2-тарау. ХалықТЫҢ ТҦрмыс деңгейінің статистикасы 12. Халықтың тҧрмыс деңгейі туралы жалпы тҥсінік


 Халықтың тҧрмыс деңгейінің кӛрсеткіштер жҥйесі



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата22.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#198710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
12.2. Халықтың тҧрмыс деңгейінің кӛрсеткіштер жҥйесі 
Халықтың тұрмыс деңгейін табыс мӛлшері әр түрлі үй шаруашылықтары, 
халықтың әлеуметтік топтары немесе жалпы халық бойынша зерттеуге 
болады. Мұндай зерттеулерде тӛмендегі кӛрсеткіштер қолданылады: 
-
тұрмыс деңгейінің интегралды кӛрсеткіштері; 
-
халықтың жеке табысының кӛрсеткіштері; 
-
халықтың тұтыну шығындарының кӛрсеткіштері; 
-
халықтың табыс дифференциациясының кӛрсеткіштері; 
-
әлеуметтік кӛрсеткіштер. 
Тұрмыс деңгейінің интегралды кӛрсеткіштері қоғамның даму деңгейін 
сипаттау үшін қолданылады. Мұндай кӛрсеткіштерге табыс пен шығынның 
макроэкономикалық кӛрсеткіштері, демографиялық кӛрсеткіштер, халықтың 
экономикалық белсенділік кӛрсеткіштерін жатқызады. 
Жан басына шаққандағы ЖІӚ-дегі білімге, денсаулық сақтауға, 
әлеуметтік қызметтерге жұмсалған мемлекеттік шығынның үлесі, үй 
шаруашылықтарының қолда бар нақты табыстары, олардың нақты ақырғы 
тұтыну шығындары, тұтыну бағаларының индексі, айлық атаулы жалақының 
орташа мӛлшері, нақты жалақының индексі, атаулы ақшалай табыстар, 
әлеуметтік трансферттер сияқты индикаторларды тұрмыс деңгейінің 
макроэкономикалық кӛрсеткіштері болады. 
Ал болжалды ӛмір сүру ұзақтығы, туудың және ӛлім-жітімнің жалпы 
коэффициенттері, нәрестелер, балалар, аналар ӛлімінің кӛрсеткіштері тұрмыс 
деңгейін демографиялық тұрғыдан сипаттайды. 
Халықтың экономикалық белсенділік кӛрсеткіштеріне экономикалық 
белсенді халық, экономикалық тұрғыдан енжар халық, экономикалық 
белсенділік деңгейі, жұмыспен қамтылған халық, жалданып жұмыс істейтіндер, 
ӛз бетінше жұмыс істейтіндер, жұмыссыздар, жұмыссыздық деңгейі сияқты 
кӛрсеткіштерді жатқызуға болады.
Халықтың жеке табысы ақшалай және заттай алынған барлық табысты 
қамтиды. 
Тұтыну 
шығындары 
кӛрсеткіштерін 
анықтағанда 
үй 
шаруашылықтарының ақырғы тұтыну және нақты ақырғы тұтыну 
шығындарын есепке алады. 
Тұрмыс деңгейін сипаттайтын әлеуметтік кӛрсеткіштер білім, денсаулық 
сақтау, мәдениет, т.б. әлеуметтік сферадағы даму деңгейін кӛрсетеді. 


268 
Табыс 
дифференциациясының 
кӛрсеткіштері 
халықтың 
жеке 
топтарындағы табыс деңгейінің теңсіздігін, олардың қалай ӛзгеретінін 
кӛрсетеді. 
Аталған кӛрсеткіштер жүйесі тұрмыс деңгейін негізінен сандық жағынан 
сипаттайды. Ал халықаралық ұйымдар дамудың сапалық аспекттеріне кӛп 
кӛңіл бӛледі. Сондықтан тұрмыс деңгейін анықтайтын мынадай сапалық 
кӛрсеткіштерге де кӛңіл бӛлу қажет: 
-
демографиялық кӛрсеткіштер; 
-
денсаулық; 
-
пайдаланылатын азық-түліктің сапасы; 
-
сауаттылық деңгейі; 
-
білім және мәдениет саласының даму деңгейі. 
Ал әр елдің даму деңгейіне халықаралық салыстыру жасағанда жан 
басына шаққандағы ЖІӚ-мен қатар нәрестелер ӛлімі, болжалды ӛмір сүру
ұзақтығы сияқты кӛрсеткіштер қолданылады.
Қазіргі кезде кейбір халықаралық ұйымдар, ұлттық статистикалық 
қызметтер тұрмыс деңгейін жан-жақты қамтып кӛрсететін әр түрлі интегралдық 
кӛрсеткіштерді есептеу, оларды талдау, қорытындылаумен айналысады. 
Мысалы, БҰҰ адам дамуы индексін халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын 
қорытындылаушы кӛрсеткіш деп санайды. 
Тұрмыс деңгейіне қарай қоғамның әр түрлі топқа бӛлінуі экономикалық, 
әлеуметтік, демографиялық, географиялық факторларға байланысты болады. 
Материалдық игіліктерді, қызметтерді тұтынуда халық ішінде болатын 
теңсіздік олардың табыстарының бірдей болмауына байланысты.
Тұрмыс деңгейі бойынша халықтың дифференциациясын бағалағанда 
мына кӛрсеткіштерді пайдаланады: 
-
жан басына шаққандағы ақшалай табыс бойынша халықтың бӛлінуі; 
-
халық табысының дифференциация коэффициеті; 
-
табыс концентрациясының коэффициенті (Джини индексі); 
-
табысы кедейшілік шегінен тӛмен халық саны; 
-
кедейшілік индексі. 
Ал табыс мӛлшеріне қарай халық дифференциациясының ерекшеліктерін 
айқындау үшін мода, медиана, квартиль, квинтиль, дециль сияқты
құрылымдық орташа шамалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет