География сабағында оқытудың жаңа технологияларын қолдану мүмкіндіктері



Дата06.02.2022
өлшемі16,25 Kb.
#80895
Байланысты:
оқыту технологиялары
125091

География сабағында оқытудың жаңа
технологияларын қолдану мүмкіндіктері
1. Педагогикалық оқыту технологияларының қазіргі маңызы мен міндеттері
2. Оқыту технологияларының жіктелуі.
3. География сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану мүмкіндіктері.

1. Технологияны педагогикалық іс-əрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тəрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді. Бүгінгі таңда педагогикалық технология мəселесі теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Практикалық сабақтарда білімгерлердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда əртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау жəне педагогикалық ситуациялардымодельдеу түріндежүзеге асырылады. Қазіргі кезде ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте маңызды болып отыр. Білімгерлердің өзіндік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесідей тұжырымға келуге болады: өзіндік жұмыс білімгердің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Əрбір өзіндік жұмысты бастар кезінде білімгер алында белгілі бір мақсат, проблема болуы қажет. «Қазіргізаманғыпедагогикалық технологиялар» курсыбойынша берілген өзіндік жұмысты орындау барысында əр білімгер өзінің жеке тəжірибесін пайдаланып, алған білім деңгейінде жұмыс жасайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы білімгерге арнайы тапсырма береді, ал білімгер берілген тапсырманың қажеттілігі жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білімдеңгейін саралап тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады жəне ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды. Үшіншіден, алған нəтижесіне талдау жасайды. Білімгерлерге берілетін өзіндік жұмыстар дидактикалық жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өзіндік жұмыс; білімді пайдалануға арналған өзіндік жұмыс; теориялық материалды тексеруге арналған өзіндік жұмыстар.



2. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

3. География сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 


• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда география пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет