Кіріспе
10 мин
Негізгібөлім
25 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Миға шабуыл
Буллинг дегеніміз не?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Миғашабуыл (бейнеролик)
Мұғалім:
(бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)
Бұлбейнеролик не туралы?
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Слайд таныстырылымы
Буллинг түрлері
Балалар оқиды, талқылайды.
• Буллинг әртүрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
• оның ақшасын не басқа заттарын тартыпалу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
• оны елемеу немесе жекелету
• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Біреусаған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адамтүрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
• уайымдау
• ұйқының бұзылуы
• тәбеттің болмауы
• өзі жайлы жаман ойлау
• өз-өзіне физикалық зақым келтіру
• өлім туралы ойлау
• сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
• ауыру
• «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау
• өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
• қорқу
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
• Батыл болуға үйрен
Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.
Кейде біреу мен келіспеген жағдайда өзіңді шынмәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.
• Құрбыңмен/досыңмен бөліс
Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашыпайтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады.
• Мұғалім мен бөліс
Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың.
Сыныптың оқушыларынан буллингке байланысты тест алынады.
|
Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.
Оқушыларсұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.
Бағыттау сұрақтары
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді
|
https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo
|