Дәріс 6,7
Өсімдіктердің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтар қасиеттерінің өзгеруі.
Жоспар:
1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік
2 Топырактың минералды бөлігі
3 Топырақтың сіңіру қасиеттері
4 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топрақтың ортасы мен әктеуге қатынасы
5 Егіншілік және топрақтану ғылымдарының негізгі заңдары.
Жер – табиғаттың адам үшін негізгі байлығы, тіршіліктің тірегі, өмір арқауы болып табылады. Сондықтан да жер көлемінің шектелуі тұрақты екенің ескерсек, күн тәртібінде ғылым мен техника жетістіктерін қолданғанда ғана сол жердің құнарлығы мен ауыл шаруашылыгы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға болады. К.Маркс топырақ құнарлығының абсолюттік, салыстырмалы, табиғи және экономикалық түрлерде болатынын тұжырымдады. Мұнда абсолюттік құнарлыққа белгілі көлемдегі алқаптан орта есеппен алынған өнімнің массасы, ал салыстырмалы құнарлыққа әр түрлі құнарлылықта егілетін дақылдардың өнімділігі жатады. Табиғи құнарлылықты адамның әрекеті араласпаған тың жердің топырағынан ғана кездестіруге болады. Бір топырақтың құнарлығы төмен, екінші топырақтың құнарлығы жоғары болады. Жасанды құнарлылық деп, топырактың нақты өнім беру қабілеттілігі және адам баласының құнарлылықты тиімді пайдалану дәрежесін айтады.
Топырақтың минералды бөлігі әр түрлі минералдардан – диаметрі миллиметрдің миллионның бір бөлігі мен 1 миллиметр аралығында болатын бөлшектерден турады.Олардың шығу тегі жағынан екі бөліктен турады: бастапқы және екінші реттік. Бастапқы минералдарға – кварц, дала шпаттары, слюдалары, мүйізді алдамыштар, пироксиндер жатады. Олардың топырақтағы құм бөлшектеріндегі көлемі (0,05-1мм) және шаңда (0,001-0,05 мм), аздаған бөлігі лай, өлі балшықта (0,001 мм-ден төмен) және топырақ коллоидында (25 мм төмен) кездеседі. Алғашқы минералдардың химиялық процестері мен бұзылуы (гидратация, гидролиз, тотықтану) тірі организмдер тіршілік әрекетінің әсерінен топырақтағы тотықтар, (кремнезем, гидраты, тұздар, сондай-ақ екінші реттік минералдар) кейде сазды минералдар деп те аталады. Олар каолинит, монтмориллонит, гидрослюдалар түзеді. Ол топырақта көбіне өлі балшық және коллоидты бөлшектер түрінде, ал аз күйінде шаң тәрізді бөлшектер түрінде кездеседі. Химиялық құрамы жағынан минералды кремний, оттекті қосылыстар немесе силикаттар және алюминий болып бөлінеді. Кремнийдің оттекті қосылыстарына кварц SiO2 жатады,көбіне құм және шаң тозаң болады.Барлық топырақтарда кварц мөлшері 60 проценттен асса, құмдақ топырақтарда 90 процентке жетеді, ал кейде одан да көп болады. Бір ерекшелігі оның тұрақты химиялық реакцияға онша көп икемі жоқ, ешқандай химиялық реакцияға қатыспай, бейтарап жағдайда болады. Топырақтың маңызды бір саласы органикалық заттар негізінен екі түрлі күрделі комплекстер түзеді:
1. Өсімдіктер мен мал қалдықтарынан калған қарашірікке айналмаған заттар.
2. Шіріген органикалық заттар.
Топрақтағы өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, олар микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералдық қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, олардың қалдығы микроптардың әсерінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат гумус немесе қарашірік пайда болады. Қарашірік негізінен көміртек, сутек, лигнин, белокты заттар, май және смоладан тұрады. Бұл заттардан қарашіріктің негізі қосылыстары – гумин, фульвозаттар мен ульминзаттар түзіледі.
Топырақтың еріген зат иондары мен молекулаларын, не ерімеген қатты заттарды, сондай-ақ су буы мен газдарды ұстап тұруын топырақтың сіңіру қасиеті деп атайды. Олар негізінени минералды және органикалық заттардың қорына, шығу тегіне байланысты өзгеріп тұрады.Өсімдіктер қоректену кезінде олар топырақ ерітіндісіндегі бірсыпыра заттарды сіңіріп, өздерінің протоплазмасының құрамының түзілуіне пайдаланады. Микроорганизмдер ыдырағаннан соң заттар қайтадан топырақ ерітіндісіне шығады. Бірақ топырақ барлық заттарды бірдей жақсы сіңіре бермейді. Мысалы, өсімдіктер үшін аса бағалы азот қышқылы тұздарының топырақтан оңай жуылып-шайылып кететіндіктен, ол өте нашар сіңіреді. Қарашірікке бай саздақ топырақтарды өсімдіктерге қажетті қоректік заттармен тыңайтуға болады. Өйткені олар шамадан тыс көп болғаның өзінде де топыраққа сіңеді де, өсімдіктерге зиянын тигізбейді және жуылып-шайылып кетпейді. Сазды топыраққа селитралар нашар сіңетін болғандықтан тыңайтқыштарды көп себуге болмайды.Сондықтан агрономиялық практикада оларды екіге бөліп қолданады.Біріншісі – тұқым себер кезде екіншісі – өсімдіктердің қаулап өсіп, толықсыған кезінде. К.К.Гедроиц топырақ сіңіру қасиеттерін 5 түрге бөлді. Олардық ерекшеліктері:
1.Биологиялық сіңіру – топырақтағы бактериялар, микроорганизмдер және өсімдік – тірі тамырларының топырақ ерітіндісінен, азот, күл элементтерін сіңіріп, түрлі организмдерге органикалық заттардың түзілеуі. Бұл процестер өсімдік үшін қажетті, N,P,S т.б элементтерді сіңіріп, топырақты сілтіленуден қорғайды.
2.Механикалық сіңіру өте топырақтың өте тар саңылаулары арқылы су өткенде, ондағы үлкен, кіші бөлшектерінің топырақта сүзіліп немесе желмен келген әр түрлі заттардың тұтылып қалу қасиеті.Ол көбіне механикалық құрамына байланысты болады.Олар саздық болса, соғұрлым сіңіру қабілеті жоғары болады.
3.Физикалық сіңіру – топырақ бөлшектеріне еріген зат иондары мен су,газ молекуларының тартым күшімен ұсталу оң немесе теріс адсорбциялануы.
4.Химиялық сіңіру – топырақтың суда ерігіш тұздарының аниондары мен катиондары топырақ ерітіндісіндегі аниондар және катиондарымен әрекеттесу нәнижесінде түзілген нашар еритін, болмаса ерәімейтін қосылыстарды сіңіріп, топырақтың қатты күйіне ауысуы.
5.Химиялық немесе алмасып сіңіру теріс таңбалы топрақтың коллоидты бөлігінің топырақ ерітінділерінен өзіне эквиваленті басқа катиондарды қабылдауы, немесе сонша басқа катиондарды шығаруы.
Көптеген екпе дақылдар мен микроорганизмдер әлсіз қышқылды бейтарап орталарда жақсы өседі, ал қышқылды сілті орталарда онша жақсы дамымайды. Дақылдардың биологиялық ерекшелігіне қарай олардың бірқалыпты өсетін қышқылды, қолайлы қышқылды ортасы да әр түрлі болады. Қоршаған ортаның реакциясына әрі әктеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға сай өсімдіктер мына төмендегідей топтарға бөлінеді.
1. Мақта, жоңышқа, мал азғындық қызылша, кенеп шөп, капуста қышқылдықты өте сезінгіш келеді.
2. Топрақтың жоғарғы қышқылдығын арпа, күздік және жаздық бидай, жүгері, соя, мал азғындық бұршақты дақылдар,күнбағыс,пияз,қияр өте қатты сезінеді.
3. Жоғары қышқылдықты әлсіз сезінетін дақылдарға қара бидай, сұлы, қарамық, сәбіз, тары т.б жатады.
4. Күшті қышқылды топырақтарда егілген зығыр мен картопты міндетті түрде әктеу қажет.Олардың өсетін қолайлы қышқылды ортасы болғанда тиімділігі жоғарылайды.
5. Көк және сары бөрібұршақ,м сераделла, шайдақ түбірі қышқылды ортада жақсы, ал сілтілік және бейтарап ерітінділерде нашар өседі.Бұл дақылдар алғашқы өсуі кезінде нормадан тыс әктесе жақсы жетілмейді, ал орташа норма қолданған кезде өнімі арта түседі.
Ғалымдар табиғаттың топырақпен және оның құнарлығымен байланысын, сырын ашуға, топырақтың түзілу процесінің мәнің айқындауға, егін себудің неғұрлым тиімді және үнемді әдістерін табуға ғасырлар бойы ден қойып, бұл бағытта табандылықпен күресіп келеді. Мұнын өзі түсінікті де. Өйткені, топырақтың түзілу сырын ашу және оның құнарлығын арттырудың ғылыми әдістерін белгілеу ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғарғы және тұрақты өнім алудыңиаса маңызды теориялық негіздерін қалайды. Демек, ауыл шаруашылығын ойдағыдай жүрізудің міндетті шартын құрайтын болады. Жерді тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығының барлық жарамды алқаптарының құнарлығын арттыру жөніндегі мәселе – аса маңызды мәселе болып табылады. Жер – қоғамның күнкөріс көзі, оның байлығ, ол – ауыл шаруашылығыөндірісінің негізгі құралы. Адам табиғат заңдарын танып-білуге, оларды дұрыс әрі пәрменді пайдалануға қабілетті десек, жоғарғы өнім алу үшін өсімдікке қажетті қоректік заттар мен суды дұрыс үйлестіре білудің маңызы өте зор. Ол үшін егіншілік ғылымы мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып, топырақты мәдинеттендіру мен жақсарту үшін қажетті мынадай заңдарды ескеруі керек: 1. Табиғаттағы топырақтың түзілуі процесінің жағымды тиімділік заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні ондағы тірі организмдердің барған сайын ұлғая беретіні және күн саулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы. Ал сонан соң бұларды өзі мекен ететін аймаққа шоғырландыруы,тірі организмдердің жетекші роль атқаруы – осы заңға байланысты. 2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша – ысырап болу, егінмен бірге кету, немесе басқада себептер салдарынан топырақтың сінімді қоректік заттарының тепе-теңдігі бұзылған жағдайда,тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқа агротехникалық әдістермен ол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. 3.Минимум, потимум және максимум заңы.Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егін көлемікөп жерлерде өсімдіктер өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатынын белгілі. Егіннің түсімі топырақтағы минералдық заттардың мөлшеріне байланысты болады. Яғни, түсімнің минимум мөлшерін белгілейтін элементтер. Сол сияқты топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен, су тапшы болса, онда түсімнің мөлшерін ылғал шектейді. Мұндай жағдайда диқан өзінің барлық шеберлігін осы минимумның теріс ықпалын жоюға жұмсауы қажет. Әрине бұл арада ең дұрысы – қолдан суару, ал қолдан суару әлі жасалмаған жерде топырақта ылғалдың біршама көп жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың қолданылуы керек. Сөйтіп тіршіліктің кез келген факторларының – ылғалдың, қоректік заттардың, жарықтың, жылудың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен өркенделуіне теріс ықпал етеді. Бұл сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің биологиялық сапасының нашарлануына да әкеп соқтырады. 4. Өсімдіктердің өз орнына сәйкес келуі және дақылдарды уакыт пен кеңістік бойынша дұрыс кезектестіру. Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы. Жекеленген организмдер ғана емес, тұтас бір өсімдік қоршаған ортамен өзара байланысты, тығыз қарым-қатынаста болады. Олар қатар өсіп қана қоймайды, қауымдасып, өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршіліктің басқа да факторларыүшін күреседі, өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынаста болуының мәні осы. Екінші жағынан, өсімдіктерді қолдан сұрыптау нәтижесінде фитоценозға кіретін өсімдік түрлері өздері мекендеген орта жағдайының бүкіл комплексіне бейімдеу процесі жүзеге асады. Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажет ететін өсімдік түрлері арасына бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттармен ылғалды топырақтың әр түрлі қабаттарынан алатын және күн саулесін әр түрлі қажет ететін, басқа керектерінде әр түрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік мүлде дерлік болмайды немесе, едәуір аз болады. Өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні тегін емес. өсімдіктердің бір түрінің тамыры негізінен үстінгі қабатта болса, ал басқаларының тамыры едәуір тереңге бойлайды да, таязда орналасқан тамырларға бөгет жасамайды. 5.Өсімдік өсуі мен дамуы факторларының бірлескен әрекеттерінің нәтижесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады.Мұның егіншілікті ғылыми ұйымдастыру практикасында ерекше маңызы бар. Өсімдік тіршілігінің жекеленген факторлары өз алдына оқшау емес, бір-бірімен өзара тығыз байланысты әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа ешнарселермен алмастыруға болмайтын тұрғысынан алғанда, бұлформалардың барлығы бағалы.Өсімдік өне бойы факторлардың бүкіл комплексінің ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егіс даласында жүргізілген нақтылы эксперименттер, сондай-ақ егіншіліктің көп жылғы практикасы мынаны көрсетті: өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіа әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егіс даласындағы жағдайда осы фактордың бірінің өсімдікке ықпалын өзгертпесе, басқа факторлардың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады. Осы өзара әрекеттестік заңдылығын танып-білген маман мен диқан өсімдік тіршілігінің кез келген факторларына тікелей ғана емес, онымен тығыз байланысты басқа факторлар арқылы да жанама түрде ықпал етіп, тіпті, ауа райыы қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алады. Мысалы, өсімдіктіктердін пісуін тездететін фосфар және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуашылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А.Тимирязев былай деп атап көрсеткен: Тыңайтқыштар өсімдіктер пайдаланатын қоректік заттардың көзі ғана болып қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен күресу жолы болып табылады. Өйткені, өсімдік азық мол бол ғанда қоректік заттар жетімсіз кездегіге қарағанда, құралатын органикалық заттың әрбір өлшеміне суды аз буландырады.
Бақылау сұрақтары:
1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік
2 Топырактың минералды бөлігі
3 Топырақтың сіңіру қасиеттері
4 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топрақтың ортасы мен әктеуге қатынасы
5 Егіншілік және топрақтану ғылымдарының негізгі заңдары.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиет:
1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС
Дәріс 8,9
Минералды тыңайтқыштар, классификациясы. Азот тыңайтқыштары, маңызы, түрлері, қолданылуы.
Жоспар:
1 Минералды тыңайтқыштар туралы түсінік
2 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі
3 Азот тыңайтқыштары,түрлері,қолданылуы
Адамар ғасырлар бойы озінің күнделікті өмірінде қоршаған ортаны, табиғатты игеруде көп тажірибелер жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы өндірісінің оның ішінде егіншіліктің даму деңгейіне адам баласы 12 мың жыл бойы жан жақты шұғылдану арқасында жетіп отыр. 1980 жылы жер жүзінде ауыл шаруашылығы өндірісінде 107млн Т минералды тыңайтқыштар пайдаланып, әр гектар егістікке 7.1кг тыңайтқыш енгізіліпті. Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды , органикалық, органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді.Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға (бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т.б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек , қаланың қоқсықтары т.б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар органикалық-минералды тыңайтқыштарңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т.б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен , немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі , топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады.Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос,калий селитрасы қатарына жатады,бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады.Тыңайтқыштардың сапасы,олардың құрамындағы қоректік заттар,яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді,сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне,құнарлығына әсер етіп,оның қышқылдығын өзгертеді. Азот-жер бетіндегі ең көп тараған элемент.Ол табиғатта бос күйінде және қосылыстар түрінде де кездеседі.Ауа құрамының 78 проценті осы газ болса,жер қыртысында 0,04 процент қосылысқан азот кездеседі,өсімдіктер мен жануарлардың организміндегі азот органикалық қосылыстардан тұрады. Тірі организм азотсыз өмір сүре алмайды,өсімдіктер,жан-жануарлардың денесін құрайтын клеткалар,оның құрамдас бөлігі протоплазма белок заттарынан,немесе құрамында азоты бар заттардан тұрады.Демек,белоксыз тіршілік жоқ.ал азотсыз белок жоқ. Бактериялар арқылы азоттың қосылысқа түсуі өте баяу,қалыпты жағдайда жүзеге асады.Бактериялар азотты ауадан сіңіріп,өсімдіктерге қажетті түздарға айналдырады.Өсімдік топырақтағы азот тұздарын судың көмегі арқылы,басқада тұздармен бірге сіңіреді.Құрамында азоты бар органикалық заттар өсімдіктен жануарларға,одан соң адам ішіру,ыдырау процестерінің нәтижесінде топыраққа қайта оралады. Бірақ өсімдітер мен жануарлардың қалдықтарындағы барлық азот пайдаланбайды.Оның едәуір бөлігі атмосфераға оралады.Азоттың табиғаты осылай бір күйден екінші күйге үздіксіз өтіп отырады.Ол жай ғана күрделі белоктардың,өсімдік клеткасының цитоплазмаларының және нуклеин қышқылдары құрамына кіріп организмдердегі заттардың алмасуында басты рөл атқарады. Сонымен бірге хлорофилл, фосфатидтер, алколлидтар, ферменттер т.б органикалық заттардың құрамында болады. Азотты тыңайтқыштарды жеткілікті нормада қолданғанда организмдердің тіршілігі біраз уақыт ұзарып,қуатты сабақтары мен жапырақтары жақсы дамиды,әр жақсы түптенеді.Мұның өзі өнімнің жоғарлауына,белоктың кобеюіне жақсы әсер етеді. Азоттың топырақтағы кездесетін негізгі түрлері – органикалық қосылыстар 94-95 процент,аммоний қосылыстарының формалары түрінде және алмаспай жинақталған сазды минералдардың 3-5 процент құрамында болады. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы дақылдарын бір жерге еге беру азоттың жалпы қоры мен топырақтың құнарлығын кемітіп жібереді. Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қорын көбейтудің жолын атмосферадағы азоттың пайдалануынан да іздестірген жөн.Әр гектар жердін үстінде 80 мың тонна азоттың болатыны анықталады.Осы молекуляры азот бос күйінде болғандықтан өсімдіктер ішінде оны бұршақты дақылдардан басқасы пайдалана алмайды.Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қоры екі түрлі жолмен толықтырылады. Өзара байланысатын азоттың кейбір түрлері (аммиак,нитрат)найзағай ойнағанда,оның үстіне жауған жауын-шашынмен бірге әр гектар жерге 3-5кг келіп түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігі белгілі нормаларда,қатынаста болуы қажет.Осыған орай азотты тыңайтқыштардың артық қолданылуы дақылдардың жатып қалуын көбейтіп,пісуін кешіктіреді,өнім құрамында нитраттарды нормадан тыс асырып су қоймалары мен жер асты суларын ластайды.Осыған байланысты азотты тыңайтқыштарда көп қолданатын жекелеген шаруашылықтар мен аймақтарда олардың ерігіштігін төмендету қажет. Азотты тыңайтқыштар 4 группаға бөлінеді. а)нитратты тыңайтқыштар тотықтанған азот қосылыстары түрінде азот қышқылының тұздары болып саналады,оларға натрий,кальций селитралары жатады. б)аммиакты тыңайтқыштарға азот катионымен қышқылды қалдықтардың қосылыстарымен(амоний сулъфаты,хлорлы амоний,сусыз сулы аммиак)жатады. в)аммиакты-нитратты азотты тыңайтқыштарға аммиак селитрасы,аммиакаттар жатады. г)аммидті тыңайтқыштар құрамында амид формалары бар мочевина ,калъцийдің цинамиттері жатады. Нитратты тыңайтқыштар.Бұл тыңайтқыштарға натрий және калъций тұздары жатады.Әсіресе Чили селитрасы көп уақыт табиғи жағдайларда өндірілп келеді.Оның табиғи қорының таусылуына байланысты қазіргі кезде аммиакты тотықтыру арқылы алынады.Суармалы жерлерде егілетін күріш,мақта т.б.дақылдарға қолданатын селитралар тиімділігі тыңайтқыштарға қарағанда онша көп болмайды. Аммиакты тыңайтқыштар.Бұл тыңайтқыштар өндірісі нитратты тыңайтқыштарға қарағанда күрделі емес(аммиакты азот қышқылына тотықтырып керегі жоқ),ал аммоний сулъфаты бұрын тас көмір құрамындағы 0,5-1,5 азоты бар қосылыстардан алынып келеді.Қазақстанның және Орта Азияның қарақоңыр,сұр топырақтарында аммоний сулъфатының әсері топырақта қышқылды орта туғызбайды.Сондықтан олардың қышқылдық орта туғызбауынан зиянды жақтары кездеспейді әрі қолдануға болатындығы анықталды.Сондықтанда бұл тыңайтқыштар жерді жыртар алдында,күзде немесе көктемде беріледі.Олардың тиімділігі топырақтың қышқылдық және буферлік дәрежелеріне және дақылдардың түрлеріне қарай анықталады.Мысалы,қышқылды топырақтарда қолданылатын әк және фосфорит ұнынан кейін берілген аммиакті тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары болады.1ц аммоний 1.3ц көмір қышқылы,калъцийді қанықтырып,бейтараптайды. Топырақтың қышқылды ортасына төзімділігі жоғары дақылдарға сұлы,күздік қара бидай,картоп аммоний сулъфатының туғызған қышқылдағы әсері етпейді,ал қара,сұр топырақтар негіздерге қаныққан,бейтарап болса,қолданылған аммоний сулъфаты натрий нитратына қарағанда төмен болмайды. Күздік бидайға нитратты немесе аммиакты –нитратты тыңайтқыштарды үстеп қоректендіру,ал суармалы жерлерде аммиакты тыңайтқыштарды қолдану жақсы нәтиже береді. Сұйық аммиакты тыңайтқыштар.Азотты тыңайтқыштардың аса қатты түрлерімен бірге сұйық түрлері де кездеседі.Құрамында 82.3 процент азот бар сусыз аммиакты арнаулы болатын жасалған жабық цистерналарда сақтайды.Топырақтың қатты бөлігінің аммиакты бойына сіңіру олардың механикалық құрамына, қарашірікке , ылғалдылығына, оларды қолданудың тәсілдері мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, ауыр органикалық заттарға бай топырақтар жеңіл, оларды қолданудың тәсілдері мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, ауыр органикалық заттарға бай топырақтар жеңіл, қарашірігі аз топырақтарға қарағанда аммиакты жақсы сіңіреді. Ал құмдақ топырақтарда аммоний тұздарының түзіліуі баяу жүреді. Сондықтанда жеңіл топырақта аммиакты бойына шамалы уақыт ішінде сақтайды және тез арада ұшып кетеді. Топырақ ылғалы жоғары болса олда соғұрлым ұзақ сақталады. Аммиак суы екі сортта шығарылады, бірінші сорт құрамында 20.5процент азот (25 процент аммиактын судағы ерітіндісі),екінші сортында 16.4процент(20 проценттік аммиак ерітіндісі). Олардың жерге сіңіруді арнаулы машиналармен ауыр топырақтарда10-12см, ал жеңіл топырақтарда14-18см тереңдіктерде жүргізу керек.Мұндай жолмен енгізілген тыңайтқыштар ұшып кетпейді.Жалпы тыңайтқыштарды біркелкі шашылуын реттеуде егіс алқаптарының қатар аралықтарын өңдеу жұмыстарымен ұштастыру басты рөл атқарады. Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар.Бұл тыңайтқыштарға азот қышқылы аммонийдін тұзы жатады.Аммиак селитрасы ылғалды жақсы тартады әрі тез қатып қалады.Шашылу қасиеті дн төмендейді.Бұл жағдайда болдырмау үшін фосфориттің сұйығының, гипс каолитін т.б. аздап араластырып қосады.Мұның өзі аммиак селитрасын ыдыратпайды,тыңайтқыштардың түрлері аздап сарғыш түсті болады. Аммиак селитрасы басқа азотты тыңайтқыштар арасында әр түрлі топырақта егілген дақылдарға тиімділігі жағынан бірінші орын алады.Қазіргі кезде оларды қолдану қатарлап,жерді жыртар алдында және үстеп қоректендіру арқылы жүзеге асырылады. Амидті тыңайтқыштар.Жасанды мочевина құрамында 46процент азот болады,ал азотты тыңайтқыштардың қатты түрлерінің арасындағы концентрациясы жоғары болып саналады. Олардың басқа азотты тыңайтқыштарға қаоағанда айырмашылығы жоғары концентрациясын қолданғанда өсімдіктердің жапырақтарына зиянды жақтары байқалмайды.Жапырақ клеткаларында молекуляарлы формаларда сіңіп,өсімдіктердің пайдалануына мүмкіншілік жасайды.Оны қатарлап беруге де болады.Тиімділігін арттыруда оларды қолдану алдында басқа тыңайтқыштармен,құрғақ топырағпен араластырады.Сонымен мочевинаның құрамындағы азоттың көп,физикалық қасиеттің жақсы болуы,бұл тыңайтқыштарды көптеп шығаруға мүмкіндік жасады. Азотты тыңайтқыштарды сіңірген кезде өсімдіктердің әдеттегі далалық жағдайда топырақ құамындағы азотты бақылау варианттарына қарағанда 30-40процент мөлшерінде артық сіңіретіндігін таңбалы атом тәсілдерін қолдану кезіндегі агрохимиялық зерттеулер дәлелдеп берді. Еліміздің көптеген аймақтарында егілетін дақылдардың өнімділігін арттыруда азотты тыңайтқыштарға үлкен орын беріледі. 1тонна азот қосымша 10-15т астық, 20-30т шалғынды шөп, 30-40т қант қызылшасын, 5-6т мақтаның ұлпасын алуға көмектеседі.Ол сонымен бірге дақылдардың сапалық көрсеткішін жақсртады.Дәндегі мал азығының құрамындағы белок мөлшеріе көбейтеді.Оның тиімділігі ылғалы жоғары аймақтарда жақсы байқалады.Әсіресе шалғынды күлгін,қоңыр,орманды топырақтарда егілген дақылдардың өнімін жоғарлатуда азотты тыңайтқыштардың үлес салмағы 60-қа дейін жетеді. Дәнді-дақылдардың өнімін жоғарлатуда азотты үстеп қоректендірудің маңызы зор.Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданатын азотты тыңайтқыштардың тиімділігі негізінен екі факторға –азоттың топырақтағы жылжымалы формалары мен ылғал қорына байланысты болады.Қазақстанның қара топырақтарының құрамында 0.6процент жалпы азот, 200-300мл –га жылжымалы түрлері болса, сұр топырақта 0.05процент жалпы азот және олардың жылжымалы түрлері 15-20мг-га болады. Осыған байланысты азотты тыңайтқыштардың қолданатын нормалары қара топырақтан күңгірт қара,қоңыр ,сұр топырақтарға қарай өсіп отырады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1 Минералды тыңайтқыштар туралы түсінік
2 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі
3 Азот тыңайтқыштары,түрлері,қолданылуы
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |