Көкшетау жоғары медициналық колледжі
Жа
ң
а ту
ғ
ан н
ә
ресте.
Орында
ғ
ан:Сымбат А
Тексерген:Кулушев Ж.К
2020
Жоспар
1)Нәресте күтімі
2)
Неонатология
3)Жетіліп туған бала
4) НӘРЕСТЕНІҢ
ГЕМОЛИТИКАЛЫҚ АУРУЫ
5) Нәрестелердің іріңді –
септикалық аурулары
6)Туылу жарақаттары
•
Нәресте- бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне
(алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені
анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген
органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің
салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34 – 35 см, кеуде
шеңбері 34 – 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс
күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйектерінде тұз аз
болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені
жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды. Бас сүйегі онша
жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 – 14 айда
қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі
көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша
жетілмегендіктен, ересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді. Нәрестенің жүйке
жүйелері нашар жетіледі. Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда,
жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады. Дені сау бала 6 – 8 айлығында тіс жарады.
Бұл кезде сәбилерде іштен туа біткен
рефлекстер
(сору, жұту, жан-жағына қарау, ұстау, т.б.)
дамиды. Олар дәмді жақсы айырғанымен, иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте төмен болады.
Бірақ қатты жарыққа не айқайға сәбилер мазасызданып, жылап жауап қайтарады. Олардың
организмі анасынан алған иммунитеттің нәтижесінде кейбір жұқпалы ауруларды
қабылдамайды.
[1]
Алғашқы балалық шақ.(Нәресте-бал бөбек) - Өмірге жаңа келген нәресте
күн санап өсіп отырады
•
Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас
үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек. Кіндігі
түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын
кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол
нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып,ваннаны ыстық сумен шайып алуы
керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен
оның аяғын ваннадағы суға салады. Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне
сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей
болғаны жөн. Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын
қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су
дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады.
Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес
үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын
10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек. Нәрестенің қолын
таза ұстап, тырнағын өсірмей алып тұрған жөн. Өйткені тырнағы өсіп кетсе бала бет-аузын
тырнап жарақаттап алады. Майға батырылған таза мақтамен баланың құлағының іші-
сыртын, мұрнын тазартып тұру керек. Сәбидің киім-кешектері мен жаялықтарын жай ғана
жуып қоймай, қайнатып, міндетті түрде екі жағын бірдей үтіктеу қажет.
•
Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды тағам — ана сүті болып
табылады. Өйткені, оның құрамында бала организміне қажетті
заттардың бәрі.бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін
қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Нәрестенің
ас қорыту ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, ол қорегін емшек
сүтінің құрамындағы ферменттер арқылы ғана қорытып, бойына дұрыс
сіңіреді.
•
Неонатология
- (
грек.
νέος – жаңа +
лат.
natus - туу) - балалардың туған сәтінен 28
тәулік уақыт жетілуіне дейінгі анатомиялық-функционалдық ерекшеліктерін зерттейтін,
диагностика тәсілінде негізделген, баланың өмірлік барлық жастық кезеңдерінің
физиологиялық жағдайында құралатын педиатрия бөлімі.
Қазіргі неонатологиялық бөлімшелерде нәрестелер 1000 г салмақпен жүктіліктің 27
аптасынан кейінгі туғандардың 90 %-ының өмір сүруге мүмкіндіктері бар. Олардың
көбінде нерв жүйесі жақсы қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |