Жергілікті желі бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Егер компьютерлер бір -бірінен өте алшақ орналаспаса олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір бағдарламалық қамтамасызету дестесімен басқарыла алады. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергілікті желінің арналуы — ресурстарға бірігіп қатынау, ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге колдану, сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау.
Бір рангты желі — бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.
«Клиент- сервер» типті желі — бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі — файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.
Сервер– ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.
Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет.Серверге принтерлер, модем ортақ қолданбалы программалар, факстер және т.б қосылады.
Жергілікті желі – саны шектеулі қомпьютерлерді біріктіру үшін қолданылады
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде.
Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары.
Бұл желілер кеңтараған, оларда ақпараттың80-90% айналады және олардыңтек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты.
5. Пайдаланушыныңкез келген компьютерденжалпы желініңресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;
6. Оку процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі
Жергілікті желідегі жұмыс
1. Жергілікті желідегі барлықкомпьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушыныңөз аты мен паролі болады. Windows-тыңкұрамдас желілік кұжаттарымен жұмыс істегенде, ОЖ-ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдаланушы ол арқылы өзініңжелілік аты мен паролін көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы «Желілік орта» кашпығы арқылы жүзеге асады. «Желілік орта» серверлер ресурстарын да, бір рангылы желініңкомпьютерлерініңресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желініңбасқа компьютерініңақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын ала рұқсат берілсе. қатынаста болады.