Жаһандандыру - оқушыларда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Мұндай жағдайда мақсаттың нақты болмайтыны белгілі, себебі бір сабақта оған қол жеткізу мүмкін емес
2.Жаһандандыру - оқушыларда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Мұндай жағдайда мақсаттың нақты болмайтыны белгілі, себебі бір сабақта оған қол жеткізу мүмкін емес.
3.Мақсат қою деңгейін төмендету немесе аясын тарылту. Мұндай жағдайда әлеуеттік мүмкіндіктер бола тұра, әлсіз мақсаттар қойылады.
4.Оқушыларға қызықсыз мақсаттар қойылуы. Мұндай жағдайда қойылған мақсат бүгінгі шынайы өмірмен байланыссыз,оқушылар қызығушылығы аясынан тыс,тәжірибелік мәні мен маңызы түсініксіз болады.
5.Мақсат қоюдағы жалпыламалылық. Мақсатты жалаң ұранмен алмастыру, мақсатты тілекке айналдыру да үлкен қателіктердің бірі болып табылады.
6.Мақсатты міндеттермен немесе тақырыппен алмастыру. Мұндай жағдайда мақсат күтілетін нәтиже емес, үдеріс немесе оның белгілі бір бөлігі ретінде беріледі.
Қате тұжырымдардың түрлері
Қателердің негізгі түрлері мен қате тұжырымдардың мысалдары
Мақсатты мазмұнмен алмастыру.
Мысалы: «Оқушыларды … (мазмұнмен) таныстыру»
Мақсатты әдіспен алмастыру. Мысалы:«Балаларға … (тақырыпты) айту, түсіндіру».
Қорыта келгенде, сабақтағы оқыту мақсаттын талаптары бойынша қою арқылы мұғалім басты назарды оқушылардың не білгеніне ғана емес, не үйренгеніне аудара алады және оқушылар мен сабаққа қатысқан мұғалімдер алдында қойылған мақсат пен қол жеткен нәтиже арасындағы байланысты ашып көрсете алады.
Сондықтан сабақтағы білімдік мақсатты ғана емес, тәрбиелілік және дамытушылық мақсаттарды да осы талаптары арқылы қоюға біртіндеп үйрену керек.