пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушылармен жіберу.
2. БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН
қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіні;
мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр күн сайын қанша оқу пәні оқылатыны (мұндайда пәндер бойынша сабақ уақыты барлық сыныптар үшін көрсетілмейді);
бір пән бойынша сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні және оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны;
әр күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау;
электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату;
электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі;
қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы ХАБАРДАР ЕТУ.