Дәріс №10. Тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілдері мен техникалары. Ауыспалы егістегі жеке дақылдарға тыңайтқыш қолдану жүйесі, Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
Дәріс №10. Тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілдері мен техникалары. Ауыспалы егістегі жеке дақылдарға тыңайтқыш қолдану жүйесі, Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
Үстеп қоректендiру мынадай жағдайларда өзiн ақтайды:
Ерте көктемде күздiк азотпен қоректендiру;
Ылғал жеткiлiктi аймақтарда, жеңiл топырақтарда азот пен фосфор тыңайтқыштарын қолдану;
Суармалы аудандарда жүгерi, қант қызылшасы, мақта, күрiш, картоп, көкөнiс дақылдарына пайдалану;
өндіріс, қалалық және тұрмыстық қалдықтардың химиялық құрамын жүйелі, әрі жан-жақты тексерусіз тыңайтқыш ретінде қарқынды қолдану.
Табиғи ортаның тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мына жағдайлар себепші болады:
Тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қоспа дайындау және оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген минералдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10 – 15 % ысырап болады.
Әсерлі заты жоғары тыңайтқыштарды пайдалануда егістікке біркелкі шашпаса өнім төмендейді.
Ғылыми жағынан негізделген тыңайтқыш қолданудың агрономиялық технологиясының бұзылуы. Сондықтан тыңайтқыштардың беру мерзімін, мөлшерін, әдісін дұрыс орындауға жете көңіл аудару өсімдіктің қоректенуін ластануын төмендетеді.
Қоршаған ортаның ластануына эрозия құбылысы да әсерін тигізеді.