Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері



бет16/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

Тарихи-әлуметтік жағдай. Бұл кезде манғол шапқыншылығына ұшыраған Қазақстан мен Орта Азия мәдениеті мен экономикасы мейлінше құлдырап кеткен еді. Ұлан-ғайыр өлкедегі өндіргіш күштер, талқандалып, қыруар мол материялдық және мәдени қазыналар жойылып кетті. Монғол әскері сәулетті қалаларды, білім мен мәдениет орталықтарын, жайқалған егіс алқаптарын өртеп, бейбіт елді қырып-жойып өзіне жол ашты.
Жергілікті халық бұқарасы өз жерін басқыншылардан қорғау үшін Шыңғыс-хан әскеріне қарсы ерлікпен кұресті. Әсіресе Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоныстары жауға қатты қарсылық көрсетті.
Шыңғыс-хан тірі кезінде жаулап алған елдерін ұлдарына бөліп берді. Үлкен ұлы Жошыға – Ертіс өзенінен Оралға қарай, оңтүстікте Каспий мен Сарысуға дейінгі өлкелер, Хорезмнің солтүстік аймақтары тиді. Шағатай ұлысына – Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан қарады. Ал Жетісу өлкесінің солтүстік-шығыс жағы – Үгедей ұлысы деп аталды.
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті мен әдебиеті. Атақты Араб филолгы Әмин әл-Холи Алтын Орда мемлекетінің астанасы сарай қаласы ХІІІ-ХІV ғасырларда ғылым мен мәдениеттің аса ірі орталығы болғанын хабарлайды. Ол Алтын Орданы билеуші әміршілер ішінен, әсіресе, Берке, Өзбек, Жәнібек хандарды аса білімді, түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін көп оқыған, сөзге шешен, өнер мен өлеңге құштар адамдар деп көрсетеді. Алтын Орданың астанасына есімі әлемге мәшһүр Құтұб ад-Дин ар-Рази, Садад-Дин ат-тафтазин, Жәлел ад-Дин, Хафиз ад-Дин, тілші, тарихшы, философ ғалымдар келген болатын.
Алтын Орда мемлекетінің халқы өзінің этникалық құрамы жағынан біркелкі емес еді. Егіншілікпен айналысатын аймақтарды негізінен Еділ бұлғарлары, орыстар, армияндар, гректер, хазарлар, қала қыпышақтары мекен етті. Ал мал шаруашылығымен айналысатын дала өңірінде түркі тектес тайпалар басым. Алтын Орда дәуірінің мұралары онша көп сақталмаған. Юұл кездегі әдебиет өкілдерінен бізге Сайф Сараи, Хорезми, Құтб, Дүрбек, Лутфий, Сайдахмад, Әли Атаи, Рабғузи т.б. шығармаларын білеміз. Кейбір ақын-жазушылардың лақап есімдері ғана мәлім. Діни-мистикалық шығармалардың бірі Насыраддин Рабғұзидің прозалық туындысы – «Қисса-сул Әнбия» немесе «Қисса-и Рабғұзи» деп аталады. «Қисса-сул әнбия» - сюжеттік жағынан алып қарағанда негізінен әулие-әмбилер, өздерін құдайдың жердегі өкілдері санайтын пайғанбарлар жайындағы қисса хикаяалар, аңыз-ертегілер жинағы болып келеді. XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында "Қиссас ул-әнбия" деген атпен көбірек мәлім "Қисса-и Рабғузи" деген қолжазба кітабы пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан). Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари "Тарихына" барып тіреледі. "Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет