Сабақ №6. Қазіргі мектептегі тәрбие технологиясының ғылыми негіздері: классификациясы, ерекшеліктері, түрлері



Дата15.03.2022
өлшемі43,67 Kb.
#135718
түріСабақ
Байланысты:
���� �6. ���� ��������� � ���� �������������� ����� ����


Қалыбай Асланбек
М 20-3
Практикалық сабақ №6. Қазіргі мектептегі тәрбие технологиясының ғылыми негіздері: классификациясы, ерекшеліктері, түрлері
1. Мұғалімдердің тәрбие технологияларын меңгеру шарттары.


Сұрақ-тапсырма:
1. Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін саралаңыз?

Бірінші ерекшелігі – еріктілік негізінде ұйымдастырылады. Жеке тұлғаны әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды. Өз қызығушылығы, қабілетіне қарай түрлі үйірмелерге жазылып, сабақтан тыс уақыттарда өз қалауымен жеке және көпшілік жұмыстарға қатысады. Еріктілік сыныптан тыс жұмыстар түрлерін таңдау кезінде ғана болады.


Екінші ерекшелігі – міндетті оқу бағдарламасымен байланысты емес. Оның мазмұны мен формалары, жеке тұлғаның қызығушылығына, сұранысына байланысты болады.
Үшінші ерекшелігі – сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын жеке тұлғаның жас ерекшелігінің әртүрлілігі. Мысалы, мектеп хорына, ансамбліне, театрына, үйірмелерге әртүрлі жастағылар қатыса алады.
Төртінші ерекшелігі – сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе жеке тұлғаға өз бетімен жасайтын жұмыстар беріледі.
Бесінші ерекшелігі – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы іс-әрекетке үлкен орын беріледі.
Алтыншы ерекшелігі – сыныптан тыс жұмыстың формасының, әдісінің әртүрлілігі.
Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады.


Шығармашылық тапсырма
Тапсырма-1. Ұжымдық шығармашылық істер бойынша кезеңді толтырыңыз





Бірінші кезең – алдын алу жұмыстары.
Екінші кезең – ұжымдық жоспарлау.
Үшінші кезең – ұжымдық істер дайындығы.
Төртінші кезең – ұжымдық шығармашылық істерді жүргізу, дайындықтың есебін шығару.
Бесінші кезең – ұжымдық шығармашылық істер есебін ұжыммен шығару.
Алтыншы кезең – ұжымдық шығармашылық іске жақын арадағы іс-әрекеттен кейінгі кезең, жалпы жиында барлық қатысушылар өз ойларынан алған әсерлері мен уайымдарын бөлісуі тиіс.


Апки ішіне жазылмай қойды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет