БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК?
Төртінші тоқсанда мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалауды 1 рет өткізеді (4-8 мамыр):
Жиынтық бағалау өткізу барысында «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына сәйкес келесідей талаптарды басшылыққа алады: 14,14.1-14.3,14.5,14.7,14.8,15-18,21-26,29-т.
«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді.
Жиынтық бағалау жұмысының нақты күнін көрсетеді.
Төртінші тоқсанда мұғалім тоқсан бойынша жиынтық бағалауды 1 рет тоқсанның соңында өткізеді (18-22 мамыр):
Достарыңызбен бөлісу: |