Си тіліндегі графика Дисплей экранының графикалық режимі



бет4/5
Дата01.01.2022
өлшемі51,8 Kb.
#107469
1   2   3   4   5
Байланысты:
Графикамен жұмыс
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Rectangle процедурасы диагональдарының төбелерінің координатасы бойынша тіктөртбұрьші сызады.

Форматы:Rectangle (х1, у2, х2, у2); мұндағы х1, у2 – тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышының координатасы, ал х2, у2 - оң жак төменгі бұрышының координатасы.



Bar процедурасы - ағымдагы түспен боялған тіктөртбұрыш сызады.

Форматы: Bar (х1, у 1, х2, у2);

(Х1,УІ) және (Х2,У2) нүктелері боялған тіктөртбұрыштың сол жак жоғаргы және оң жақ төменгі бұрыштарының нүктелерінің координаталары. setfillstyle функциясының көмегімен бояудың түсі және үлгісі тағайындалады.

bar3d процедурасы - ағымдағы түспен параллелепипед сызады.

Форматы;


bar3d (х1, у1, х2, у2, Қалыңдығы, Ж_Беті);

setfillstyle функциясыны тағайындалған түспен боялған үш өлшемді параллелепипед сызылады. Биіктігі параметрі үш өлшемді контурдың биіктігін бейнелейтін сан. Егер төбесі параметрі бойынша алынған айнымалы ақиқат мән () қабылдайтын болса, онда үш өлшемді параллелепипедтің төбесі сызылады. Төбесі параметрі жалған мән қабылдаса (FALSE) төбесі сызылмайды. Мұндай өзгерістер жасау үшін бағдарламадағы "Тң параметрінің қабылдайтын мәнін өзгертсек жеткілікті.



drawpofy процедурасы түзу сызықтардан тұратын түйық аймақты көпбұрыш сызады.

drawpofy (НүктелерСаны,Координаталары); НүктелерСаны параметрі көпбүрыш төбелері санын, Координаталары параметрі сол төбелер координаталарын жиым элементтері ретінде береді.

Шеңбер, эллипс және олардың доғаларын тұрғызу



Сircle процедурасы - ағымдағы түспен, көрсетілген центр және радиус бойынша шеңбер сызады.

 Форматы: Сircle  (х1, у1, радиус); мұндағы х1 y1 - центрінің координатасы; <радиус> - радиус.

 arc процедурасы - ағымдағы түспен көрсетілген, центр, радиус және доғаның бастапқы және соңғы бұрыштары бойынша шеңбер доғасын сызады.  Форматы:

аrс(х1, у1, <ББ>,<СБ>,<радиус>)

Бұрыштар центрдің оң жағынан, сағат стрелкасына қарсы, горизонталь радиустан бастап есептеледі.

Мысалы, 1 -ширектегі шеңбер доғасы үшін бастапқы бұрыш 0°-қа, соңғы бұрыш - 90°-қа тең.

Ellipse процедурасы - ағымдагы түспен эллипс доғасын сызады (көрсетілген центр, доғаның бастапқы және соңғы бұрыштарын және эллипстің жарты осьтері бойынша). Бұрыштар - сағат тіліне қарсы, центрдің оң жағынан горизонталь радиустан бастап есептеледі. Егер бұрыштары сәйкес 0" және 360° деп берсе, онда тұтас эллипс сызылады. Жарты осьтер экранның графикалық бірлігімен беріледі.

 Форматы: ellipse(x, у, ББ, СБ, а, в); мұндагы х, у - эллипс центрі: ББ, СБ - эллипс доғасының сәйкес бастапқы және соңғы бұрышы. Ал а, в - горизонталь және вертикаль жарты осьтер.

Графикалық бейнелерді бояу және штрихтау

Шеңбер, тіктөртбұрыш және т.б. тұйықталган графикалық бейнелерді бояйтын және штрихтайтын командалары бар. Бояу немесе штрихтау бір ғана әрекетпен жүзеге асырылады, ол тұйық облысты берілген шаблон бойынша пиксельдерге ағымдағы түспен немесе фонның түсімен жарық беру деп аталады. Бояу үшін барлық пиксельдерге жарық беру пайдаланылады.

Экранның бөлігін толтыру үшін тұйық облыстың кез-келген ішкі нүктесінің координатасын және шаблон кодын, шекара түсін көрсету жеткілікті. Сонымен қатар, модульде боялған тіктөртбұрыш, шеңбер және эллипс сызатын командалар бар.
Толтыру процедурасы

Setfillstyle процедурасы шаблонның коды мен тұйық номері бойынша толтыру стилін тағайындайды.

 Форматы: setfillstyle(шaблoн коды, С)

Кесте4. Толтыру түрлері



0

Фон түсімен толтыру 

1

Толығымен штрихталған

2

Горизонталды штрихталған

3

/// қалың штрихталған

4

\\\ қалың штрихталған

5

\\\ штрих

6

Тік торлармен толтыру

7

Қисайтылған торлармен толтыру

8

Жиі тор сызықтармен толтыру

9

Жиі тормен толтыру

10

Сирек нүктелермен толтырылады

11

Жиі нүктелермен толтырылады

12

Тип қолданушымен орнатылады

Flood fill процедурасы ағымдағы стильмен тұйық облыстың ішін бояйды.  Форматы: floodflll(x, у. С); мұндағы х, у : іnt, - графикалық экрандағы нүктенің координатасы: C++ - фигура жиегінің түсі.

Бұл: процедура бояу барысында:

1)  егер жиек шектелген болса және х, у нүктесі оның ішінде жатса, онда фигураның ішкі облысы боялады;

2)   егер жиек шектелген, бірақ х. у тұйық облыстың сыртында болса, фигураның сырт жағы боялады;

3)   жиек тұйықталмаған болса. онда х, у нүктесінің орнына тәуелсіз толық экран боялады немесе штрихталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет