Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме І кезең Ұйымдастыру



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі56,5 Kb.
#186015
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
43abd3e88375e7d4f5ccd6a91c9e9e8f58ec9fcbe1b70 (1)


«АУЫЗША САБАҚ-1» технологиялық карта
Пәні: физика
Тақырыбы: Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және масштабтары. Аспан сферасы.



Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

І кезең
Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін жинақтау:
«Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және масштабтары. Аспан сферасы»
Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар:
1.Механикалық толқынға анықтама бер.
2. Механикалық толқынның түрлерін ата
3. Бойлық (қума) толқын деп қандай толқынды айтады?
4. Көлденең толқын деп қандай толқынды айтады?
5. Толын ұзындығына анықтама бер
6. Дыбыс толындарын ата
7. Инфрадыбыс деген не?
8. Ультра дыбыс деген не?
9. Дыбысты сипаттайтын параметрлер
10. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
11. Тон биіктігі қандай шамаға тәуелді?
12. Шу деп нені айтады?
13. Жер сілкінісі қандай толқын?
14. Жаңғырық деген не?
15. Электромагниттік толқын деп қандай толқынды айтады?
16. Механикалық толқын мен электромагниттік толқындардың ұқсастықтары
17. Механикалық толқын мен электромагниттік толқындардың айырмашылықтары
18. электромагниттік толқынның жиілігінің кему ретімен орналастыр





А

Ә




Б

В




Г

Д

1







1







1







2







2







2







3







3







3







4







4







4








ООМ

2 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рухсат: бір сөз шегеріледі

Тірек сөздермен жұмыс
Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады
1. Шоқжұлдыз
2.48
3.88
4. Солтүстік жарты шар
5. Оңтүстік жарты шар
6. Экватор
7. Жарық жұлдыздар
8.Көрінерлік жұлдыздық шама
9.Норман Погсон
10.Гиппарх
11. сүмбіле
12. абсолют жұлдыздық шама
13.Аспан сферасы
14. бұрыштық қашықтық
15.зенит
16.надир
17.вертикаль сызық
18.нақты көкжиек жазықтығы
19.шырақ вертикалі
20. Эклиптика
21. Теңелу нүктелері

Екіншілік белгілеу.
21 сөз – 2 мин-30 сек.
соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Дәптер алмасып 30 стексереді. Оқушыларға жаубына қарай «+», «-» таңбасы қойылады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады.

3. кезең
Ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді оқып шығып, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.

1 бетке 3 минут уақыт

4. кезең
Алғашқы түсініктерді тексеру

Қиылыс сұрақтар
Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. (Шоқжұлдыз)
2. Осы күні астрономияда қолданылып жүрген атаулардың ежелгі заманнан қаншасы белгілі (48)
3.Аспанда қанша шоқжұлдыз белгіленген? (88)
4. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның қай бөлігінде орналасқан?
(Солтүстік жарты шар)
5. Шоқжұлдыздардың 48-і аспанның қай бөлігінде орналасқан?
(оңтүстік жарты шар)
6. Шоқжұлдыздардың 9-і аспанның қай бөлігінде орналасқан?
(экватор)
7. қандай жұлдыздардың ежелден аттары бар?
(Жарық жұлдыздар)
8. жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін қандай ұғым қолданылады? (Көрінерлік жұлдыздық шама)
9. Жұлдыздық шаманың осы күнгі шкаласын кім ұсынды? (Норман Погсон)
10. Көрінерлік жұлдыздық шама ұғымын енгізген кім? (Гиппарх)
11.Аспандағы ең жаарық жұлдыз (сүмбіле)
12. жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін қандай түсінік қолданылады? (абсолют жұлдыздық шама)
13.радиусы анықталмаған жорамал сфера (Аспан сферасы)
14. апспан сферасының екі нүктенің арсындағы доғамен өлшенетін қашықтық қалай аталады? (бұрыштық қашықтық)
15.Бақылаушының дәл төбесінде қандай нүкте орналасқан? (зенит)
16.зенитке қарама-қарсы орналасқан нүктесі (надир)
17.зенит пен надир нүктелерін қосатын түзу (вертикаль сызық)
18.вертикаль сызыққа перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық (нақты көкжиек жазықтығы)
19.Зениттен шырақ арқылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек (шырақ вертикалі)
20. Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы өтетін үлкен дөңгелек (Эклиптика)
21. Күн шарығының орталық нүктесі аспан сферасын қай нүктеде қиып өтеді?(Теңелу нүктелері )



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет