Онлайн сабақтарды ұйымдастыру Қашықтан оқыту форматын таңдау



бет12/12
Дата13.12.2021
өлшемі57,47 Kb.
#125464
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Онлайн сабақтарды ұйымдастыру

НАЗАР аударыңыз!

1-10 сыныптардағы жиынтық жұмыстардың саны

бөлім бойынша жиынтық бағалау – 1

тоқсан бойынша жиынтық бағалау – 1

11 сыныптағы бақылау жұмыстарның саны

өзіндік жұмыс - 1

бақылау жұмысы – 1

Жиынтық жұмыстарды жүргізу мерзімдері

бөлім бойынша жиынтық бағалау 8 мамырға дейін

өзіндік жұмыс

тоқсан бойынша жиынтық бағалау 22 мамырға дейін

бақылау жұмысы


ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ, БЖБ, ТЖБ САНЫ

4 ТОҚСАН 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ

сынып

Саны










пәндер

БЖБ

ТЖБ

1

10

6

4

2

11

7

5

3

12

7

5

4

12

7

5

5

13

9

7

6

13

9

7

7

16

13

11

8

16

13

11

9

17

14

11

10

15

12

11

11

17

14 бақылау / зертханалық жұмыс





БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Мектеп директоры:

  • қашықтықтан оқыту процесін, оның ішінде техникалық жағдайды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  • жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды;

  • қажеттілігіне қарай педагогтармен, білім алушылар және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;

  • Интернет желісіне және байланыс құралдарына мүмкіндігі жоқ білім алушыларға оқу тапсырмаларын жеткізуді және орындалған жұмыстарын жинауды ұйымдастырады;

  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

  • көзделмеген есептік құжаттарды сұратуға жол берілмейді.

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

  • Үлгілік оқу жоспарына сәйкес әр пән бойынша сағат санын жұмыс педагогтарға хабарлайды;

  • пән мұғалімдерімен бірлесе отырып білім алушылардың қашықтықтан оқу қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдерін, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдерін және олардың орындалған жұмыстарын ұсынады;

  • оқыту процесінің барлық қатысушыларын (педагогтарды, білім алушыларды, білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерді) қашықтықтан жұмысты ұйымдастыру туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

  • оқыту процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;

  • қажеттілігіне қарай қашықтықтан оқыту процесіне қатысушылармен кері байланысты жүзеге асырады;

  • педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-ұйымдастырушы:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, тәрбиелік іс-шаралар үшін контент әзірлейді;

  • іс-шараларды қашықтықтан өткізеді (әлеуметтік желілер, мектеп сайты және т. б. );

  • әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты мектеп сайтында орналастырады;

  • сынып жетекшілерінің жұмысын үйлестіреді.

Пән мұғалімі:

  • электрондық журналдар мен күнделіктерді, басқа да қолжетімді байланыс қызметтерін пайдалана отырып, қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;

  • сабақ жоспарын және оқу материалдарын құрылымдауды уақтылы жүзеге асырады;

  • оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (телесабақтар, интернет - платформалар арқылы, өзіндік жұмыс, чат-сабақтар және т. б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

  • үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес тапсырмалар береді;

  • білім алушының өзіндік жұмысын бақылауды жүзеге асырады, кері байланыс ұсынады;

  • мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді тәсілмен орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады (электрондық журналдар мен күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp, Telegram, басқа мессенджерлер, ұялы немесе стационарлық телефон байланысы немесе мектеп қызметкерлері, әкімшілік белгілеген пошта байланысы операторлары арқылы – Интернет болмаған жағдайда және т. б.);

  • білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке консультация өткізеді.

  • «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша қашықтықтан сабақтар өткізіледі, ал мұғалімдер келесі жұмыстарды атқарады:

  • білім алушылардың үйде орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді (дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық дайындық);

  • бұйымдарды, макеттер және тағы да басқаларын жасау үшін нұсқаулықтар әзірлейді (Көркем еңбек, Графика және жобалау) ;

  • жобалық қызмет бойынша кеңес беруді жүзеге асырады (Өзін-өзі тану, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері) ;

  • тыңдау қажет музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады, қажетті кеңестер береді (Музыка);

  • қашықтықтан оқыту форматында тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

  • Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының педагогтары негізгі пәндер бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын жүргізеді: сауат ашу, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен танысу.

  • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар сабақтарды өткізу кезінде http://school.ozin-ozi-tanu.kz/ сілтемесінде орналастырылған «Бөбек» ҰҒПББСО ұсыныстарын басшылыққа ала алады.

  • «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінде қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін EduPage білім беру платформасы пайдаланылатын болады.


Білім алушы:

  • сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;

  • күн сайын оқулықтан оқу материалдарын өздігінен оқып, тапсырмаларды, соның ішінде қол жетімді байланыс құралдары арқылы орындайды;

  • оқу материалын алу үшін, өздігінен оқу немесе орындау үшін электронды күнделіктегі жеке кабинетке (электронды күнделік, электрондық пошта, WhatsApp чаттары және т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – педагог, мектеп әкімшілігінің анықтауы бойынша пошта байланысының операторы арқылы) кіреді (мүмкіндігінше);

  • педагогтың талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электрондық күнделік, электрондық пошта, WhatsApp чаттары және т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – мектеп әкімшілігінің анықтауы бойынша пошта байланысының операторы арқылы);

  • оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;

  • қосымша цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады.

Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

  • оқу үшін білім алушыға жағдай жасайды;

  • балалардың оқуын, білім алушылардың өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

  • сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.

Педагог-психолог:

  • қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлейді;

  • білім алушылармен, ата-аналармен (заңды өкілдермен) жеке кеңес өткізеді.

Сынып жетекшісі:

  • ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқу процесі, білім алушыларға кері байланыс беру, оқу барысы және оқу нәтижелері, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді;

  • электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде, сондай-ақ Whatsapp, Telegram және т. б. арқылы білім алушылар және олардың ата-аналарымен чаттар, форумдар жасайды және пайдаланады;

  • білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асырады;

  • пән мұғалімдеріне, педагог-психологқа өз сыныбындағы оқушылардың байланыс мәліметтері бар (үйдегі телефон нөмірі, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) тізімін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет