Сабақ мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы



бет1/3
Дата26.09.2023
өлшемі20,57 Kb.
#182526
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Мақсатын кою
ЛЕК 1, Қосымша 1, 123, жол ережесі

Мақсатқа байланысты негізгі ұғымдар


  • Мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдын ала жоспарланған нәтиже.

  • Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы.

  • Мақсат қою – мақсатты тұжырымдау және оны ашып көрсету үдерісі.

  • Мақсатты жүзеге асыру – барысында мақсат ішкі ниеттен сыртқы әрекетке айналып, оның соңында түлкі нәтиже қалыптасатын үдеріс.

  • Мұғалім мақсаты – сабақ мақсатын әдістемелік тұрғыдан дұрыс тұжырымдап, оған жету құралдары мен жолдарын жобалау.

Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» .
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндірууге болады.
Мысал келтірейік. 1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» 3.1 бөлімшесі бойынша келтірілген «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» деген оқу мақсатын тура сол қалпында қайталамай, оқушының оқу нәтижелері тұрғысынан түрлендіріп, ықшамдап, былайша сабақ мақсаты етіп келтіруге болады: «Оқушылар геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар) атай алып, бір бірінен ажыратады, суретін салады». Алынбаған «кесінді», «сәуле», «бұрыш» ұғымдарын келесі сабақта қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет