9 тақырып. «Этнос және ұлт әлеуметтануы. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар» Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық қауымдастық»



бет7/14
Дата07.02.2022
өлшемі45,51 Kb.
#91908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
9 дәріс контенты

Геноцид - [грек, genos- тек, тайпа және лат. caedo- өлтіру] – халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып- жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру. [1] Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.
Халықаралық құқық геноцидке ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады. ұлттық, этникалық, діни топтарды түгелдей немесе бір бөлігін жойып жіберуге тырысып, геноцидке ұшыратқан көптеген қылмыстардың беті ашылғаны белгілі. Мемлекеттік мәселелерді шешуде геноцидті қолдану көп жағдайларда аумақтық басқыншылық және езілген халықтарды басқа елдің шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған Оттоман империясына тән болды. 1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян қырылған. Бүл езілген халықтардың аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген геноцидтің классикалық мысалы болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғырға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.
Ұлтшылдық - саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін саяси принцип. Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан бұл халықтың мемлекетпен байланысы біртіндеп саяси құрылымның бұрынғы түрлерін тықсырып шығарды. Басқа жағынан, ұлттық мемлекет идеалына тек онда бір ұлт қалған жағдайда жетуге болады. Ұлтшылдық мемлекеттілік институтын нығайтты. Ұлтшылдық географиялық және кейбір елдерде демографиялық аймақтың маңыздылығын анықтайтын және сонда бірге тұратын халықтың ортақ салт дәстүріне және/немесе ұлысына тәуелсіздікті қалайтын ортақ топтық сезім. Басқа сөзбен, ұлтшылдық - жеке адамның бір ұлтқа жататын сенімі немесе саяси идеологиясы деп айтуға болады. Ұлтшылдық ұлттық сәйкестендіруді тұспалдайды, оған қарама-қарсы патриотризм әлеуметтік шарттастықты және мемлекеттің қадамдары мен шешімдерін қолдайтын жеке адамның мінез-құлқын білдіреді.
Саяси немесе әлеуметтік көзқарастардан қарағанда, ұлтшылдықтың пайда болуы туралы және оның негізгі ұғымдары туралы екі көзқарас бар. Бірінші, примордиалистік көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтытыбөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды. Келесі, модернистік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды.
Осы екеуіне альтернативтік көзқарас ортақ теориясында табылады. Осы теория бойынша ұлтшылдықтың құрылысы біздің заманымыздан шыққан, бірақ оның мағынасы мен субъективті қамтуы примордиалистік сезімдеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет