ҚазақТЫҢ Ұлттық салт-дәСТҮрлеріндегі театралдық элементтер



Дата11.01.2017
өлшемі80,21 Kb.
#7451
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ ТЕАТРАЛДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Жолдасов Е.А., Құрманбаев С.А.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан.
Театр өнерінің дүниеге келуін халық өнерінен бөліп қарауға болмайды. Бұл екеуі бір-бірімен ажырамайтын тығыз байланыста, бір-бірінсіз дамуы да мүмкін емес. Бұл құбылысты әлем театрының тарихынан да аңғаруға болады. Ұлы жазушы, әрі ғалым Мұхтар Әуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» зерттеуінде сахна өнері мен драматургияның дүниеге келуін халық өнерінен бастау алғанын нақты мысалдармен дәлелдеп берген. Көптеген дамыған елдердің сахналық өнері халық өнерінен бастау алған. Оны ұйымдастырушылар мен орындаушылар да халық арасынан шыққан табиғи дарын иелері. Жоғарыда аталған мақалада: «Елдің болымсыз ойынынан, болымсыз күлдіргі әңгімелерінен , ертегі, жырларынан шыққан кішкене театрларды алсақ, олар заман озған сайын буын-буын болып тұрған ірі жазушылардың тартуына ілініп, бәйгеге қосылған аттай ілгерілеп, алды ашыла берген, ел тіршілігінің дәл өз топырағынан туған кішкене театрлар кейінгі заманның ірі жазушыларына бет бағыт белгілеп бергендей болды. Қай елдің жазушысы болса да драмаларына алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салт-әдетін, мінез жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен, болымсыз ойын-сауықтан шыққан кішкене театрлар кейін салт театрына айналған уақытына бір мезгіл елді тастаған емес.

М.Әуезовтің кішкене салт театры деп отырғаны ұлтымыздың ғасырлар бойы рухани азығы болып келген халық шығармаларының сахна өнеріне етене жақын үлгілері. Бағзы заманнан бері қарай халық өнері ретінде сіңістіріп, толықтырып, әдеби көркемдік сипатқа жеткізіп, бұларды орындап келген елдің өз ортасынан шыққан өнерпаз шеберлер.

Алғашқы театр өнерінің ойын-сауығы ретінде дүниеге келу мекені – халық арасы, ел іші. Сол топырақта дүниеге келген өнер белгілі бір шартқа, болмысқа, ұлттық құбылысқа бағынады. Өз бойында туындаған өнер сол елдің әдет –ғұрпын, дәстүрін, ұғым-нанымын, мақсат-мүддесін паш етеді. Халқымыздың өз іргесінде туған салттық, дәстүрлік ойындар, той-думандар, ел аузындағы күлдіргі әңгіме, аңыздар,сан қилы жиындарда орындалатын театрлық ән-күйлер, күлкілі жәйттер – біздің өнеріміздің дүниеге әкелген репертуар мен сахнасы. Қазақтың ертеден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық сахналық бұйымдардың халық өнеріндегі тегін тектеп, болмысын айқындау театртануда аса қажет. Олай болса алдымен ұлттық театрдың басты өзегі болған қазақтың ескіден келе жатқан көне ауыз әдеби мұраларынан театр элементтерін іздестіруге болады. Мәселен, «Жар-жар» мен «Беташар», «Айтыс» өлеңдерін М.Әуезов ешқандай қоспасыз театр деген. Бір кездері М.Әуезов ұлт театры екі бағытта – қалалық һәм далалық болып дамиды деген пікір айтқан. Осы ойға орай қыр театрының (дала театры) репертуарына жоғарыда аталған салт өлеңдері еніп, өзінің тамаша орындалуы мен дүйім елді таң-тамашаға бөлеп отырған.

«Жар-жарда» екі топқа бөлініп, яғни қыз бен жігіт болып топтасып, алма-кезек орындағанның өзінде сахналық әрекетті, астарлы тартысты, тіпті әлеуметтік мазмұнды аңғару қиын емес.

Қазақ қызының жанкүйер жақындарымен, ел жұртымен қоштасу сәтін сахналық үлгіге жақын сипаттайтын салт жырларының бірі – «Сыңсу». Мұнда біздің сахналық өнерімізге, актерлік ойынымызға жақын ерекшеліктерді байқауға болады.

«Жар-жардың» осындай сахналық ерекшелігін ең алдымен танып, өзінің театр туралы алғашқы зерттеуінде талдап берген ұлы суреткер М.Әуезов болатын. « Шынында, ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен, әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманында театр жасамай, не жасады? Солар жасаған сауық елдің құр қуанып, құр көңіл көтергеннен басқа, кәрі жастың сай сүйегін босатып, әруағын шақыртып, барынша қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан соң ұзатылатын қыздың тойында еркек пен әйел қақ жарылып алып тайтысатын «Жар-жар» мен «Беташар» бүгінгі заманның сахнасына қою үшін ещбір қосымша керек қылмайды. Солар сияқты толып жатқан айтыс өлеңдерінің қай-қайсысы болса да, қалай болса, солай қоюға болады», - деген сөзінде мұндағы сахнаға қатысты театрлық элементтердің барлығын, оның сахна төрінде актер арқылы орындауға ыңғайлылығын, ондағы сахналық құрылымды, мизансценалық қалыптарды, актерлік ойынды соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп отыр. Автор халық өнерінің түрлерін зерттеп, айқындап қана қоймай, оның бүгінгі драматургия мен театрда қолдану жолдарын да көрсетіп берген. «Жар-жар» мен «Беташардағы» театр мен драматургияға жақын сипат қатысушылардың характерлерінің жасалуы кейіпкерге тін кейбір ерекшеліктердің ашылуында. Жән қатысушылардың ойын үстінде өз міндеттерін сахнадағы актер сияқты нақты орындауында алғашқы актерлық өнердің элементтерін толық байқауға болады. Сонымен, ұлттық сахналық элементтер халық шығармашылығының көптеген түрлерінде дами қалыптасып, бүгінгі актерлық өнердің табан тірер негізін қалаған. Театрлық сипатты «Айтыс» өнерінен де көруге болады. Сөз өнерінің ең биік шыңы болуымен қатар айтыс табан астында суырып салып айтуға, сахнаға жақындық жағынан импровизациялық және орындаушылық тәсілімен тікелей байланысты. Мұнда сөзбен қатар қимыл-қозғалыс, бет-әлпеттегі өзгеріс, психологиялқ толғаныс бейнелеу құрал ретінде тұтастықта көрініс табады. Халқымыздың әдебиетіндегі ақындар айтыстарының сөз ерекшеліктеріне зер салсақ, олардың көркем табиғатында актерлық өнерге етене жақын драмалардағы диалогтар мен сөз қақтығыстарының әрқилы сипатын байқауға болады. Екі ақынның мазмұнды да қызық айтысының өзі сахналық қойылымдай әсерлі.

Айтыс сөз өнерінің биік белесі десек, сөз актерлық өнердің ең басты құралы. Олай болса, айтыс өнерін актерлық орындаушылық тәсілге құрылған сахналық қойылымының нақты бір түрі деп түсінген жөн. М.Әуезов былай дейді: «Тыңдаушы жұрт –жиын айтысушы ақындардың әншілік, домбырашылық, жарыс –керісін, орындаушылық өнерлерін де бақылап, бағалайды. Жарысқа түсуші ақындар тапқырлықпен, өнерпаздықпен кезек шабуыл жасап, қақтығысулары арқылы тыңдаушыларын әр алуан дәрежеде қызықтырып, еліктіріп неше түрлі құбылыс күйлерге салып отырады».

Осы аталған ауыз әдебиетінің көптеген дайын үлгілері «ешбір қосымшасыз» өзіміздің ұлттық драматургиямыз бен сахнамызда орнымен пайдаланып, көркемдік үйлесім тапқаны белгілі. Эпостық жырлар мен дастандарды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен айтатын ақын-жазушылардың орындаушылық өнерінде театрға жақын ажырамас ерекшеліктерді көруге болады. Бұларды түрлі жиындарда, шаршы топтың алдында орындау. Қазақ арасында кеңінен тараған өнердің түрі. Және эпостық шығармалардағы дайын сюжет пен шиыршық атқан тартыс желілері драма жазуға дайын үлгі болса, сахнада тұрмыс-салттық һәм этнографиялық бояуды, халықтық орындаушылық тәсілді қолдануға мол мүмкіншілік туды. Эпостағы хикаяларды жырлау үстінде ақын-жырау, сан алуан кейпікерлер мінездерін, оның өн бойындағы тарам-тарам оқиғаларды шебер жеткізу жолында кәдімгі актер сияқты ойнап отыратыны белгілі. Кейіпкерлердің әр психологиялық толғанысын дауыс үн-ырғағымен әртүрлі қимыл-қозғалыстармен роль орындаушы актер тәріздес бейнелей білген. Қазақ театры мен актерлық өнерінің тууы мен дамуына эпостық дастандардың әсері мол. Бұл үрдіске тереңірек үңілсек, эпостық сюжет негізінде жазылған пьесаларды сахналаудың алатын орны бөлек.

Ертеректегі қазақ тірлігінде бақсылықтың алатын орны бөлек. Бақсы сарыны дегенде әдеттегідей іни ұғыммен шектеліп қоя салуға болмайды. Оның өлеңмен, музыкамен және өзіндік қимыл-қозғалыс әрекеттеріне көңіл аудару қажет. Бақсының күрделі қимыл-әрекеттер жасап, небір пластикалық қозғалысқа түсуі, қобыз тартып сарнауы, дауыс үнін құбылтып психологиялық күйге түсуі үлкен шеберлікті, белгілі бір дәрежеде дарындылықты тілейтін өнер. Бақсының бір мезгілде мың құбылып, талай психологиялық өзгерістерг етүсуінің өзі актерлық шеберлікке тән сипат деп түсінген жөн. Алғашқы ұлттық пьесадағы кейіпкерлердің ішінде бақсы жиі кездеседі. Солардың ролдерін ойнауға актерлердің дарындылары, яғни музыка мен биге, пластикалық қозғалыстарға бейім, сахнада оқыс әрекеттерге бара алатындары ғана таңдалған. М.Әуезов «Бақсылық» өнер мен актерлық өнердің ұқсастық танығандай: «Артист жыны келген бақсы есепті. Ақынша жүрек күйінен құбылып, бақсыша пішіні суып, шұғыл құбылыстарға тез ойнақтап ауысып отыруы шарт. Осы күйлерді әрбір артист өзіне хас болған ерекшелікпен шығару керек. Сонда ол ешкімге ұқсамайды да, оған ешкім ұқсай алмайтын болады. Осы шартқа үйлесуга шамасы жеткен артист болса, ол шын өнер иесі де,түр тапқан, қалыптанған артист болмақшы» - дейді.

Ел ішінде ойын-сауықты көркем қызықтырып, асқан тапқырлықпен, табиғи дарынымен дүйім жұрттың ішек-сілесін қатырып, күлкі ләззатына бөлеп, халық арасынан жарып шыққан өнер шеберлері болған. Олар өлмес өнерлерін жұрттың көп жиналатын жерлерінде, ас пен тойларда, жәрмеңкелерде, тіпті ауыл-ауылды аралап жүріп те көрсете берген. Олар әжуа-мысқыл, әзіл-оспақ сияқты сатиралық тәсілдермен ел арасында көрініс беретін келеңсіз қүбылыстарды, байлардың сараңдығы мен пасықтығын, әлдінің әлсізге зорлығын күлкінің найзасына іліп отырған.

Ақын-драматург Ә.Тәжібаев қулар өнерін сипаттай келіп: «Бұлар кезегі келгенде домбыраға қосылып, ағыта сөйлеп кететін ақын, жылата да, күлдіре де білетін әнші...» болып кететін қабілеттерімен бірге «...Күтпеген жерден күлкі шақыратын құбылыстар жасау, лезде –ақ басқа бейнелерге айнала қалу қулар деп аталушылардың басты қарулары», - деп түйіндейді өз ойын.

Қулардың күлдіргі репертуары негізінен аттары аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше, Айдарбек, Торсықбай, Қантай, Тантай, Мауқай т.б. төңірегінен өрбіп, асқан шеберлігімен, ақыл-ай лакерлігімен қоғам тірлігіндегі әлеуметтік құбылыстарды күлкі нысанасына айналдырып,жан-жануар хайуанаттардан бастап, сан қилы адамдардың естен кетпес комедиялық бейнелерін жасаған. Шабытқа мініп, қазақ даласын дүр сілкіндірген ұлт өнерінің қайталанбас майталмандары Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбековтер. Жоғарыдағы өздері өнеге тұтқан ортаның дәстүрін жалғастырушы, өнердің мұрагерлері, бүгінгі театрдың классиктері. Қайталанбас мысқыл, әжуа, сықақ бұлардың басты бейнелеу тәсілдері болып, сатиралық өткірлікке, күлдіргінің сойқан гротескісіне барған. Кейде сөйлемей-ақ пластикалық икемділік, жанды мимикалық тәсілмен бет әлпетін құбылтумен де тамаша сахналық күлдіргі суреттер салған. Мәселен, «Алдар Көсе» спектакліндегі Қ.Қуанышбаев Шораяқтың бір ғана тамақ жеу сәтіндегі әрекетін көрсете отырып, мешкейдің қайталанбас сахналық бейнесін сомдаған.



Халқымыздың мәдени-рухани өмірінде театр өнерінің алатын орны ерекше. Ол – қазақ елінің өткені мен бүгінгі болмысының көркемдік сипаты, әрі сахналық тарихы. Қазақтың театр өнері беріректе туғанымен оның сол өнерге жақын халықтық негізі мен тамыры әріден бастау алады. Бұл рухани құбылысты жоғарыда зерттеуінде М.Әуезов келісті дәлелдеп кеткен. «Шынында да ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп, өлеңмен, әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманында театр жасамай не жасады? Сола жасаған сауық елдің құр қуанып, құ көңілін көтергеннен басқа кәрі-жастың сай-сүйегін босатып, әруағын шақыртып, барынша қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан соң ұзататын қыздың тойында еркек пен әйел қақ жарылып алып, айтысатын жар-жар салт ойынын туғызған театрдың өзі емес пе? «Жар-жар» мен «Беташар» бүгінгі заманның сахнасына қою үшін ешбір қосымша керек қылмайды», - дейді.
Әдебиеттер:


  1. М.Әуезов Шығармалар.11 том. – Алматы: Жазушы, 1969, 50-б.

  2. Әуезов М. Шығармалар. 11-том – Алматы: Жазушы, 1969, 53 б.

  3. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах: Т.4. Следы шаманства у киргизов, С.48-71 – Алма –Ата, 1985- 460 стр., 52 стр.

  4. Әуезов М. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921 – 1929. 3-том – Алматы: Ғылым, 1998 ж.,47 б.

5. Қазақ театрының тарихы. 1-том – Алматы: Ғылым, 1975 ж.
Резюме

В статье авторы пытаются расскрыть сущность и важности театральных элементов, которые передавались к современному зрителю путем классических произведений. Опираясь на труды видных драматургов, авторы на конкретных примерах доказывают прямую творческую связь между казахской традицией и театрального приема. А так же, авторы затрагивают тему театральных элементов, как важную часть воспитательного процесса молодежи.
Summary

The authors tries to reveal the essence and importance of theatrical elements,which were transferred to a modern audience by classical works. Based on the works of prominent playwright, author of concrete examples proving the direct link between creativity and tradition of the Kazakh theatrical reception. And also, the author addresses the subject of theatrical elements as an important part of the educational process of young people.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет