Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


Захириддин Мұхаммед Бабыр



бет22/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ежелги лекция 2
ТАПСЫРМА 13
Захириддин Мұхаммед Бабыр (1483-1530) – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы. Ол 1483 жылы 14 февральда Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі Омар Шейх - әйгілі Әмір Темірге туажат болып келеді. Шешесі – шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның бәйбешесінен туылған екінші қыз – Құтылық Нигар ханым болған. Жүніс ханның тұңғыш қызы – Михр Нигар ханым, ал кенже қызы – Хуб Нигар ханым – қазақтың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы екені мәлім. Қазақ ханы сұлтан Ахмет, яғни Алаша хан осы Жүніс ханның екінші әйелі – Шаһ бегімнен туылған.
Жастайынан өнерге, білімге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб және парсы тілдерін жақсы менгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғыламдары бойынша, сондай-ақ сәулетшілік және соғыс өнері бойынша өз заманына лайықты едәуір білім алған жөн. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезінен ақ Бабыр «арапша «бабур» - «арыстан» деген сөз) деп атап кеткен.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін он екі жасар Бабыр Ферғана уәлаятының әмірі болып таққа отырады. Бұл – қылыштың күшімен Әмір Темір құрған мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші ұрпақтарының билік үшін күнде өзара қырық пышақ болып соғысып жатқан кезі еді.
Бабурдың мақсаты – Амудария мен Сырдария аралығында, яғни Мауараннахрда бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру болды. Сол арманына жету үшін ол көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға аттанды.
Бабыр 1530 жылы 26 желтоқсанда Индияның сол кездегі астанасы Агра қаласындағы өзі салған Зарафшан деп аталатын бау-бақшалы мекен-жайда қайтыс болады. Бабырдың өсиеті бойынша оның сүйегін Кабул қаласының маңындағы Шердарваза тауының етегіне жерлейді. Бұл жер қазір «Бағ-и Бабыр « деп аталады.
Бабыр ең алдымен ғасырлар бойы талай ұрпақ тамсанып оқыған тамаша лирикалық өлең – жырлардың авторы. Оны ұлы шайыр Әлішер Науаи өзінің ең дарынды шәкірттерінің бірі санаған. Бабыр 14-15 жасында –ақ Гератта тұратын Науаиға өлеңмен хат жазып, ұстазынан талай рет өлеңмен жазылған хат алған. Бірақ бұл екі ақын ғұмыр бойы бірін-бірі көрмей, кездесуді армандап өткен.
Бабырдың лирикасы негізінен сол кезде шығыс классикалық поэзиясында кең тараған жанрларда – ғазал, рубаят, туйық, маснави, т.б. түрінде жазылған өлеңдер болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет