«Бабыр – Наме». Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһүр еткен шығармасы «Бабыр-наме» болып табылады.
Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде – шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде «Кабул уәлаяты» деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды «Бабыр-наменің» екінші бөліміне оқып білуге болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – солтүстік Индиядағы саяаси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатың, халқын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, т.б. көркем тілмен бейнелеп көрсетуге арналған.
«Бабыр-намеде» тарихта болған көптеген көрнекті адамдардың – қол бастаған батырлардың, ғалымдардың, саулетші-шеберлердің, ақындардың, тағы басқа өнер адаидарының психологиялық портреті, әдеби бейнесі жасалған. Лауазымы, атақ-дәрежесі, ұлты, жасы, мінез-құлқы, діні т.б. әртүрлі болып келетің сол тарихи адамдардың бәрі бір-бірімен шығарманың ең басты қаһарманы Бабырдың өзі арқылы байланысып тұрады. Бұл көркем туындының өзіне тән оқиға желісі, сюжеті, композициялық құрлысы бар. «Бабыр-наме» оқуға жеңіл, оқушысын бірден баурап әкетеді.
Жиһанкез Бабыр өзі жүрген жерлердің табиғатын – таулары, өзендері мен көлдерін, орман-тоғайларын, аңдары мен құстарын нағыз суретшіге тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. Автор қара сөзбен жеткізе алмайтың кейбір ғажайып көрністерді лирикалық өлең жолдарымен суреттеп отырады.
«Бабыр-наме» зерттеу, өз тілдеріне аударма жасау, бастырып шығару істеріне Индия, Ауғаныстан, Пакистан, т.б. Шығыс елдерінің ғалымдары да едәуір үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |