Барлық қызметкерлердің кәсіби даярлығын, қайта даярлығын және біліктіліктерін арттыруын ұйымдастыру.

5.2.2. Бес жылда бір рет бюджеттік қордың қаражатына білім беру ұйымдарындағы педагогикалық және медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруы міндетті.

5.2.3. Қызметкердің жұмыстан босатылу мен басқа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде жұмыстан босатылып жатқан қызметкерді жаңа жұыс орнына орналастыру мақсатында озық оқумен қамтамасыз етуі міндетті.

5.2.3. Қызметкерді біліктілігін арттыруға оқуға жіберген кезде оның жұмыс орнын (лауазымын), жұмыс орнындағы еңбекақысын сақтау, егер қызметкер оқу мақсатымен басқа жерге жіберілетін болса, онда оның қызметтік іссапарға жіберілетін тұлғалар үшін заңнамамен төленетін іссапар шығындарын (тәуліктік, жол шығындары, қонақ үй шығындары) төлеуі міндетті.

5.25. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында педагогикалық және педагогикалық емес қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру. Аттестаттау нәтижесіне байланысты алынған біліктілік санаттарына жаңа оқу жылынан бастап қосымша ақы белгілеу, ал педагогикалық емес санаттағы қызметкерлерге біліктілік алынған күннен бастап қосымша ақы төлеуі тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы медициналық қызметкерлердің аттестатталуы денсаулық сақтау қызметкерлеріне белгіленген заңнамамен қарастырылады.

5.3. Орта деңгейлі біліктілікті педагогикалық қызметкерлердің жоғары оқу орнындағы оқуы мамандығына, лауазымына және біліктілігінің арттыруына сәйкес келетін болса, білім беру басқармасы олардың оқу демалыстарын төлеу міндеттерін мойнына алады.

6. Қызметкерлерді жұмыстан босату және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету
6.1. Білім беру басқармасы міндетті:

6.1.1. Жұмыс берушілер тарапынан бастауыш кәсіподақ ұйымына қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқару жөнінде жазбаша түрде бір ай бұрын хабарлама беруі тиіс, егер аталмыш білім беру ұйымында жаппай қысқарту (5 адамнан 10 адамға дейін) жүргізілетін болса, бір жарым ай бұрын жазбаша түрде Аумақтық кәсіподақ ұйымына (Кәсіподақ филиалына) хабарлама беруі тиіс, тіпті білім беру ұйымының жабылуы (қызметінің тоқтатылуы) немесе жаппай қысқарту (бір ай ішінде 10 адамнан астам) жүргізілетін жағдайда, екі ай бұрын хабарлама беруі тиіс.

6.1.2. ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларына (ұйымның жабылуы, штаттың немесе қызметкерлердің қысқартылуы) сәйкес қызметкерлер жұмыстан босатылуы туралы хабарлама алса, жұмыс іздеу мақсатында жалақысы сақталатын жұмыстан тыс аптасына бес ағаттан кем емес уақыт беруі тиіс.

6.2. Тараптар келесі келісімге келді:

6.2.1. Қызметкерлер санын немесе штатты қысқарту барысында басымдық құқығына ие болатын қызметкерлер:

- зейнеталды жасындағы қызметкерлер (зейнеттен 3 жыл бұрын);

- осы ұйымда 10 жыл және одан көп мерзім қызмет атқарған қызметкерлер;

- көпбалалы ата-аналар (төрт және одан көп балалар);

- еңбекте жоғары сапалы көрсеткіштері бар қызметкерлер.

6.2.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуы барысында жұмыстан босатылатын қызметкерлер үшін кепілдіктер мен өтемақылар төленеді, сонымен қатар вакансия (бос лауазым) пайда болған жағдайда аталмыш санаттағы қызметкерлер басымдық құқыққа ие болады.

6.2.3. Ұйымда бос орын, оның ішінде уақытша (белгілі мерзімге) қызметтің пайда болған жағдайында, бұрын қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған, өзін оң жағынан көрсеткен, басымдық құқықтарына ие болған қызметкерлер алынады (орналастырылады).

6.2.4. Жұмыс орындарын мәжбүрлі қысқарту барысында (лауазымдарды) ең алдымен төмендегі тәртіптер негізге алынады:

- вакансияларды жою, қосымша қызмет атқаратындарды жұмыстан босату;

- әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер санын қысқарту;

- мамандықтар мен лауазымдарға қосымша жұмыс істеуге тыйым салу;

- жұмыстан босатылған қызметкерлерді ішкі бос орындарға (вакансияларға) ауыстыру, бос орындар болмаған жағдайда Білім беру басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы бос орындарға орналастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет