Си тіліндегі графика
Дисплей экранының графикалық режимі
Әдетте дисплей экраны екі режимде болады: мәтіндік жэне графиктік. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының физикалық нүктелері пайдаланылады. Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің координаталар жүйесін енгізіледі.
Экрандагы графикалық бейне графикалық экранның буферінің күйіне байланысты графикалык нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз - бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалык экран үшін бір немесе бірнеше буфер ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай буферлер графикалық экрандық беттер деп аталады. Дербес жағдайда, физикалық экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық информаңияны сол мезетте шығаруға бағытталған буфер екпінді бет (буфер) деп аталады.
Визуалды, көрінетін бет (буфер) деп сол мезетте физикалық экранмен байланысты буферді айтады. Активті және визуалды бетгердің әртүрлі буферлері болуы мүмкін. Активті бет визуалдық деп аталады. Дәлірек айтсақ, бет дегеніміз - экранның графикалық информаңиясы, ал буфер - осы информацияны кодталған күйінде сақтайтын жады бөлігі.
Мәтіндік экран тәрізді графикалық экранның да курсоры бар. Графикалық курсордың мәтінік курсордан айырмашылығы графикалық курсор барлық уақытта көрінбейді. Графикалық курсор соңгы шығарылған нүктеден кейінгі нүктеде орналасады. Ол GRAPH модулінің кейбір функцияларында пайдаланылады.
Графикалық экран режимінің сипаттамалары
Графикалық режимнің төмендегідей сипаттамалары бар: мүмкіндігі (разрешение), палитра (бояу түрлері), фонның түсі, шығарылатын графикалық нүктенің түсі, оперативті жадыдағы графикалық экрандық беттердің мөлшері. Бүл сипаттамалар, ең алдымен, дисплейдің техникалық типімен жүйеден графикалык режимге бөлінген видеожадының көлеміне тәуелді. Дисплей экранының жүмысын басқаратын техникалық құрылғы адаптер деп аталады. Қазіргі уақытта кеңінен таралған адаптерлердің түрлеріне: ЕGА, VGА және SVGА жатады.
Графикалық режимде экранның жұмысын баскаруға арналған Воrland (АҚШ) фирмасы құрған бағдарлама драйверлері пайдаланылады. ЕGA немесе VGA адаптерлерін басқару үшін EGACGA.ВGІ драйвері пайдалаиылады.
Мысалы, VGА адаптеріні сәйкес монитор экранының координаталары Х=0..799. Y=0..599 аралығында алынуы тиіс. Экрандағы X осінің бойындағы нүктелердің ең жоғарғы мәні 639 болса, ал, Y өсінің бойындағы нүктерлердің ең жоғарғы мәні 479 ға тең.
Экрандағы нүктелердің вертикаль және горизонталь өстері бойынша алынатын мәндері пайдаланылған экран адаптеріне тәуелді болады, мысалы, (0,0)..(320x200), (0,0)..(640х480), (0,0)..(800x600) және т.б. аралықтардағы мәндер алынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |