Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#27947
түріСабақ
  1   2   3   4
Заттардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.
Бірінші сабақта балаларды әліппе-дәптер, үлестірмелі материалдар және жазу дәптері секілді сабақта пайдаланатын оқу құралдарымен таныстыру қажет. Шартты белгілерге тоқталыңыздар, алайда балалардың оларды есте сақтап алуын талап етіңіздер. Әр сабақ барысында осы белгілерге балалардың назарын аударып, бұл тапсырмада не істеу керектігін балалардың айтып беруін сұраңыз. Сабақта дәптерлердегі оқу материалдарын енгізе отырып, ойындар өткізу ұсынылады.

Алғашқы және кйінгі сабақтарда бірінші есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша балаланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар тәсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізіледі.

Мәселен, бұл сабақта №1 суретте балалар санайды, пішін мен түстерді көреді.

Түсті қабылдай алудың дұрыстығын тексеру үшін №2 ойын-жаттығуын қолдануға болады. Тақтаға қолына қылқалам және кемпірқосақ түстерінен тұратын бояулар ұстаған суретшінің суреті ілінеді:

  • Суретші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтыңдар

Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл:

3 есеп заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек Мұғалім оқушылардың қалай санайтынын анықтай алады.



Оқу жылының басында заттарды санау, түрлі заттардың санын салыстыру, артық (кем) немесе тең екенін анықтауды балалардың барлығы, әсіресе мектепалды топқа алғаш келген балалардың меңгеру беңгейін, есептеу, қосу, көзбен мөлшерлеу немесе сандарды салыстыру секілді амалдардың қайсысын пайдаланатынын, заттардың және олар алып жатқан аудан мөлшеріне мән берместен жиын санын салыстыра алатынын тексерген жөн. Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар: «Мұнде үлкен матрешкалар қанша? Кішкентай матрешкалар қанша екенін сана. Көк шаршы көп пе, қызыл шаршы көп пе, соны анықта (Үстел үстінде 5 үлкен шаршы және 6 кіші шаршы аралас орналасқан). Текшелердің сарысы көп пе, әлде жасылы көп пе, соны анықта». («Үстелде екі қатар текшелер орналасқан; 6 сары текше бір-бірінен алшақ орналасқан, ал 7 көк текше өзара тығыз орналасқан»).

Балалар есесптеуді қалай меңгергенін және қай сұрақтарға ерекше назар аудару керектігін тексеру барысы көрсетеді. Балалардың білімді меңгерудегі жетістігін анықтау үшін, мұндай тексеруді екі-үш айдан кейін қайталауға болады.

4 есеп. Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін санау қажет. Содан кейін оның жоспары қарастырырлады. Санаумен қатар сурет – жоспар боялады.



Бұл сабақта балаларға баспадан шыққан үлестірмелі материалдар беріледі. Фигуралар мен заттар бейнелеген суреттер топтамасын мұғалім «Мынау қандай зат екенін тап» ойынын ұйымдастыруда қолдана алады: 5х5 ұяшыққа (үлестірмелі материал) пішіні әртүрлі заттардың суреті орналастырылады. Содан кейін мұғалім заттың атын атамастан, оның қасиетін, түсі мен пішінін, қолданылуын, неден жасалғанын және т.б. айтады. Балалар оның не екенін табады. Содан соң балалардың өздері осылай жұмыс жүргізеді. Қима үлестірмелі матеиалдардан тұратын кесте осы және келесі сабақтарда түс туралы , түстің атауы туралы түсініктерді бекітуде қолданылады. Бұл кестенің көмегімен ұстаз түстерді ретімен қайталап шығады (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін). Түстің ашық және қою реңктері туралы түсінік беруге болады.

Қорытынды. Балаларды мадақтап, сұрақтар қою. Балалар жұмысын талдау.



2- сабақ. Заттардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты: заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту. Бұл сабақта заттардың өлшем, материал секілді қасиеттері қосылады. Шаршы ішіндегі екі үй көрсетілген жаңашартты белгімен таныстыру қажет.

1 суретте үстел үстінде үлкен қарбыз, үлкен сопақ және кішкентай домалақ қауын, орташа кәді, қияр,алма,қараөрік,алмұрт,қызанақ бейнеленген. «Затты тап немесе оның қасиеттерін ата»ойыны күрделендіріледі.Өйткені,тағы бір белгі-өлшем қосылады.Дәптердегі шартты белгілер үш белгі-түс,пішін,өлшемнен тұрады.


2 тапсырмада ненің өзгергеніне бақылау жүргізу керек.Әрбір жағдайда өлшем,түс, сан өзгеруі мүмкін.Мәселен,сол жақта үлкен қызыл алма,оның оң жағында кішкентай сары алма бейнеленген.Үлестірмелі материалдардың белгілерін қолдануға болады.Балалар түс,өлшем,пішінді білдіретін шартты белгілері бар карточканы таңдауы керек.Бұл-балалар қағаз жапсырмалармен (наклейка)алғаш кездесетін тапсырма.Мұндай тапсырмалардың орындалу ретін анықтаңыз.Алдымен бақылау жүргізіңіз.Балалар өз таңдауын түсіндіруі тиіс.Содан кейін ғана тиісті жапсырманы жұлып алуға болады.Пайдаланылмаған жапсырма қағаздарды қосымша жұмысқа және есеп құрастыруға пайдалануға болады.

3 тапсырма.Суреттер бойынша балалар ортақ және әртүрлі нәрселерді табады.Бұл тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдар кестесін пайдалануға болады.Жаттығуды орындар алдында мұғалім осы кесте бойынша түрлі қасиеттерді қайталауды сұрайды.



-Әрбір карточкадағы заттарға не ортақ? Мәселен:түс, пішін, өлшем, материал, қолданылуы,дәмі,иісі,жалпы атауы.

-Карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма?

Қандай да бір белгі бойынша бөлінген топтар пайда болады. Мәселен ,үлкен және кіші түймелер. Не болмаса екі тесігі және төрт тесігі бар түймелер.

Келесі тапсырманы орындамас бұрын ауызша жұмыс жүргізіледі. Ұзындығы бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі(4-5 данадан) жолақтарды алдымен жіңішкесінен бастап ретімен орналастырыңыз.№4 тапсырмада жуан қарындаштарды қораппен,ал жіңішкелерін стақанмен біріктіріңіз. Мұғалім тапсырманы оқиды.

Сабақ соңында заттардың бұрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үлестірмелі материалдардағы(Қандай зат екенін тап)ойынын қайталаңыз.

3-сабақ.Кеңістікте бағдарлау
Балалар мектеп табалдырығын аттар алдында қозғалыс бағытын, өздері мен заттар арасындағы және заттардың бір-бірінің арасындағы қозғалыс бағытын оңай бағдарлай алуы тиіс. Жазық бетте бағдарлау дағдысын дамытудың маңызы зор. Бүкіл жұмыс «оңға-солға», «алға-артқа» және т.б. қарама-қарсы жұп түсініктерді айқындау негізінде құрылады.

Әсіресе балалардың кеңістікті бағдарлау дағдысын жақсы меңгеруіне көңіл бөлу қажет. Олар заттар арасындағы бағыттар мен қатынастарды айқындап қана қоймай, бұл білімдерді пайдалана білуі тиіс, яғни аталған бағытта қозғалу, заттарды орналастыру және т.б.

Кеңістіктегі байланыстар мен қатынастар сөйлеу тілдерінде мына сөздердің көмегімен беріледі. ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, қарсысында, жоғарыда, төменде, жоғары, төмен, қасында, бір-бірінің артында, арасында, сол жақ, оң жақ, жоғарыда, төменгі және т.б.

Егер балалар негізгі кеңістік бағыттарын(алды, арты, сол, оң жақ және т.б.) онша ажырата алмаса, олардың білімдерін біртіндеп жетілдіру керек. Ең алдымен,оң қолымен сол қолын ажыратуға үйрете отырып, осыған қарап оң, сол бағытты анықтау дағдысын бекіту қажет. Балалар қандай да бір әрекет жасаған кезде, оны қай қолымен жасайтынына сәл назар аударту керек. Балалар кеңістік бағыттарды анықтауды дене тәрбиесі және музыка сабақтарында жетілдіре түседі. Оларға бір затты оң немесе сол қолына алуға, бұрылу немесе алға еңкеюге,артқа шалқаюға,оңға ,солға бұрылуға, жүру, жүгіру кезінде қозғалыс бағытын өзгертуге тапсырма беріледі.

Балаларға «Оңға бұрыл », «Оң қолында сол құлағыңның ұшына тигіз» деген қозғалыс бағытына қатысты түрлі тапсырмалар ұнайды.

5-6 жастағы балалармен жұмыс жүргізу кезінде аталған бағытта қозғалу,жүру және жүгіру кезінде қозғалыс бағытын өзгерту дағдыларын дамытуға үлкен мән беріледі. Осы мақсатта дидакикалық және қозғалыс ойындар жүйесі қолданылады. Бұл тапсырмалардың күрделендірілуі мынадан көрінеді: балалар жүріп-тұрғанда қозғалыс бағыттарының саны арттырылады, бағдарлау алаңы арттырылады,тапсырманы орындау шарттары күрделендіріледі; балалар көздерін жұмып, тез қозғалыс кезінде(жүгіру)бағдарлайды. Мәселен, «Қоян менқасқыр», «Мөңке мен шортан» ойындарында балалар алдымен қасқырдан немесе шортаннан қашып, үйлерге тығылады. Мұғалімнің тапсырмасына сәйкес баланың алдында немесе артында, оң жақта немесе сол жақта орналасқан үйге (орындық, қорап, куб) қоян немесе мөңке балық тығылған болып саналады.

Балабақшаға жақын маңда орналасқан нәрселерді бағдарлау дағдыларын дамыту үшін арнайы жаттығулар жүргізіледі «Дүкенге (тәтті тоқаш сататын жерге және т.б.)қалай баруға болады?» Поштаға дәріханаға баратын жол, «Мектепке баратын жол»? Олар балалардың бағдарлау қабілеттерін арттырып,жолды таба білуге үйретеді. Балалар, мәселен, пошта қайда орналасқанын, қай көшемен және қай бағытпен щған баруға болатынын,қай жерге бұрылу керектігін,т.б.айтып береді. Тәрбиеші балалармен бірге айтылғандардың дұрыстығын бағалайды. Балаларға ол жерге біреуді немесе бүкіл топты апаруға тапсырма беруге болады. Балаларды көзге тез түсетін заттар арқылы бағдарлауға үйрету, арадағы кеңістік қатынасын орнату,бір заттан екінші затқа қарай қозғалыс бағытын үйрету жалғасады. Жоғарғы топта балаларға заттың екінші затқа қарай қозғалыс бағытын үйрету жалғасады. Жоғарғы топта балаларға заттың екінші затқа қатысты орналасуын («Матрешканың оң жағында пирамида тұр»), сондай-ақ өзін қоршаған ортада өзінің орналасқан анықтау дағдысы үйретіледі («Мен үстелдің артында,екі терезенің ортасында, Назгүлдің артында тұрмын»). Енді олар өздерін қандай да бір заттың орнына ойша қойып үйренеді. Осы мақсатта балаға өзінен 90 және180-та тұрған қандай да бір заттың орналасу бағытын анықтауға арналған тапсырмалар беріледі (матрешка алдында тұр, бала бұрылғанда ол оң жақта қалып қойды және т.б.). Балалар қарсысында тұрған адамның оң қолы қайсы, сол қолы қайсы екенін, қуыршақтың, қонжықтың т.б. денесінің оңы мен солын ажыратып үйренеді. Жоғарғы топта пайдаланылған ойын-жаттығуларын өткізеді: «Не қайда орналасқан?», «Тапсырма», «Жасырынбақ», « Не өзгерді?»(«Жанар Сәуленің алдында еді, енді ол Сәуленің артында» ). Заттардың арттыру, орналасқан орнын өзгерту, бағдар аумағын кеңейту арқылы тапсырма күрделендіріледі. Анықтау жылдамдығына талап күшейтіліп, жарыс түрінде өткізіледі. Балалар заттардың кеңеістіктегі орналасуын атап қана қоймай, оны түсіндіріп, заттар арасындағы кеңістікті қатынастарының қалтарысындағы басқа да байланыстарды анықтай алуы тиіс. Заттардың орналасуын анықтау кезінде декартиналар мен иллюстрацияларды қарастыру кезінде де балалар бұл кеңістіктік қатынастардың артында не тұрғанын түсінуі керек. Мәселен, суретте топ болып, жұп болып бір біріне қарама қарсы тұрған балалар бейнеленген. Көз жүгірте отырып, олардың не істеп жатқанын немесе не істегелі жатқанын табуға болады. «Бала кімге қарап тұр? Оны қайдан білдіңдер? Иә, бала жоғарыға қарап тұр».

Балалар сөйлеу кезінде кеңістіктік қатынастарды білдіретін терминдерді пайдалануға үйрету үшін «Керісінше», «Сөйлемді толықтыр» деген сөздік ойындар ойнатуға кеңес беріледі. Мәселен, тәрбиеші былай дейді: «Санжар доп лақтырды... (жоғары); Әсем цилиндр қойды (оң жаққа), ал Маржан текше қойды (сол жаққа); Біздің зал (жоғарыда) , ас үй (төменде) орналасады». Лақтырған орамал кімге барып түссе, сол жауап береді. Суреттерді қарастыру, құрастыру, бұйымдар жасау, ғимарат ішінде, көшеде жүру барысында тәрбиеші балаларды кеңістік қатынастарын білдіретін сөздерді пайдалануға баулиды. Нәтижесінде балалардың кеңістік қатынастары туралы түсініктері жалпы сипатқа ие болады.

Бейімделу тапсырамаларын пайдаланудың пайдасы зор. Мәселен: «Бір адам қалаға бара жатады, алдынан таныс 4 адам шығады. Қалаға неше адам бара жатыр? Математика сабағында қағаз бетінде, яғни екі өлшемді кеңістікте бағдарлау жаттығуларына ерекше көңіл бөлінеді. Қағаздың ортасын, жоғарғы және төменгі бөлігін, оң және сол, жоғарғы төменгі бұрыштары, қағаздың оң және сол жағын табуға үйретеді. Мәселен, «5 қызыл шеңберді санап, оң жақтағы жоғарғы бұрышқа, 3 көк шеңберді төменгі сол жақ бұрышқа қойыңыз». Тапсырма орындау барысында балалр сан туралы , қандай да бір заттың орналасқан жері туралы айтқаны маңызды.

Көзбен мөлшерлеу диктанттарының пайдасы мол. Балалар геометрикалық фигураларды (таяқша, ойыншық) қағаз бетіне белгілі бір қалыпта үлгіге сәйкес орналастырады. Тапсырма біртіндеп қиындатылады: фигуралар саны арттырылады, олардың ораналасу сипаты өзгереді. Бастапқыда балалар үлгіні қарастырып, сипаттайды, кейіннен мұғалімнің айтуы бойынша өрнек салады, соңында өздері өрнек салып, оны сипаттап береді. « Кім не есте сақтайды?», «Қалалар», «Кімде не шықты?», «Жұп картошкалар» ойындары пайдаланылады.

Мақсаты: балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, заттың кеңістікте орналасқан жерін көрсететін алдында, артында, арасында, қасында, ортасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта және т.б. сөздермен таныстыру «қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап бере отырып, заттың орналасқан жерін дәл сипаттауға үйрету.

Жаңа материалмен жұмыс

Негізгі жұмысты №1 тапсырманың суреті бойынша жүргізілуге болады. Сурет бойынша балалар кішкентай қызыл допты, сыйлық салынған қорапты, т.б. табады. Әдетте балалар заттардың орналасқан жерін атамай, саусақпен көрсетеді. Мұндай жағдайда «Ол жерде не жатқанын тап» деген ойынды ұсынуға болады. Мұғалім немесе балалардың бірі заттың орналасқан жерін, оның қасиетін сипаттайды, қалғаг балалар оны табады. Мәселен, қыздың артында, сөренің үстінде, дөңгелек зат жатыр, бұл - ...

Осы шартты белгілер бойынша затты тауып, бөлмеде оның орналасқан орнын сипаттау керек .

Суреттеп жұмыс жүргізе отырып, заттың орналасқан жерін сипаттайтын көп сөздерді қолдануға тырысыңыз. Тапсырма соңында бұл сөздерді балармен бірге хормен қайталап, тапсырманы үлістірмелі материалдармен орындау тапсырылады. Тапсырмаға сәйкс бөлмеге жиһаз орналастырып, суреттер ілінеді. Мәселен, диванды орындық пен шкафтың ортасына қойыңдар. Суретті диванның үстіне іліңдер, Диванның алдына кілемше төсеңдер және т.б.

Тақтаға немесе үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жүргізіледі. Көрінісі аяқталмаған плакат пен суретшінің каринасы ілінеді. Балалар суретшіге көріністі «аяқтаға» көмектеседі. Төменде күн, өзен, шырша бейнеленген картиналар берілген. Балалар оларды орналастыра оырып, астында, үстінде, арасында, қасында, оң жақта, сол жақта және т.б. сөздерді қолданып, олардың суреттегі орнын аайды.

2 тапсырма. Бағдаршаны боя. Қозғалыс бағытын ата. Ол бағыт туралы білімді дамытуға көмектеседі (солға, оңға, жоғары, төмен). Әдетте балалар 6 жасқа қарай жоғары және төмен бағыттарды қатесіз ажыратады, бірақ көбісі оң жақ пен сол жақты шатастырады. Сондықтан тапсырманы үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс арқылы пысықтауға болады: әрбір ұлу үй шатырынан жерге түскенде неше торкөз төмен, оңға, жоғарыға, солға жылжығанын сана. Бұл тапсырмада торкөз бойынша ұлудың жолын сипаттай отырып, ұлудың қозғалыс бағыты қолданылады. Мәселен, ұлу 2 торкөз төмен, 3 торкөз оңға жылжыды. Жолды жазуға немесе үлестірмелі материалдарды пайдаланып бағдаршамен көрсетуге болады.

3тапсырма бірінші рет кездесіп отыр. Мұндай тапсырмалар дәптерде кейін де кездеседі, сондықтан балаларға бұл тапсырмамен қалай жұмыс істеу керек екендігін түсіндіріңіз.

Алдымен кесте элементтері - жол және бағанды қайталату керек. Содан кейін онда жолдар бойымен орналасқан пішіндер салыстырылады. Бұл тапсырмада объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, олардың шартты белгісін көрсетеді. Тиісті белгіні жапсырмастан бұрын баладан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұраңыз.

4 тапсырманы тәрбиеші оқиды, балалар оны жай қарындашпен орындайды.



4-сабақ. Кеңістіктебағдарлау
Жаңа міндет – арнайы құрылған кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт бойынша өз орнын анықауға үйрету. Баланы тапсырма орындауға уйрету қажет (Мысалы: «оң жағыңда шкаф, артында орындық болатындай ұр. Алдыңғы жағыңда Толқын, артқы жағыңда Қуаныш орналасатындай оыр»).

Мұнымен қоса, балалар заттардың басқа затқа қатысты орналасуын сөзбен сипаттап үйренуі тиіс. Мәселен: «Қуыршақтың оң жағында қоян тұр, қуыршақтың сол жағында пирамида тұр, Толқынның қарсысында терезе бас жағында шам орналасқан».

Кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру баланың үнемі осы түсініктерді пысықтап оыруы барысында сәтті болады. Дағды қалыптастыруда балалар қызығатындай мысаладар қолданылады.

«Ненің қайда орналасқанын тап» секілді тапсырмада трлі материалдар қолдануға болады: тартымды ойыншықтар, белгілі бір ретпен орналасқан суреттер. Балалар өздерінің алдында, артында, оң жағында, сол жағында, жоғарыда, төменде не орналасқанын анықтайды. Егер басқа балалардың орналасқан орны да сондай болуы тиіс. Оқу барысында түрлі дидактикалық материалдарды кеңінен пайдаланған жөн.

«Кім қайда тұрғанын тап» ойыны. Балалардың алдында шаршының бұрыштары мен ортасында орналасқан бірнеше заттар тұр. Жүргізуші балалардан қоянның артында, қуыршақтың алдында немесе түлкінің оң жағында қуыршақтың алдында және т.б. қандай зат тұрғанын табуды сұрайды.

«Не өзгерді?» ойыны. Үстелде бірнеше зат жатыр. Балалар заттардың өзара қалай орналасқанын есте сақтап қалады. Содан кейін көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші бір немесе екі заттың орнын ауыстырады. Балалар көздерін ашады да, қандай өзгеріс болғанын анықтап, орны ауысқан зат бұрын қай жерде тұрғанын айтады. Мәселен, қоян мысықтың оң жағында тұрды, қазір ол мысықтың сол жағында. Не болмаса қуыршақ аюдың оң жағында тұрса, енді аюдың алдында тұр.

«Ұқсас затты тап» ойыны. Балалар мұғалім айтқан заттар бар суретті іздейді, содан кейін осы заттардың орналасқаны жөнінде айтады: «Бірінші болып сол жақта піл тұр, оның артында маймыл, соңғы болып аю тұр» немесе «Ортада үлкен шәйнек, оның оң жағында көгілдір кесе, сол жағында күлгін кесе тұр».

«Өз өрнегің туралы айтып бер» ойыны. Әр балада өрнек салынған картина (кілемше ) бар. Балалар өрнек элементтері қалай орналасқанын айтуы тиіс: оң жақтағы жоғарғы бұрышта – шеңбер, сол жақтағы жоғарғы бұрышта – шаршы, сол жақ төменгі бұрышта – доғал, оң жақ төменгі бұрышта - тіктөртбұрыш, ортада – үшбұрыш тұр.



Оларға сурет сабағында салған өрнек туралы әңгімелеуді тапсыруға болады. Мәселен, ортада – үлкен щеңбер, одан сәулелер тарайды, әрбір бұрышта – гүлдер, жоғарыда және төменгі жақта – ирек сызықтар, оң жақта – жапырақтары бар ирек бір сызық және т.б.

«Суретшілер» ойыны. Ойын кеңістікті бағдарлауды дамытуға, заттардың кеңістікте орналасуын айқындайтын терминдерді бекітуге арналған, олардың арақатынасы туралы түсінік береді. Балалар тобымен немесе қосалқы топпен өткізіледі. Тәрбиеші жүргізуші рөлін атқарады.

Жүргізуші балаларға сурет салуды тапсырады. Барлығы бірге суреттің желісін ойластырады: қала, бөлме немесе хайуанаттар бағы және т.б. Мұнан кейін олардың әрқайсысы суретің ойластырылған элементі туралы айтады, оның қайда орналасуы керектігін түсіндіреді. Тәрбиеші тақтаға бормен немесе үлкен қағаз бетіне фломастермен сала отырып, балаалр ұсынған элементтермен суретті толықтырады. Ортасына күрке салуға болады, жоғарыға, үйдің шатырына түтін шығып тұрған мұржа салынады. Күрке алдында төмен жақта мысық отыр. Тапсырмада мына сөздер қолданылуы тиіс: жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, алдында, арасында, маңында, қасында және т.б.

Бұл топта балалардың қозғалыс кезінде бағыт өзгерту дағдысы дамиды. Бұған дидактикалық ойындар да көмектеседі.

«Ойыншықты тап» ойыны. «Түнде топта ешкім болмаған кезде Карлсон ұшып келді де, сыйлыққа ойыншықтар әкелді. Карлсон қалжыңдағанды жақсы көреді, сондықтан ол ойыншықтарды жасырып, оларды қалай табуға болатынын хатқа жазып кетті», - дейді де тәрбиеші хақаланы ашып, хатты оқып береді: «Тәрбиешінің үстелінің алдында тұрып, тура жүру керек». Балалардың бірі тапсырманы орындап, машина салынған қорап орналасқан шкафқа жақындайды. Екінші бір бала келесі тапсырманы орындайды. Ол терезеге жақын келеді де, солға бұрылады да, перденің артынан матрешка тауып алады.

«Бөлме ішіне саяхат» ойыны. Бураино жүргізушінің көмегімен балаларға «Терезеге жақында да, үш қадам оңға атта» деп тапсырма береді. Бала мұны орындайды. Егер дұрыс орындаса, жүргізуші ол жерге жапсырылған затты табуға көмектеседі. Балалар қозғалыс бағытын өзгертуді айарлықтай сенімді орындай алмаса, бағыттар саны екіден аспауы керек. Одан әрі қарай бағытты өзгеру тапсырмасын күрделендіруге болады.

Мәселен: «Алға қарай бес қадам атта, солға бұрыл, екі қадам атта, оңға бұрыл, соңына дейін жүр, солға қарай бір қадам жалжа».

Математика сабағында кеңістікті бағдарлау дағдысын дамытуды арнайы ойындар мен тапсырмалардан өзге серуенге шығу, қимылды қажет ететін ойындар, дене шынықтыру жаттығулары, музыкалық сабақтар, бейнелеу сабақтары, түрлі режидік сәттер (киіну, шешіну, кезекшілік), балаларды бөлмеде ғана емес, бүкіл балабақша ғимаратында бағдарлауға үйретудің маңызы зор.

Мақсаты: балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, солға, оңға, жоғары, төмен, астында, үстінде, арасында, қасында, маңында, алдында, артында және т.б.сөздерді пайдалануға үйрету, ненің қайда орналасқаны, қайда бара жатқаны (қарағаны)туралы сұраққа жауап беруге үйретеді.

Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша жұмыста заттардың орналасуын көрсететін сөздерді қайталау. Әсіресе – «солға, оңға» деген сөздер. Балалар оң және сол қолын көрсетсін.

Сол жаққа бір заттарды, оң жаққа бір затарды қойсын. Зейінділікті дамытуға арналған «Жеуге жарамды, жарамсыз» деген ойынды ойнатуға болады. Егер мұғалім жеуге жарамды нәрсені айтса, балалар оң қолын, жеуге жарамсыз нәрсені айтса сол қолын көтереді.

1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай заттардың бір-біріне қатыстыорналасқан орнын анықтаңдар.Мына секілді сұрақтар қойыңыз: «Қыздың жоғарғы жағындағы, қасындағы құстарды көрсет. Енді орындықтың астында неше құс барын айт».



Балалардың толық жауап беруін қадағалау керек. Содан кейін қозғалыс бағытына байланысты сұрақтар қойыныз: «Ит қай жаққа жүгіріп барады? Ұшақ қай жаққа қарай ұшып барады?»

Егер бала жауап беруге қиналса, мәселен, «Ит оң жаққа жүгіріп барады». «Ұшақ сол жаққа ұшып барады» деп мұғалімнен кейін қайталаған жөн.

«Менің арт жағымда қандай зат барын, үстелде не жатқанын, партаның оң жағында не жатқанын тап» ойынын өткізуге болады.

2 тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңдыбасқа түсті қарындашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал. Бұл тапсырманы орындар алдында балаларды сызбалармен таныстыру қажет.

- бағыт оңға қарай

- бағыт төменге қарай

- бағыт солға қарай

- бағыт жоғарыға қарай



Бір нүкте - бір торкөзге жылжиды, екі нүкте – екі торкөзге жылжиды.

Үлестірмелі материалда сызықтармен бөлінген шаршы берілген. Шаршының сол жағына сызба түрінде ұлудың үйге баратын жолын және жолдың соңында ұлудың үйін белгілеңіздер.Сызба бойынша ұлудың үйіне апаратын жолмен жүріп өту керек. Содан кейін балаалр басқа түсті қарындашпен өздері жол ойластырып, сызба бойынша ұлудың үйіне өз жолын салады. Сыза отырып балалар ұлудың жолын дауыстап айтып отырады. Мәселен; «Ұлу солға қарай екі торкөз
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет