Дәріс жоспары: 1.Этнос қауымдастығы ұғымы. 2. Ұлттық-этникалық қатынастар. 3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері.
Этноәлеуметтану – этнография мен әлеуметтанудың түйісуінен пайда болған жаңа ғылыми бағыт. ХХ ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында Шығыс елдерінде этноәлеуметтану дербес ілім саласына айналды.
Этнос – белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан, мәдени ортақ белгілері мен ерекшеліктері және өзіндік психологиясы бар адамдардың тұрақты жиынтығы.
Этникалық қауымдастық – бұл шығу тегінің ортақтығымен және бірлесе өмір сүрудің ұзақтығымен байланысқан адамдардың тобы.
Тайпалар – өте көне қауымдастықтар. Ол этностың ең алғашқы элементі. Бұл – екі немесе бірнеше руларды әр түрлі байланыстар мен қатынастардың көмегімен біріктірген алғашқы ірі қауымдастық.
Ұлыс – тайпалық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде аумақтың, тілдің, мәдениеттің, шаруашылықты жүргізу мен тұрмыстың бір-біріне орайластырыла жақындасуының негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы.
Ұлт – адамдардың тарихи тұрғыда пайда болған әлеуметтік-экономикалық және рухани қауымдастығы, этностың типі. Ұлтты аумақтың, тілдің ерекшеліктері, экономикалық байланыстар мен психология, мәдениет пен сана-сезімнің ортақтығы сипаттайды.
Ұлттық қатынастар – бұл көпұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың синтезі. Ұлттық қатынастар әр түрлі деңгейде, мемлекет аралық және мемлекет ішінде, ұлтаралық және ұлт ішінде, қоғамдық және тұлғалық деңгейде жалғасып жатады.