Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет2/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Агрохимияның мақсаты - өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері мен формаларының топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.
Орыстың ұлы ғалымы академик Д.Н. Прянишников: «Агрохимия ғылымының басты міндеті – егіншіліктегі заттардың айналымын зерттеу және өсімдік пен топырақта өтетін, әрі түсімін арттыратын немесе құрамын өзгертетін химиялық құбылыстардың ықпалын айқындау. Бұл араласудың басты әдісі – тыңайтқыштарды қолдану. Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдану және олардың өнімділікті арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте «жаңа континенттердің ашылуы» деген.
Агрохимия ілімі егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі болып саналады. Өйткені мұнда, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың мерзімі, мөлшері, әдістері сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Д.Н. Прянишников тыңайтқышты тиімді қолдану топырақ химиясымен, өсімдіктер физиологиясымен тығыз байланыстыру арқасында ғана мүмкін болатындығын көрсетті.
Ол қарапайым үшбұрыш түрінде әрбір бұрышта өсімдік, топырақ, тыңайтқыш деп белгілеп, араларын қарама-қарсы стрелкамен байланыстырды. Сонымен қатар осы объектілер арасындағы өзара әсерін зерттеуде климат және тағы басқа факторлардың да тигізетін әсерін ескерту қажет деген.
Агрохимияда теориялық, практикалық мәселелерді шешу үшін әр түрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:
1. Биологиялық тәсілдер. Бұған тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік, вегетациялық тәжірибелер мен лизиметриялық зерттеулер жатады. Биологиялық тәсілдермен өсімдіктің қоректенуіне жеке элементтердің рөлін, мөлшерін, қоректік заттарды сіңіру механизмі сияқты мәселелер зерттеледі.
2. Лабораториялық (зертханалық) тәсілдер. Бұлар арқылы өсімдікке, топыраққа және тыңайтқыштарға сандық және сапалық талдаулар жасалады.
3. Математикалық тәсілдер. Оларға тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеу және процестерді (үрдістерді) математикалық жолмен модельдеу жатады.
4. Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер.
Агрохимия өсімдіктер физиологиясы, топырақтану, биохимия, микробиология, егіншіліктану, өсімдік шаруашылығы, агрометеорология, химия, физика, математика, тағы басқа ауыл шаруашылық, биологиялық ғылымдарымен тығыз байланысты.
Агрохимия ғылымының алдындағы басты міндеттер:
1. Өсімдіктің қоректенуі мен оның өсу кезеңдерінде жүретін органикалық және минералдық заттардың алмасу құбылысын зерттеу. Физиологиялық-биохимиялық үрдістерді, қоректік элементтердің рөлін тереңірек талдау. Сөйтіп өсімдіктің қоректенуінің минералдық теориясын жетілдіру.
2. Егіншілікте қоректік заттардың айналымы мен балансын (теңгерімін) зерттеу.
3. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың қасиеті мен құнарлылығының өзгеруін зерттеу. Топырақтың құнарлылығын арттыру жолдарын белгілеу.
4. Өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес әрбір аймақтың топырағының ғылыми негізделген, қоректік элементтердің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі деңгейін жасау.
5. Тыңайтқыштың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету жолдарын іздестіру.
6. Өсімдік өнімінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің мөлшерін қалыптастыру.
7. Топырақ пен өсімдік құрамындағы макро- және микроэлементтердің мөлшерінің шекті деңгейін белгілеу.
1986 жылғы дейін ауыл шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар берудің және оларды қолданудың көлемі бірте-бірте ұлғайғаны байқалды, 1987 жылдан бастап республикада тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады, әсіресе 1991 жылдан бастап күрт төмендегені байқалды. Бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы кезеңде топырақтағы қарашірінді 30%-ға азайды. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі кемиді.
Топырақтағы минералдық қоректену элементтерінің жылжымалы түрлерінің мөлшері азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет