9 тақырып. «Этнос және ұлт әлеуметтануы. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар» Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық қауымдастық»



бет1/14
Дата07.02.2022
өлшемі45,51 Kb.
#91908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
9 дәріс контенты


9 тақырып. «Этнос және ұлт әлеуметтануы.
Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар»

1.Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық қауымдастық».


3. Ұлттық–этникалық қатынастар. Этникааралық және конфессияаралық келісім.
4. Жаңғыру (модернизация) және урбанизация. Жаһандық урбанизация.
5. Миграция.


1.Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық топ», «әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар».
Жаһанданудың әлеуметтік теориясының негізгі сұрақтарының бірі - әлеуметтік топтар ретіндегі этнос пен ұлттың қатынасы туралы мәселе.Әлеуметтануда бұл мәселені әтноәлеуметтану зерттейді.
"Этноәлеуметтану" қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанып отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды қарастырады. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлықтың заңдылықтарын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара әрекетін зерттеу болып табылады.
Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезініп, осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектеніп, күрделі этникалық қауымдастыққа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет