Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Фосфор тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі



бет56/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Фосфор тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі. Фосфор тыңайтқыштары топырақтың органикалық және минералдық бөліктерінің қосылыстарымен түрлі реакцияларға қатысатын болғандықтан олардың құрамындағы фосфор қышқылы өте баяу жылжиды (2,5 см-ге дейін). Сонымен қатар топыраққа енгізілген жеңіл еритін және қиын еритін фосфор тыңайтқыштары өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістердің бағыты мен қарқыны топырақ пен тыңайтқыш қасиеттеріне байланысты өтеді.
Сонымен қатар фосфор тыңайтқыштарының өзгеруі топырақтағы биологиялық, химиялық, физика-химиялық процестерге де тәуелді. Биологиялық процестер топырақтың фосфат құбылымына екі жақты әсер етеді. Атап айтқанда, микроорганизмдер өсімдікке сіңімді фосфор қышқылын байланыстыруымен қатар қиын еритін қосылыстардың фосфорын өсімдікке сіңімді түрге ауысуына ықпал жасайды. Алайда фосфордың биологиялық жолмен сіңірілуі уақытша болатын құбылыс. Себебі микроорганизмдердің денесі ыдыраған соң бөлінген фосфор қышқылы химиялық және физика-химиялық процестерге қатысады.
Топырақта фосфор қышқылының химиялық жолмен сіңірілуі басымырақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет