Коучинг: Оқыту мен оқуда акт-ны пайдаланудың тиімділігі жоспарын жасап өткізген: Жақаев М, жоғары санатты



Дата22.06.2017
өлшемі82,05 Kb.
Коучинг: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі

жоспарын жасап өткізген: Жақаев М, жоғары санатты

физика-информатика мұғалімі, І-деңгей

Тақырыбы

«Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі»

«Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның уысында»  У. Черчилл 



Мақсаты

АКТ – ны пайдаланудың тиімді жолдарын меңгеру, ақпарат алудағы кәсіби шеберліктерді дамыту, желгідегі ақпаратты пайдалану

Нәтижелер

  • АКТ-ны пайдалану қабілеті дамиды, материалдарды талдап үйренеді, өз ойын ауызша, жазбаша көпшілік алдында білдіреді, сыни пікір айта алады, шеберліктері дамиды.

  • Педагогикалық – әдістемелік сайттарда жұмыс істеуді үйренеді.

  • Сайттағы желлеік қоғамдастықтан материалдар алуды және салуды үйренеді.

  • POWER POINT бағдарламсын өз сабақтарында қолданудың тиімділгіне көз жеткізеді.

Негізгі идеялар

Оқыту мен оқудағы білім сапасын арттыруда АКТ-ны сабақ үдерісінде қолданады. Өз тәжірибесімен желіде бөлісе алады.

Ресурстар

Нұсқаулық таныстырылым, үлестірме материалдар.

Сайттар: http://www.infos.kz/archives/category/informatika, http://cpm.kz/kz/, http://zhibekzholy-licej.mektebi.kz/



Құрал - жабдық

Компьютер, интерент желісі, ноутбук, плакат, интерактивті тақта, маркер, қалам, әр түрлі пәндерден алынған қысқа мерзімді жоспарлар, топтардың аттары, сабақтардағы АКТ қөмегімен қолданылған әдіс-тәсілдер фрагменттері, электрондық оқулықтар.




Коучингтің әрекеті

Қатысушылардың әрекеті

Тапсырмалар.

Практикалық жұмыс.



І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Комплимент» жаттығуы

ІІ. Топқа бөлу: ( 1,2,3 деп санап үш топқа бөлінеді)



  1. «Ақпарат»

  2. «Ақпарат көздері»

  3. «Ақпараттық технология»

ІІІ. Топтық жұмыстар.

  1. «Айналым бекеті» (әр топ берлген тақырып бойынша постер қорғайды, бір- бірінің постерлерін ауыстырып толықтырады )

І топ: « Ақпарат»;

ІІ топ « Ақпарат көздері»

ІІІ топ « Ақпараттық технология»

Жарнама « Ақпараттық технолгияның тиімділігі» тақырыбында жарнама жасау (ғаламтордан ақпараттар алып пайдалану) Бейнеролик көру.

ІV. «Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану тиімділігі»

Тақырыпты ашу. Слайдтар көрсету. АКТ –ні пайдалануда өтілетін сабаққа тигізетін пайдасы туралы әңгіме.

Cpm.kz сайтындағы желілік қоғамдастыққа немесе мектеп сайтына материал салу және алу.


Мұғалімдер бір-бірін мақтап «комплимент» жасайды.

3-ке дейін санап топқа бөлінді. Номелер тұрған үстелдерге отырады.

Топ басшыларын сайлап алып, тапсырманы постер жасап немесе компьютерде презентация жасап қорғайды.

Жарнаманы презентация түрінде жасап көрсету немесе қысқаша мәтәндә хабар түрінде дайындап мектеп сайтында жариялау

Көреді, тыңдайды, пкірлерін білдіреді.

Сайтқа тіркеліп мақала салады.



Қорытынды.

Компьютерден және әдістемелік сайттардан көрсету. Өз тәжірибемде ЭО, bilimland.kz онлайн- ЭО, АКТ - ны қолдану тиімділігі презентация слайдтары.

Көреді, тыңдайды, пкірлерін білдіреді.

Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерге жазып, смайликтерге жапсыру

Мектеп сайтна http://zhibekzholy-licej.mektebi.kz/index.php?do=feedback жазу



Жазады

Интернет арқылы мектеп сайтына кіріп, осы коучинг жоспары жаряланған мақаланың астына пікір жазады.



Дереккөздер


Нұсқаулық бірінші (негізгі) деңгей.

Сайттар: http://www.infos.kz/archives/category/informatika,

http://cpm.kz/kz/,

http://zhibekzholy-licej.mektebi.kz/

http://bilimland.kz/





АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. 

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:


- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:


  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция, онлайн - сабақтар;

  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web-сайтттар;

  • серверге  жеке шығару (онлайн-тест, қашықтан оқу, деректер қорымен жұмыс...);

  • ақпараттық каталогтар (Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Goole, Yandex, Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме ( Chat).

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;


Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:


Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;

Жан - жақты ізденушілігін арттырады.  АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.[3.32].

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет