2-тарау. ХалықТЫҢ ТҦрмыс деңгейінің статистикасы 12. Халықтың тҧрмыс деңгейі туралы жалпы тҥсінік


Күнкӛріс деңгейінің ең тӛменгі шегі



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата22.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#198710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Күнкӛріс деңгейінің ең тӛменгі шегі
– ең тӛмен деңгейдегі тұтыну 
қоржыны құнының шамасына тең болатын бір адамға қажетті ең тӛмен 
ақшалай табыс. 
Ең тӛменгі күнкӛріс шамасына әсер ететін негізгі факторлар болып
тамақ ӛнімдерін тұтынудың нормалары, осы ӛнімдердің бағалары, сол 
сияқты азық-түлік және азық-түлік емес ӛнімдерге жұмсалған шығындар
арасындағы белгіленген арасалмақ саналады.
Тамақ ӛнімдерін тұтыну нормаларын Қазақ тағамтану академиясы
әзірлейді.Тұтыну нормалары физиологиялық деңгейде қуат құндылығын 
қамсыздандыру және негізгі тамақ ӛнімдерін тұтыну тұжырымдамасы 
негізінде әзірленеді. Сол себеппен азық-түлік қоржынын құрайтын тамақ 
ӛнімдері негізгі қоректік заттардың қажетті мӛлшерін қамтамасыз етеді.
Ең тӛменгі күнкӛріс кӛрсеткіші кедейлік шегін анықтау, әлеуметтік 
саясат бағытын айқындау, халыққа әлеуметтік кӛмек кӛрсету шараларын іске 
асыру үшін және ең тӛменгі жалақы, зейнетақы, жәрдемақы деңгейін белгілеу 
үшін қажет.
 
12.4. Адам дамуы индексі 
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын кӛрсеткіштердің ішінде адам 
дамуы индексінің (АДИ) рӛлі жоғары. Адам дамуы индексі адам 
мүмкіндіктерінің деңгейін ӛлшейді және мынадай үш индекстің арифметикалық 
орташа шамасы ретінде есептеледі: 
-
ӛмір сүрудің болжалды ұзақтығы; 
-
халықтың білім деңгейі; 
-
жан басына шаққандағы ЖІӚ. 
АДИ адам ӛмірінің құндылықтарының барлығын қамтиды. Мысалы, 
денсаулық, қоршаған ортаның жағдайы, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру 
деңгейі ӛмір сүрудің болжалды ұзақтығының индексі арқылы кӛрсетілсе, 
халықтың білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі білім деңгейінің индексі арқылы 
анықталады, ал жан басына шаққандағы ЖІӚ индексі экономикалық дамуды 
сипаттайды.
Жоғарыда аталған индекстердің ішінде білім деңгейінің индексі екі 
кӛрсеткіштен құралады: 
1.
Ересек халықтың сауаттылық деңгейі; 
2.
5–24 жастағы оқумен қамтылғандардың жиынтық үлесі. 
Ересек халықтың сауаттылық деңгейін есептегенде жасы 15-тен асқан 
адамдардың ішіндегі сауаттылар үлесі анықталады. Ал білім деңгейінің 
индексін есептегенде ересек халықтың сауаттылық индексінің салмағы үштен 
екіге, оқумен қамтылғандар индексінің салмағы үштен бірге тең болады. 
Адам дамуы индексін есептеу үшін кӛрсеткіштердің шекті мәні қандай 
болатыны тӛмендегі кестеде кӛрсетілген. 
12.4-кесте 
Адам дамуы индексі кӛрсеткіштерінің шекті мәндері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет