2. ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМА АРҚЫЛЫ САБАҚ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ
Сабақ жоспарының негізінде педагог білім алушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады. Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады.
Ұсынылатын интернет- платформалар:
BilimLand;
Kyndelik. Kz;
Darin online.
Цифрлық білім беру ресурстары:
Mektep.OnLine;
QaradomalakStudio;
Оpiq.kz;
Microsoft TEAMS;
GoogleClassRoom.
Бұл интернет-платформалар оқу процесін онлайн режимде ұйымдастыруға арналмаған.
Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады.
Кері байланысты kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асыру ұсынылады (мұғалім кері байланысты ұсыну кезеңділігін өз бетінше анықтайды).
Достарыңызбен бөлісу: |