2-тарау. ХалықТЫҢ ТҦрмыс деңгейінің статистикасы 12. Халықтың тҧрмыс деңгейі туралы жалпы тҥсінік



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата22.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#198710
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


266 
12-тарау. ХАЛЫҚТЫҢ ТҦРМЫС ДЕҢГЕЙІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ 
 
12.1
 
 Халықтың тҧрмыс деңгейі туралы жалпы тҥсінік
 
Кез келген қоғам дамуының түпкі мақсаты – адамдардың ұзақ, салауатты 
және материалдық тұрғыдан қарағанда молшылықта ӛмір сүрулері үшін қолайлы 
жағдайлар жасау. Қоғамның осы міндетті қаншалықты игергенін халықтың 
тұрмыс деңгейі статистикасының кӛрсеткіштер жүйесін талдау нәтижесінде 
білуге болады. 
Халықтың тұрмыс деңгейі
адамдардың қажетті игіліктер мен қызметтерді 
тұтынуда қол жеткізген деңгейін кӛрсетеді. Бұл – қоғам ӛміріндегі барлық 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтып кӛрсететін күрделі санат 
(категория). Тұрмыс деңгейі ұғымын кең ауқымда қарастырғанда бұл ұғым 
халықтың әр түрлі игіліктер мен қызметтерді тұтынуымен қатар еңбек және 
демалыс жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру мен кепілдіктер, тұлға 
құқықтарын сақтау, бос уақыттың болуы және оны жақсы пайдалану мүмкіндігі, 
табиғи-климаттық жағдайлар сияқты сипаттамаларды да қамтиды. Мұндай 
жағдайда тұрмыс деңгейі ұғымының орнына «тұрмыс сапасы» термині жиі 
қолданылады. 
Халықтың тұрмыс деңгейін тӛрт топқа бӛлуге болады: 
1.
Молшылық (ауқаттылық) деңгейі
. Бұл деңгей адамдардың жан-жақты 
дамуын қамтамасыз ететін барлық игіліктерді пайдалануға мүмкіндік бар 
екенін кӛрсетеді. 
2.
Қалыпты деңгей.
Бұл – адамның дене және ақыл-парасат күшін қалпына 
келтіру үшін ғылыми негізделген нормаға сай оңтайлы тұтынуға қол 
жеткізгенін сипаттайтын деңгей. 
3.
Кедейшілік деңгейі. 
Мұндай деңгейде жұмысқа қабілеттілікті сақтауға ғана 
жететін игіліктер тұтынылады. 
4.
 оқшылық деңгейі.
Бұл деңгей адамның тіршілік қабілетін демеп отыруға 
ғана жететін игіліктерді тұтына алатынын кӛрсетеді. 
Халықтың тұрмыс деңгейін статистикалық тұрғыдан зерттеудің негізгі 
міндеттері
болып мыналар саналады: 
-
халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының табыс деңгейін, оның 
динамикасын зерттеу; 
-
халықтың тұтыну шығындарын зерттеу; 
-
халықтың тұрғын үй жағдайын зерттеу; 
-
қызметкерлердің еңбек жағдайын зерттеу; 
-
халықтың тұрмыс деңгейінің ӛзгеруіне әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық факторлардың тигізетін әсерін талдау. 
Тұрмыс деңгейі кӛпжақты санат болғандықтан, оны қандайда бір жалпы 
кӛрсеткіш кӛмегімен сипаттау мүмкін емес. Сондықтан әлемдік тәжірибеде
тұрмыстың түрлі аспектілерін кӛрсететін статистикалық кӛрсеткіштер 
жүйесі қолданылады. Тұрмыс деңгейін бағалау үшін үй шаруашылығына 
қызмет кӛрсетуші коммерциялық емес ұйымдардың есептері, халық санағының 
мәліметтері, әр түрлі әлеуметтік зерттеулер нәтижесі қолданылғанымен, негізгі 


267 
ақпарат кӛзі болып үй шаруашылықтарын ішінара бақылау нәтижесінде 
алынған статистикалық мәліметтер саналады.
Сонымен қатар халықтың материалдық әл-ауқатын бағалау сенiмдiлігін 
арттыратын және аумақтық бӛліністе кедейлiктiң, табыс теңсiздiгінің неғұрлым 
толық сипаттамасын алуға мүмкiндiк беретiн жылдық және тоқсандық сұрақ-
жауаптар ӛткiзіліп тұрады. 
Үй шаруашылықтарына ішінара зерттеу жүргізуді облыстық 
департаменттер арқылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге 
асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет