1 – лекция. «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінің ерекшелігі Тарихи жағдай.Түрік қағанаты. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кетелік. Өйткені «өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда- өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керсінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді».
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласын алғашқы қауымдық құрлыс тұрысында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихта мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа райы, кен-байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түркі тайпалардан мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлнісі деп атады.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінду-ақ қазіргі Қазақсан журінің онтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар деген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Сол кезде-ақ қызыл,қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ(найза,семсер,айбалта,садақ жебелері,дуылға т.б.), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан (алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер,сақтардың «Алтын обасынан» (шымкент облысы) шыққан әшукей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ (Қырғызтан) жартастарына ойылып салынған орасан үлкен суреттер – сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері жоғары болғандығын аңғартады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань атыраулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы «Қызыл алқап» қаласы Ыстық көл маңында болды.
Қаңылылар – Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Сыр өзенінің орта ағысы аймағын мекендеген қаңлылардың мәдиниеті тарихи әдебиеттерде Жетісай,Қауыншы,Отырар,ал кейде Қаратау деп аталады. Атақты тарихшы С.П. Толстов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан аймағында әуелгі таптық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға «ғұндар» деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болады.
Орта Азия мен Қазақстан аймағында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады.Орталық Азиадағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы еді.Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль атқарды.Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды.Қағандықтың ордасы Озхон өзенінің жоғарғы сағасында болды.Бумынның інісі Истеми VI ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді.Түрік қағандығының аймағы бұрынғыданда ұлғайып,әскери қуаты арта түсті.
Батыс түрік қағандығы-түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған мемлекет.Территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты.Орталығы Суяб қаласы.Қағанаттың негізін қалаған Истеми қаған болды.
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған мемлекет – Түркеш қағанаты болды. Бұдан кейін қарұлық қағанаты өмірге келді.
Сырдарияның орта және төменгі ағысында және Батыс Қазақстан жерінде –Оғыз мемлекеті болды.Астанасы-Янгикент қаласы. Бұлар негізінен көшпелі тайпалар саналған,сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Түрік мұсылмандардың алғашқы мемлекеті-Қарахан мемлекеті (9040-1212) Астанасы-Баласағұн қаласы.Батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашғарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жүргізді.