Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары:
Батыстан шығысқа бағытталған Іле бағыты
Еуропа бағыты
Орта және Шығыс бағыттары
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:
Қорытынды
Жұмысты қорытындылай келе, әлем мәдениетінің қалыптсауына ерекше әсер еткен, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы көптеген мәліметтерге қанық болдық. Мұны біз сонау сақтар мен ғұндар заманынан бастау алатын көне түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енесей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз.
Ұлы Жібек жолы және ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе, оның кемел келешегі мені сүйсіндіреді әрі таңғалдырады.
Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара қарым-қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері өздерінің таңғажайып туындыларын дүниеге әкелді.