Журналистиканың негізгі функциялары



Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#87148
Байланысты:
журналист моля
журналист моля, журналист моля, журналист моля

Журналистиканың негізгі функциялары

Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды.

Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек.

Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың.

Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек.

"Журналистика" термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Бұл – "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде осыған ұқсас «journalism», неміс тілінде «Journalistik» деген сөздер бар.

Журналисттің қайығы білім,ақыл ой,сезімталдық, көрегендік, парасаттылық,сабырлылық,шыншылдық еңбексүйгіштік сияқты қасиетттер бір арнаға тоғысқанда бір арнаға жетеді!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет