Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/4
Дата22.10.2016
өлшемі0,62 Mb.
  1   2   3   4

ПОӘК 042-14-5-05.01.20.17/03-2011


__________2011 жылғы №1

басылым


беттің -шісі



5В 020500– «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

Сұлтанмахмұттану

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2012

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Семинар сабақтары

4 СӨЖ

1 ГЛОССАРИЙ
Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

Әдебиеттің ұлттық сипаты - әдеби шығарманың ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, тарихи-поэтикалық зерде аясында қалыптасқан қаламгер туындысы.

Әдебиеттің халықтық сиапты – шығарманың халық мүддесіне сай идеялық – көркемдік сапасы.

Образ – көркем бейне, әдебиеттегі суреттілік, болмысты өнерде көркемдік тұрғыда сөзбен сурттеп жазу.

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.

Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.

Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі

Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.

Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.

Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.

Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.

Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.

Проза- қара сөзбен жазылған көркем шығарма.

Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.

Драматургия – болмысты шиеленіскен тартыстар арқылы жинақтап, көрермен алдына жанды қозалыста бейнелейтін әдебиет жанры.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процессті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармалар мен қаламгердің шығармашылық ғұмырбаянын зерттейтін ғылым.

Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.

Прототип – көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде бар түп тұлғасы.

Академиялық басылым – қаламгер шығармасының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде даярланған жинағы.




2 ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
1- дәріс.

Ақын ғұмырбаяны. 1-сағат

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.

Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.

Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,

баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды.

Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар»дегеннің кебі келіп,көз ауруына ұшырап,медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады,өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып,жадап-жүдейді.

1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады.Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып,қаржы жинап алып,үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ,оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.

Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,солардың газетіне өлең,мақала жазып тұрады.Бірақ,ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді,олардың әсеріне ерді.

Сұлтанмахмұттың «Социолизм» деген мақаласында оқу, мәдениет, ғылым,техника жайлы,қазақ халқының ілгері дамуы,мәдениетті ел болуы туралы сөз етеді.Ақын дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады: бірі – дене азығы,екіншісі – ар азығы;дене азығы –техника,ар азығы - әділдік деп ұғады.Өзгеге солай ұғындыруға тырысады.Қазір Европада дене азығы әбден жетілді,ар азығы әлі жетіле алмай отыр.Ар азығы жетілмегендіктен дене азығы,адамды бақытты етуге тиісті құралдар адамды қанауға,бақытсыз етуге жұмсалып отыр.Ал ар азығы ер жеткенде,дене азығы адамды бақытты етуге жұмсала ды,адам жеңіл күн көретін болады.Адамның ақыл-ойымен,күш қуатымен жасалған құралдар – дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды бақытты етуге жұмсалады-дейді ақын.Яғни Сұлтанмахмұт ғылым,техниканы екі түрлі жолмен – капиталис тік және социолистік жолмен пайдалануға болатынын аңғарды.Алдыңғы жолды даттады,кейінгі жолды дәріптеді.Ақын арманы да соңғысы.
Алашорда ұкіметі Колчак өкіметімен ресми бірігіп,әскерін,қару-жарағын соған беріп,Совет өкіметіне қарсы соғыс бастаған кезде,яғни 1918 жылдың июнь айында Сұлтанмахмұт емделем деп еліне,Баянауылға кетті.Ол кезде Сібірде,Баянауыл жағында Колчак,алашорда үкіметі үстемдік жүргізіп тұр еді.Ақын олардың қызметіне қатыспады.Емделді,үйінде жатып өлең,поэмалар жазды,елеусіз мұғалім болып қызмет атқарды.

Торығып жүрген кезінде,өз ауылында жатқанда Сұлтанмахмұт саяси-әлеуметтік, философиялық кітаптарды, социолизм жайында, соғыс, революция жайында көп нәрселер оқиды.

Бұл оқығандары Сұлтанмахмұтқа зор әсер етеді:білімін тереңдетіп, көзқарасын кеңейтеді; көп ой салады; күш береді.Бұл кезде социолизм деген мақала, « Осы әділдік пе?», «Неге жасай- мын?», «Адасқан өмір», «Кедей», «Өң бе,түс пе?», «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?» деген шығармалар жазады.

Ақын бұл шығармаларда дүниеге,заманға үміттеніп қарайды; оның алдан жарқын болашақ күтетіні ,демократиялық-революциялық ой-пікірі,көзқарасы айқын көрінеді.

1919ж желтоқсан айында Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл жағында Совет өкіметі орнайды. Осы кезде ол мұғалімдікті тастап, Павлодарға барады. Жигеров Сұлтанмахмұтты Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы етіп жібереді. Оған ел ішінде Совет өкіметінің жолын,саясатын түсіндіруді,сайлау жүргізуді тапсырады.

Шідерті болыстық революциялық комитеттің бастығы болып екі-үш ай істегеннен кейін оның ежелгі ауруы меңдейді,төсек тартып жатып қалады.Ауырып жатып,1920жылдың алғашқы айларында, ол «Айтыс» деген поэма бастайды.Бірақ ол шығармасы аяқталмай қалады.

Сұлтанмахмұт Шідертіде сырқаттанғаннан, үйінде ауырып жатып, 1920жылы, 21май күні, 27жасында өлді, тіпті жастай көз жұмды. Қыршын кетті.

Қыршын кетуі үстіне Сұлтанмахмұттың осы қысқа өмірінің бәрі кемшілікте,мұқтаждықта,азапта,тартыс-күресте өтті.Жасынан жетім қалды,өгей ана қолына қарады.Кедей болды,ішер асқа,киер киімге жарымады.оның шетке кетіп оқуға,кең білім беретін мектепке түсіп оқуға қаржысы болмады. Әлгі кемшілік пен мұқтаждық,тән азығын да,жан азығына да тарығу оны ауруға шалдықтырды. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бірде-біріне қажып,мұңаймады.


Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,
Жеңуге жігеріме сенем деген..
Менде жоқ, қажу деген, ашу деген,
Тарығып,болымсызға сасу деген, -

деп, үнемі, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өнер, бақыт, шындық іздеумен болды. Өмірі құлшыныс, күреспен өтті.

Ақын шығармашылығының бірімен-бірі тұтасып жатқан екі түрлі негізгі қасиеті бар.Ол – шығармаларының реалистігі мен халықтығы.

Жазушы шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір,қазақ халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы тұсындағы өмірі.

Сұлтанмахмұт шығармаларының жиыны қазақ халқының Ұлы Октябрь социолистік революциясынан бұрынғы,революция жылдарындағы қоғам тіршілігінің,дүние,қоғам тануының,әдет-ғұрпы мен мінез-қылығының әрі нағыз шындығы,әрі әділ сыны,халықтың ой арманы тілек-мақсаты.Сұлтанмахмұт революциядан бұрынғы бірсыпыра өлең жырларында қамығып, қайғырады,қайғы-шерді шертеді.Оның аяқ зар,мұң,қайғы,уайым,өкініш,налу болып келеді.Ақын бұлардың бірінде жеке адамның басына түскен қайғы –қасіретті,мұң-шерді айтып,мұңданса,екіншісіне жалпы халықтың,еңбекші бұхараның басындағы ауыртпалықты,аянышты халды айтып зарлайды. Сұлтанмахмұттың тағы басқа бірқатар өлең,поэмаларында халық басындағы ауыртпалықты,жалшы,малшының жоқшылығын,аяныш шеккен,кекті,шерлі адамдардың көзімен бейнелейді.

Сұлтанмахмұт шығармаларының негізгі қасиеті – олардың реалистігі мен халықтығы.Ақын қазақ халқының өз тұсындығы өмірін бар шынайылықпен бейнеледі.Қазақ халқының Октябрь революциясына дейінгі,кейінгі қоғамдық өмірінің көкейтесті көптеген күрделі мәселелерін қозғады. Соның баршасын халықтың тұрғыдан баяндады.С.Торайғыров қиян-кескі күрес-көтерілістер, сұрапыл соғыстар,ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат та, асқан ойшыл ақыны болды. Өз ұлтының ұлы орыс халқынан үлгі-өнеге алып,ілгері дамуы,саясат,шаруашылықпен, мәдениет жағынан тегіс жетілуі жолында күресті.Бұл жағынан ол ұлы Абайдың жолын дамытушы.


2-дәріс.

Сұлтанмахмұт шығармашылығының зерттелу мәселелері. 1-сағат

Тұңғыш зерттеушісі – Ж.Аймауытов. Б.Кенжебаевтың 1968 жылы ақынның шығармашылығын арнаулы семинар материалдары негізінде жоғары оқу орындарында оқытуға бағытталған «Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі» аталатын еңбегі жарық көрді. Сондай-ақ сұлтанмахмұттанудағы сүбелі үлестің бірі – ғалым Ө.Есназаровпен бірге жоғары оқу орындарына арнап «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» [27] деген оқулық жазуы. Бұл оқулық жазу ісі ғалымдар С.Қирабаев және Ә.Нарымбетовпен бірге жүргізіле бастаған. Бағдарламасын түзу, бақылау-жаттығу жинағын шығару сияқты ортақ істер атқарған.

Б.Кенжебаевтың өзі өмір кешкен ғасырдың 40-шы жылдары жасаған күрделі зерттеулерінің жиынтығы ретінде жазылған С.Торайғыровтың поэзиядағы бағыт-бағдарын, жалпы, ақындық келбетін айқындайтын еңбегі – 1949 жылы жарық көрген «Сұлтанмахмұттың ақындығы» атты монографиялық еңбегі. Бұл еңбек Б.Кенжебаевтың аса құнды зерттеулерінің қатарынан орын алады. Зерттеу жүргізіп, тақырып аясын кеңейтіп, «Сұлтанмахмұттың ақындығы» (1949) деген атпен кандидаттық диссертациясын жазған. Бес бөлімнен тұратын диссертацияда С.Торайғыровтың ақындық шеберлігін өз дәуірі, өз заманының ортасынан бөле жармай, бірлікте қарағандығын, ақын өлеңдерін талдағанда тар әдебиет теориясы тұрғысынан ғана емес, философиялық талдау жасауға тырысқанын алға тартады. Б.Кенжебаевтың бұл еңбегінің ғылыми құндылық мәні өз кезеңіндегі әдебиет ғылымы үшін зор болды. Бүгінгі күні ғалымның бұл саладағы еңбегі өзінің әділ бағасын алуға тиіс. Осы зерттеуді қазіргі ғылым нысанасына алудың қажеттілігі ғалым Б.Мамыраевтың «...профессор Б.Кенжебаевтың еңбектері қырқыншы жылдары жасалған ақынтанудағы ізденістердің ең күрделісі болды, әрі бұл ғалымның жұмыстарына ресми билік өкілдерінің көзқарастары тұрғысынан қарсылыққа ұшырауының өзі-ақ, әдебиетшінің концепциясын жақын тануға қызығушылық пен қажеттілік тудырады» деген ойынан да аңғарылады.

Б.Кенжебаев С.Торайғыров шығармалары туралы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеу жұмыстарын кандидаттық дәрежесін алғаннан кейін де күрделендіре, жаңғырта жазу үстінде болған. Б.Кенжебаевтың 1940 жылы жазған «Сұлтанмахмұт Торайғыров» деген мақаласы ғалымның үлкен ғылыми зерттеулерінің негізі болды. Бұл мақалада С.Торайғыровтың:


«...Елімнің мен шын ұлы екеніме,
Тағдырдың өзі берер куәлікті» -
деген өлең жолдары келтіріліп, оның өзін бір топтың: шаруалар тобының, ұсақ буржуазияның ақыны емес, халық ақыны деп бағалануы керектігі айтылады.

Б.Кенжебаев зерттеулерінде ерекше қолға алынып зерделенген мәселе, ол ақынның көркем бейнесінің көркем шығармадағы жасалу ісі еді. Ол С.Торайғыровтың көркем шығармадағы көркем бейнесінің суреттелуіне қатысты да пікірлер айтқан. Бұл да зерттеу негізінде туған ой, көзқарас. С.Торайғыровтың тарихи көркем бейнесін жазушы Д.Әбілев жасады. Тарихи қайраткерлердің өмірі мен өскен ортасы туралы биографиялық сипаты күшті шығармалар қазақ әдебиетінде бұған дейін де болған. Абай, Махамбет, Шоқан, Ықылас, Сәкен жайлы көркем туындылар мұның айғағы. Тарихта болған адамдар, олардың іс-әрекеті, өз өмірінде бастан кешкен оқиғалардың көркем шығармада бейнеленуі оқырман мен сыншының жіті қадағалауын да тудырары ақиқат. Сондай себеп зерттеуші Б.Кенжебаевты жазушы Д.Әбілевтың «Ақын арманы», «Арман жолында», «Сұлтанмахмұт» деп аталатын трилогиясындағы С.Торайғыровтың өмір жолының суреттелу шыншылдығын тексеруге итермелеген. Б.Кенжебаев трилогияның екі кітабын талдауға арнаған «Арманды ақын бейнесі» атты мақала жазған. Зерттеуші ретінде Б.Кенжебаев С.Торайғыров туралы жазылар шығарма тарихи фактілердің көркем шығармада көркемдік элементтермен жіті қабысып жату қажеттілігін ұстануы, ақын шығармаларының эстетикалық құндылығы мен өмір сүрген кезеңінің нақтылы шындығын ұштастыру деп ұғатындығы аңғарылады. Ғалымға тән қасиет пен ақын шығармашылығына іңкар көңілден туған сезім.


Әдебиеттанушы ретінде ғылыми объектісіне аса зер сала зерттеумен қатар, ғалым ақынның шығармаларындағы афоризмдерді теріп жинаумен айналысқан. Мұны өзінің ақын өміріне қатысты жазған деректі-көркем шығармасы «Асау жүректі» кеңейтіп, келешекте көркем шығарма етіп жазу барысында қолдануды да мұрат тұтуы бек мүмкін. Сондай-ақ, ол С.Торайғыров жайлы түсірілген деректі фильм сценарийінің де авторы екені белгілі.
Зерттеуші, ғалым, ұстаз атауларын бірлікте ұстанған Б.Кенжебаев бұрын-соңды басы құралмай, шашыраңқы жүрген, бір арнада тоғыспай жүрген зерттеу, ой-мақала, тұжырым-түйіндерді бір арнаға тоғыстырған. Ақынды танудың ғылыми ой-тұжырымдары мен әлі де басы ашық мәселелерін әдемі ұштастыра отырып, кейінгі жас оқырман – студенттерді осы іске жұмылдыруға, тартуға икемдейтін бағытта қызмет еткен. Б.Кенжебаев С.Торайғыров шығармашылығын тыңғылықты зерттеп, өмір бойы назарынан тыс қалдырмай келсе де, өзі ғылыми арна етіп қалыптастырған сұлтанмахмұттану ісін әрі қарай дамыту мақсатында шәкірттеріне зерттеткен. Ғылыми арнаның дамуына жаңаша пікір, жаңаша көзқарастың қажеттігін түсінген. Ол еңбегі жемісті болғаны да белгілі. Сұлтанмахмұттанудың қазіргі кездегі ең елеулі өкілдерінің бірегейі филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетовтың бұл саладағы ғылыми маңызы зор еңбектері осының дәлелі. Екі ғалымның бірге жазылған зерттеулері өзара сабақтастық пен жалғастықтың көрінісіндей. Б.Кенжебаев ақынның ғылыми өмірбаянының басы-аяғының жиналуына атсалысса, А.Еспенбетов ұзақ сонар күрделі процесті бір арнаға тоғыстырып, етек-жеңінің бүтінделуіне еңбек сіңірді.

Сондай-ақ, Б.Кенжебаев 1950, 1957, 1962, 1987 жылдары ақынның шығармалар жинақтарын шығаруға, құрастыруға араласып, алғысөз, соңғы сөз, түсініктемелер жазған. Бұл ғалымның сұлтанмахмұттанушы ретіндегі қызметінің жемісі, сол кездері мойындалғанының белгісі болатын.

С.Торайғыровтың өмірге, еліне деген қуатты сүйіспеншілігін, болашаққа деген қасиетті сенімі бар ақын романтикалық асқақ қиял мен терең философиялық ойдың иесі екендігін дөп басып таныған. Ақын шығармаларындағы лирикалық қаhарман өршіл арманның, биік мақсаттың иесі, ары да, жаны да патриот, гуманист, оптимист, тәкаппар асқақ жан С.Торайғыровтың өз бейнесімен астасып жататындығын зерттеулерінде көп айтқан Б.Кенжебаев ақынның өршіл рухына тағзым еткендігі көрінеді. Түйіндей айтсақ, сұлтанмахмұттану саласының әдебиеттану ғылымында негізін қалаған қайсар ғалым Б.Кенжебаев екендігі зиялы қауымға анық.
3-дәріс

Дәуір келбеті және поэзия парасаты 1- сағат

Поэзия – қасиетті ұғым. Поэзия – адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Поэзия – адамның ішкі ішегінің қырындысы. Поэзия – жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Сонымен бірге поэзия – әлемдік ұғым. Поэзия тек қана ішкі дүние емес. Поэзия – адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – адам жанының жанартауы. Поэзия – адам жанының жыршысы. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан-ақ ұлы Аристотель айтып берген ғой. Поэзия – әлемнің жыршысы. Поэзия – субстанция. Поэзия – ақылдың айнасы. Поэзия – халық мұңы, өнердің шыңы.

Бұрыннан қалыптасқан, ең алғашқы нәрсе – Сөз деген ұғым бар. Ол, меніңше, дұрыс емес. Ең алғашқы нәрсе – инстинкт, әрекет, қимыл. Тіршілік деген құдірет мәжбүр ететін әрекет. Бүкіл жанды жәндік, мейлі, алып пілдің баласы болсын, мейлі, кіп-кішкентай тышқанның баласы болсын, іздейтіні анасының емшегі. Сол ана емшегін емуден тіршілік басталады. Міне, логикалық шындық осы. Ал сөздің қайнар бастауы – поэзия. Яғни поэзия – бірінші, проза – екінші. Сонымен, Сөз бірінші деп танысақ, сөз иесі – Адам – ақын. Яғни адам біткеннің бәрі ақын десек керек. Қашанда бірінші Сөз ақындікі. Бірақ адам өсе келе өзгереді. Екшеле-екшеле келе бойында Құдай берген таланты барлары ғана шынайы ақын болады. Ақындық – ерекше өнер. Міне, осынау талант жайлы біраз сөз қозғамақпыз.

Ағылшынның аса талантты ақыны Шелли өзінің «Поэзияны қорғау» деген еңбегінде поэзияның қадір-қасиетін жоғары бағалап, оны басқадай оғаш пікірлерден қорғауды мақсат тұтқан. Ол әдебиеттің бұл жанрының өте көне өнер екенін айтып: «Поэзия адаммен бірге бір уақытта туған» – дейді. Оның ойынша, поэзия ой мен рухтан құралады. Философтардың ішінде ақындар жеткілікті. Мысалы, Платон да, Бэкон да философтығымен қоса ақын да. Ал ақындардың ішінде Шекспир, Данте, Мильтондар тек ақын ғана емес, философтар деуге әбден болады. Ал ғалымдарды алатын болсақ, Геродот, Плутарх, Ливий ақын болған. Ақын – бұлбұлдың нағыз өзі. Ол қараңғыда сайраса, түнек түнді жарқыратып жібереді. Оның үнінің қасиеті осындай, – дейді Шелли. Оның ойынша, поэзия тек суреттеу ғана емес, ол терең ойды толқындатып, адам жүрегін тебірентеді. Поэзия жарқ-жұрқ еткен найзағайдың тіліп түсер жүзіндей өткір қару. Ол аса құдіретті өнер. Ол білімнің қайнар бастауы, сұлулықтың жыршысы. Мысалға, Шелли ағылшынның тағы бір ұлы ақыны Торквато Тассоның «Тек Құдай мен Ақын екеуі ғана жасампаз деген сөзге лайық» – деген ойын келтіреді. Сөзінің аяғында ұлы Шелли – поэзия сыншысы тек философ болуы қажет дегенді қадап айтады. «...Ақын – әлемнің танылмаған заң шығарушысы», – деп қорытады өз пікірін ұлы ақын Шелли.

Қазақтың кемеңгер ойшылы Ахмет Байтұрсынов сан-салалы, салиқалы, асқаралы, жазушы, ақын, ғалым, тюркологтығы әлемге әйгілі болған ерекше өрен еді. Ол қазақ қамын жеп, сонау заманда-ақ ұлтымыздың грамматикасының негізін қалады. Өте терең тіл зерттеушісі болды. Әліппемізді қалыптастырды. Ақындығымен қоса аударма саласында мол еңбек етті. Оның «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінің күні бүгін де ұлтымызға берер тағылымы тым мол. Міне, осы еңбегінде ол ұлтымыздың поэзия өнеріне Абайдан кейінгі тың пікір айтқан кемеңгер ойшыл. Ол өлең шығару өнерінің бүге-шігесіне дейін талдап, тыңнан жол салды. Ұлттық поэзиямыздың теориясының негізін қалады. Қазақ жырын сан сала етіп талдады. Оның бәрін тәптіштеп айту бұл еңбектің міндеті емес. Жастарымыз Ахмет атасының осы еңбегін жастығының астына салып жатып, оқуы керек.

Ахмет Байтұрсынұлы сөз өнерін ғылым деп таныды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Бұдан сөз өнерінің ғылымы туады, – деді ол. Ахаң Абай мен Мағжан өлеңдерін тұңғыш рет ғылыми аспектіде талдап берді. Ол шын мәніндегі ғылым адамы еді, даналыққа бет бұрып, кемеңгерлігі кемелденіп келе жатыр еді. Ахаң былай деп жазды: «Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің барлығын, яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол ұлы ұғым жүйесі даналық», – деп аталады. Тағы бірде Ахаң былай дейді: «Зейін табиғаты – табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып, табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі – ғылым», – деп аталады.

Міне, осындай даналық туралы, ғылым туралы тағылымды терең ой айтқан ұлы ойшыл Ахмет Байтұрсынов кемеңгерлігі кемелденіп, философияның қағидалы қақпасын енді ғана ашқалы тұрған шағында жазықсыздан-жазықсыз Сталин зомбалаңының құрбаны болып кетті. Ол қазақ халқының маңдайына біткен Фараби мен Абайдан кейінгі үшінші данагөйіміз болды.

Шынында да, поэзия текті ұғым, терең ұғым. Ал ақын осы ұғымды халыққа өлең тілімен жеткізетін күрделі де кемелді кемеңгер болса керек. Нағыз ақынның әр сөзі жүрекке жететіндей терең мәнді болуы қажет. Мысалы, орыс халқында Андрей Белый деген аса қуатты, әр сөзі қорғасыннан құйылғандай салмақты, салиқалы, жаңашыл ақын болған. Андрей Белый жөнінде М.Горький өзінің 1922 жылы 10 қыркүйекте орыс жазушысы Б.А.Пильнякқа жазған хатында былай дейді: «А.Белый – человек очень тонкой, рафинированной культуры, это писатель на исключительную тему, существо его – философствующее чувство. Белому нельзя подражать, не принимая его целиком со всеми его атрибутами – как некий своеобразный мир, – как планету, на которой свой – своеобразный – растительный, животный и духовный миры». Міне, шын ақын осындай аса күрделі, тіл жетпестей тылсым, мынау жаһандай жұмбақ, терең сырлы, сегіз қырлы болуы керек.

Қорыта айтарымыз, поэзия аса текті, терең, тұңғиық, тұнық, адамзаттың жүрегін жарып шыққан сөз сұңғыласы, ой құдіреті десек керек. Сонда ғана біз шын ақынның талантына бас иеміз, поэзияның парасатты тегін ұғамыз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды.

Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы — өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады.

Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады.

Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу