9 тақырып. «Этнос және ұлт әлеуметтануы. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар» Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық қауымдастық»



бет2/14
Дата07.02.2022
өлшемі45,51 Kb.
#91908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
9 дәріс контенты

Этникалық қауымдастық деп өздерінің шығу тегі, ортақ белгілерімен және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен адамдар тобын айтамыз. Адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік десек, осы қажеттілік адамдардың түрлі топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, мүдде-мұқтажына, мәдениетіне, қызметіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Осы арада "этника" деген ұғымға тоқтай кеткен жөн. Ол ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өзгереді, өледі. Мұндай үдерісті этноәлеуметтануда этногенез деп атайды.
Этногенездің негізін қалаған атақты ғалым Лев Николаевич Гумилев "этнос" деген ұғымды биологиялық және әлеуметтік тұтастық ретінде анықтап, оны биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті. Сондай-ақ ол этногенезді әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелдеді.
Этностың мағынасы "халық" ұғымына өте жақын. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен тайпалар да жойылды. Өркениетке өтуге байланысты бірінші кезекке адамдар арасында рулық байланыс емес, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың шығуы тайпаның басқа этникалық қауымдастыққа - халыққа орын беруіне әкелді. Этникалық қауымдастық ретіндегі барлық халықтар өркениет биігінде (Ежелгі Греция мен Рим, Египет, Индия немесе Қытай, кейінірек кезеңді алғанда Франция, Германия немесе Ресей халықтары) өздерінің әлеуметтік–этникалық белгілерімен, яғни шыққан тектерімен, тілдерімен, мәдениетімен, этникалық санасымен және т.б. ерекшеленеді. Халықтар өркениет дәуірінде тайпалармен салыстыруға келмейтін үлкен әлеуметтік–этникалық топтасуға және өздерінің тілдерінің, материалдық және рухани мәдениетінің жоғары дамуына қол жеткізді.
Экономикалық қатынастардың дамуы адамдардың саяси және мәдени өзара байланысын күшейтті, ол өз кезегінде олардың материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақ болуына алып келді. Осының негізінде ұлт қалыптасты. Бұл үдеріс машиналық өндірістің және елдің барлық аймақтарын тұтас бір экономикалық организмге айналдырған капиталистік нарықтың дамуымен аяқталды. Осы айтылғанды жинақтай отырып, ұлтқа мынандай анықтама беруге болады: ұлт – бұл адамдардың шыққан тегі, тілінің, территориясының, экономикалық өмірінің ортақтығымен, сондай–ақ этникалық санасы мен сана–сезімінде көрініс табатын психикалық ерекшеліктері және мәдениетінің ортақтығымен сипатталатын ерекше тарихи қауымдастық. Ұлт дегеніміз – тілі, мәдениеті, өзіндік тарихы бар тұрақты этникалық қауымдастық.
Ғалымдар ұлттың тағы бір ерекшелігі оларға кіретін адамдардың мүдделерінің ортақтығын атайды. Бұл ұлттардың қалыптасуы мен дамуының қуатты факторы болып саналатын олардың бірге өмір сүруімен, ортақ тарихы және ортақ тағдырымен түсіндіріледі. Міне, осыдан бар мүшелерін ұйымдастыратын ұлттың рухани әлемі қалыптасады. Ұлттық түсінік белгілі территорияда тұрып жатқан тұтас ұлттардың ғана емес, оның қай мемлекетте, қандай халықтармен бірге тұрмасын барлық өкілдерінің этникалық белгілерін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет