1.Ресми, іс қағаздар тілінің стилі. Ресми, іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде қазақ хандары билеген кездерде әр түрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тілінің ерекшеліктеріне негізделмей, Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын. Ресми, іс қағаздарының түрлері қазір екі тілде (орыс, қазақ) пайдаланылады. Дегенмен ресми, іс қағаздарының түрлері қазір көбінесе орыс тілінде жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң, жарғы т.б. мемлекеттік құжаттар орыс тілінен қазақшаға аударылып, газетке басылып отырады. Сондықтан қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т.б. Мұндай сөз орамдары іс қағаздары мен ресми құжаттарда дайын тілдік единица ретінде жұмсалып, ол қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылу жағынан шекткліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді, түсініктеме сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми, іс қағаздар стиліне тән.
Ресми іс қағаздарына кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон стациясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас,санаториде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып айтылады.
Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми құжаттарда саяси- публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді.
Ғылыми стиль -зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Дәлелді, зерттелген. Мысалы: Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін өседі. монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп
Ғылыми стиль түрлері:
Ғылыми-стильдегі еңбектерге , диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
2.
Сенімхат
Мен, Жүсіпов Жеңісбек Райбекұлы. Құрманғазы атындағы саз колледжінің саз бөлімінің II курс студенті, быйылғы оқу жылында өзімнің аспабымды, группаласым Айтасов Азамат Темирбековичке алыуына сенім білдіремің.
17 қазан, 2020 жыл ____________ Жеңісбек Райбекұлы.
(қолы)
Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Жеңісбек Райбекұлының қолын растаймын.
Колледж деректоры ___________ Сертеков.Н.О.
(қолы)
17қазан, 2020 жыл.
Міңездеме
Менің досым.
Менің досымның есімі –Азамат. Екеуміз бірінші курыстан бері таныспыз.
Айтасов Азамат Темирбеков 2004 жылы 9 маусымда Орал қаласында дүниеге келген. Менің досым –сабағына мүқият тиянақты. Оқу үлгерімі жақсы. Курыстастарына достарға көмекке келіп, қол ұшын беруге әр қашанда дайын тұрады. Міңезі сабырлы, жайдарлы, байсалды, бәрің ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Ата-анасына қамқор, көмекші.
«Дос тұтқанды қадірлі» демекші,мен өз досымды бағалаймын. Өмірде осындай досым бар мен бақыттымын.
3. Ғылыми стильді сипаттайтын болсақ ,зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.
Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі
Достарыңызбен бөлісу: |