А.К. Бегалиева, Ахметжанов Д.Г. Озық технологияны пайдаланудың тыңдаушыларға тиімділігі // «Заманауи білім берудің тиімді әдістемелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары, 48-49 беттер. Алматы, 2014 ж.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушысы Бегалиева А.К.,
ассистенті Ахметжанов Д.Г.
Озық технологияны пайдаланудың тыңдаушыларға тиімділігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өз пәнін жетік меңгерген, тыңдаушыларға берері мол оқытушылар қызмет етеді. Білім беру үдерісінде олар озық инновациялық технологияларды пайдаланып, тыңдаушылардың білімдерін шыңдауда.
Елбасымыздың 2030 жылға дейінгі елді дамытуға арналған стратегиясы табыспен жүзеге асуда. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен белгілі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі ерекше айтылған. Демек, ҚазҰУ-дың Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларға Қазақстан тарихы пәнінен озық технологиялармен білім беруші оқытушылары осы мақсатқа сай меңгертіп келеді деп айтуға болады.
Алдымыздағы тыңдарман – ертеңгі студент, болашақ маман. Олардың бойындағы жоғарғы идеялдық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, еңбекке дайындауда тарих пәнін оқыту әдістемесі мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануымыз керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында тыңдаушыларын дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр. ХХІ - ғасыр компьютердің жетілген заманы екенін адамзат әлдеқашан мойындаған.
Сабақ барысында оқытушылар проектормен тарихи мағлұматтарды беру арқылы компьютерлік технологияларды пайдаланады. Бағдарлама бойынша өтілетін тақырыптарды тыңдаушылар тек ауызша ғана емес, сонымен қатар, интерактивті тақта арқылы көрсетілген бейнелер немесе карталар, кестелер арқылы танысуы тыңдаушылардың меңгеруіне анағұрлым түсінікті және тиімді келеді. Ал бұл атауларды тақтаға үнемі жазып отыру оқытушы мен тыңдаушының айтарлықтай уақытын алады. Сол себепті осы мәселеде де компьютерлік технологияларды үздіксіз пайдалану көп көмегін тигізеді. Бұл оқыту әдісінде оқытушының сабақ уақытын тиімді пайдалануына да ыңғайлы.
Оқытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Иллюстрация, схема, картиналарды көрсету. Материалды қолданумен толықтырылғаны жөн.
Тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жасауға баса мән беруі тиіс. Әр сабақ үстінде термин сөздерді жиі сұрауға алып еске түсіреді.
Ойын арқылы оқытуды көптеген зерттеушілер болашақтың дидактикалық жүйесі деп атайды. «Тарихи тұлғаны таны», «Кімнің сөзі?», «Бұл кім?» ойындары арқылы тыңдаушы білгенін дамытып, ой өрісін жетілдіреді. Бұл алдыңғы технологияларды пайдалану тыңдаушының терең білім алуына үлкен септігін тигізеді.
Тарих пәнінен тыңдаушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан әрі дамыта түсу, талап-тілектерін қанағаттандыру, таным белсенділігін арттыру үшін тарихты оқытудың басқа да түрлерін жүргізеді. Кеңес сабақ, экскурсия, лекция, семинар жене конференция т.б. түрінде оқу саяхаттары болып тұрады. Белгілі бір тарихи кезеңдерге байланысты рөльдік ойындар орындаушылық қабілетке жетелейді, сонымен бірге білімін ұштастырады.
Оқытушылар терең ғылыми, жүйелі, эмоциялы, бейнелі етіп сабақ өткізеді. Оқу үдерісінде тыңдаушылардың өзара қатынас белсенділігін арттыру үшін интерактивті әдісті жиі қолданады. Сабақ барысында тыңдаушылар мен арада өзара әрекеттесу жоғары деңгейде өтеді.
Көп жағдайда ол пікірталас түрінде өтеді. Бұл жерде міндетті түрде белгіленген мәселені шешу емес, соны шешу үрдісін өткізудің өзі маңызды болып табылады. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыру арқылы оқу сапасы нәтижелі болмақ. Оқу материалдарын пайдалана білулерін айқындай келе, барлық өтілген нәрселерді жүйелеп, біріктіре білудің орны бөлек.
Сабақ басындағы сұрақ тыңдаушыларға жаңа материалды игертуге дайындап, алдынғы сабақ тақырыбындағы тестік сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Білімді тестік сұрақтар бойынша тексерудің артықшылығы: аз уақытта көп оқушының білімі тексеріледі, бүкіл курс бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін шамалауға болады, барлығы бағаланады, тестік сұрақтарға жауап беруге жаттығады.Тыңдаушылар өзіндік жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырып, терең білім алуға бағдар береді. Тыңдаушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруде өздерінің білімдерін пысықтап отырады.
Осылайша, тарих пәнінің оқытушылары барлық әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды пайдалану арқылы тыңдаушыларға тиімді етіп білім береді деуімізге негіз бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214-бет.
2. Тұрсын Х. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А, 2004, 45-49 бет.
3. Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. А, 2001, 138-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |