Жатыр түбінің биіктігін және іш айналымын анықтау, оның маңызы Мақсаты



бет1/5
Дата26.12.2021
өлшемі154,78 Kb.
#128727
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жатыр т біні биіктігін ж не іш айналымын аны тау, оны ма ызы М


Жатыр түбінің биіктігін және іш айналымын анықтау, оның маңызы

Мақсаты: жүктіліктің мерзімін, босану мерзімін, құрсақтағы нәрестенің қалыпты дамуын, нәрестенің болжама салмағын анықтау.

Қажетті құрал-саймандар: сантиметрлік лента, фантом.

Техникасы: Әйелді тегіс кушеткаға шалқасынан тізе буынында бүгіп жатқызып, ішін ашып, іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (мысалы: 32-аптада 80-85 см, жүктіліктің соңында, мерзімі жеткен жүктілікте іш айналымы 90-100 см-ге тең). Егіз жүктілікте, ірі нәрестеде, көп сулы жүктілікте, нәрестенің көлденең орналасуына, семіздікте іш айналымы 100 см артық болады.

Іш айналымын өлшеу. Жатыр түбінің деңгейін өлшеу.


Жатыр түбі биіктігін өлшеу үшін сантиметрлік лентаның басын қасағаның жоғарғы жиегіне орнатып, алақан қырымен жатыр түбін тауып өлшеу керек, мерзімі жеткен жүктілікте жатыр түбі биіктігі 36-37 см-ге тең, босанар алдында жатыр деңгейі төмендеп 34-35 см-ге сәкес келеді.

Леопольд-Левицкий тәсілі.

Әйелді кушеткаға шалқасынан жатқызып, акушер оң жағында бетпе-бет тұрады. Әйелдің тізе буынында аяғы бүгілген.



Л еопольд-Левицкийдің бірінші тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде нәрестенің жамбасы орналасады. Ол нәрестенің басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау болып келеді.

Л еопольд-Левицкийдің екінші тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатырдың қабырғаларына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Нәрестенің арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай, оның позициясы мен түрін анықтайды.
Л еопольд-Левицкийдің үшінші тәсілі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы.
Л еопольд-Левицкийдің төртінші тәсілі – бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.
Нәрестенің жатырдағы қалпын фантомда көрсету

Қалыпты жағдайда нәрестенің денесі бүгіліп, басы көкірегіне иіліп, аяқтары – жамбас, сан және тізе буындарында бүгіліп, ішіне қарай жиырылып, қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Нәрестенің сырт пішіні, есеппен аяғымен 20-25 см-ге тең.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет